Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
Облыс орталығы Талдықорғаннан шалғайлау жатқан таулы өлкеде, теңіз деңгейінен 2 мың метрден жоғары жатқан Райымбек ауданында өндірілген азық-түліктің, ет пен сүттің, қымыздың дәмділігін айтпағанда, сапасы да өте жоғары. Көк құрағы келісіп, сан түрлі гүлдері көз жауын алған өңірде дайындалатын балды айтсаңызшы!..
Әлем • 20 Тамыз, 2019
Индонезия астанасын ауыстырады
Көптен бері ел аузында жүрген бұл бастаманың да жүзеге асатын уақыты таяп қалды. Жақында Индонезия президенті Джоко Видодо парламенттен астананы Жакарта қаласынан көшіруге ресми түрде рұқсат беруін сұрады.
Қазақстан • 20 Тамыз, 2019
Қар құрсауында қалған альпинистер іздестірілуде
Тянь-Шань тауларының 6600 метрлік биігінде, қалың жауған қар құрсауында қалып қойған қазақстандық альпинистерді құтқару жұмыстарын бастауға ауа райы кедергі келтіріп тұр. Еліміздің ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметтің айтуынша, құтқару операциясы ауа райы түзелген соң ғана жүргізілмек.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
Мұғалімнің басты міндеті – өзінің кәсіби біліктілігін арттыру. Ахмет Байтұрсынұлының «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деген сөздеріне сәйкес бұл жұмыс тұрақты түрде жүзеге асырылуы керек. К.Д.Ушинскийдің «Мұғалім үйрену барысында өмір сүреді. Ол үйренуін тоқтатқанда, оның мұғалімдігі жойылады» деп айтқаны тағы бар. Демек, мұғалім қауымы өмір бойы үйреніп, өз біліктілігін көтеріп отыруы керек. Бұл – аксиома.
Әлем • 20 Тамыз, 2019
«Жаңылмайтын жақ жоқ» десек те...
АҚШ-тың 47-ші вице-президенті Джо Байден Демократиялық партиядан Д.Трампқа қарсы 2020 жылғы президенттік сайлауға түседі деген болжамдар жиі айтылуда.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
Өсімдік әлемінің қасиетін тани алдық па?
Бүгінде қазақ жерінің астының да, үстінің де табиғи байлығын игілікке жарату мен пайдаланудың небір жұмыстары қайнап жүріп жатқан кезеңде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің құрылуын өте дер кезінде қолға алынған үдеріс деп санаймыз.
Қоғам • 20 Тамыз, 2019
Құмар ойындар құрдымға жібереді
Еліміздің өзге қалаларын қайдам, әйтеуір, бас қаланың кейбір сауда орындарынан, тіпті азық-түлік дүкендерінен «сары жәшікке» құдды балға үймелеген арадай төніп тұрған адамдарды, әсіресе, жастарды жиі көреміз.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
Байбектен Брайтон-Бичке дейін немесе «Дарияның» жағалауы
Алматы – қашанда әр қазақстандықтың жүрегінен жылы орын алары хақ. Іргелі шаһар тарихында Алматыны төрт жыл басқарған Бауыржан Байбектің де, оның алдында да болған әкімдердің де өздеріне тән қолтаңбалары қалды. Дегенмен, Байбек мырзамен алматылықтар қимай қоштасты...
Әлем • 20 Тамыз, 2019
Солтүстік Корея тағы да зымыран ұшырды
Солтүстік Корея мен АҚШ арасындағы толық денуклеаризация бойынша келіссөздерді жалғастыру мерзімі тағы ұзаққа созылып, тараптардың қайта бас қосуы күрделеніп кететін сияқты. Жағдайдың былайша ушығуына өткен аптаның сенбі күні Солтүстік Кореяың Канвондо қаласы маңынан тағы белгісіз екі зымыранның атылуы ықпал етіп, әскери сарапшыларды алаңдатып қойды.
Экономика • 20 Тамыз, 2019
Қалдық өңдейтін кәсіпорын неге құлдырады?
Жаһандық экология мәселесінің уақыт өткен сайын өзектілігі артып барады. Бүгінде Жер шарындағы табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудан бұрын, қоршаған ортаны қалпында сақтау міндеті маңызды болып тұр. БҰҰ-ның болжамынша, 2025 жылға қарай әлемдегі қатты қалдықтардың көлемі 5 есеге өсіп, оның басым бөлігін автокөліктердің ескі дөңгелектері құрауы ықтимал. Ресми дерекке сенсек, тозған дөңгелектердің дүние жүзіндегі қоры 25 млн тоннаға жуықтайды. Жыл сайын кемінде 7 млн тонна көлік дөңгелегі істен шығады. Батыс елдері жылжымалы автотехниканың резеңке бөлшектерін қайта өңдеу мәселесін жолға қойғалы қашан?! Ал Қазақстанда қауіпті қалдықтарды өңдеу бағытында нендей жұмыстар атқарылды?
Президент • 19 Тамыз, 2019
Мемлекет басшысы Алик Шпекбаевты қабылдады
Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 19 Тамыз, 2019
Мәжіліс депутаттары мемлекеттік әлеуметтік саланы қолдауды назарға алды
Бүгін Мәжіліс депутаты Зағипа Бәлиева Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Ерте балаларды оңалту орталығына барып, ондағы еңбек ұжымымен кездесті. Бұл туралы Мәжілістің Баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2019
Арыс: Қалалық аурухана өз жұмысын қайта жалғастырды
Арыс қалалық орталық ауруханасында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Апаттан кейін толық жөндеуден өткен ауруханада заманауи «Триаж жүйесі» іске қосылып, медициналық ақпараттық жүйемен қамтылды. Арнайы қызыл, сары, жасыл түсті бағыттарға арналған принтерлермен жабдықталып, электрондық қолтаңбалар орнатылды.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2019
Алматы жолдарында қауіпсіздік шаралары қарастырылды
Бүгін Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов пен ЖПҚ бастығы Төрехан Исиннің қатысуымен Алматы қаласының жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өлімді азайтудың қосымша шаралары туралы брифинг өтті.
Саясат • 19 Тамыз, 2019
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновты қабылдады
Бұл туралы elbasy.kz хабарлады.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2019
Руханият ордасы кітап оқу мен өнерге баулиды
Алматы қаласындағы руханият ордасы Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Сапарғали Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы ХІХ ғасырдың соңында салынған тарихи-архитектуралық ескерткіштер санатында.
Саясат • 19 Тамыз, 2019
Елбасы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
Кездесу барысында биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері талқыланды. Бұл туралы elbasy.kz хабарлады.
Спорт • 19 Тамыз, 2019
«Испания Вуэльтасына» кімдер қатысатыны белгілі болды
24 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында велошабандоздар арасындағы биылғы маусымның ең соңғы Гранд-туры – «Испания Вуэльтасы» өтеді.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2019
«Адамның хикмет кеудесі» халықаралық өнер фестивалі өтті
Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай Абай оқулары еліміздің барлық өңірлерінде жалғасын табуда. Жақында Алматыдағы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі №4 кітапхана бөлімшесі және Әлем Халықтары Жазушылар одағының бірлесуімен қазақ руханиятының көрнекті өкілі, ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевқа арналған «Адамның хикмет кеудесі» Халықаралық Өнер фестивалі өтті.
Теннис • 19 Тамыз, 2019
Бүгін теннистен АҚШ-тың ашық біріншілігі басталады
Бүгін «Үлкен дулыға» санатына жататын теннисшілер арасындағы ең ірі турнирлердің бірі – АҚШ-тың ашық біріншілігінің іріктеу сындары басталады.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2019
Алматыда білім жүйесі қызметкерлерінің форумы өтті
Бүгін Алматыда Білім жүйесі қызметкерлерінің форумы өтіп, онда қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мұғалімнің мәртебесін көтеру және оларға қолдау көрсету шаралары туралы айтты.
Қазақстан • 19 Тамыз, 2019
«Қазпошта» сайтында және әлеуметтік желілерде чат-ботты іске қосты
Пошта операторының алғашқы Qpost чат-боты post.kz сайтына және Facebook-тағы ресми парақшасында пайда болды, ал 28 тамызда ол Telegram-да қосылады. Бұл туралы «Казпочта» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 19 Тамыз, 2019
«Барыстың» қатары америкалық хоккейшімен толықты
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Нұр-Сұлтанның «Барыс» клубының қатары америкалық ойыншымен толықты.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2019
Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Атырау облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Қоғам • 19 Тамыз, 2019
Ақмола облысындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комиеті Ақмола облысы Аршалы ауданының Михайлов ауылдық округінің Ольгинка ауылында күйдіргі ауруының тіркелуіне байланысты эпидемиологиялық жағдай туралы және қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2019
Туған өлкенің тау-тасында ат құлағында ойнап өскен Еркебұлан үшін шығармашылық ойдың еркіндігі аса маңызды. Алматы облысының Тасашы баурайында балалық шағын өткерген ол шеберліктің әкесінен дарығанын айтады. «Әкем Советбектің ісмерлігіне ауыл тәнті болатын. Тұрмыстық бұйымдарды жасатуға келгендердің меселін қайтармай, әңгімесін ширата отырып, кәдеге асатын дүниелерді жарқырата жасағанына қызығып, шағын шеберхананы айналсоқтап жүруші едім»,- дейді Еркебұлан.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2019
Ерлан Қожағапанов Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің келісімімен Ерлан Қожағапанов қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Қазақпарат тілшісі хабарлады.
Президент • 19 Тамыз, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі өзен-көлдерді тазарту жұмыстарына оң баға берді
Бұл туралы ҚР Президенті өзінің twitter-дегі парақшасында жазды.
Спорт • 19 Тамыз, 2019
Отандық атлеттер Өзбекстан кубогынан үш алтын жеңіп алды
18 тамыз күні Ташкентте жеңіл атлетикадан Өзбекстанның ашық кубогы аяқталды. Бұл сынға 20 қазақстандық атлет қатысқан болатын. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2019
Алматы әкімі мұғалімнің мәртебесін көтеру және оларға қолдау көрсету шаралары туралы айтты
Бүгін, 19 тамызда Алматыда білім жүйесі қызметкерлерінің форумы өтіп жатыр.