Соңғы жаңалықтар
Үкімет • 20 Тамыз, 2019
Асқар Мамин АХҚО қызметін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды
Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Астана» халықаралық қаржы орталығы қызметінің қазіргі нәтижелері мен перспективалары туралы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ. Келімбетов, ҚР бірінші қаржы вице-министрі Б. Шолпанқұлов баяндады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Тағайындау • 20 Тамыз, 2019
Бердібек Сапарбаев Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына тағайындалды
Бердібек Сапарбаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Тағайындау • 20 Тамыз, 2019
Мәжіліс Премьер-Министр орынбасарының кандидатурасымен келісті
Бүгін Мәжілісте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтті. Онда депутаттар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің Орынбасары лауазымына тағайындау үшін Бердібек Сапарбаевтың кандидатурасына келісім берді.
Тағайындау • 20 Тамыз, 2019
Гүлшара Әбдіқалықова қызметінен босатылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
«Nur Оtan» партиясы «Еңбек» бағдарламасымен өңірді аралауды бастады
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Елбасының бастамасымен 2015 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан «Еңбек» бағдарламасы бойынша халық арасында ақпараттандыру жұмыстарын бастады. Мақсат - халықты тығыз қоныстанған оңтүстіктен солтүстікке көшіру жұмыстарын кеңінен насихаттау.
Әлем • 20 Тамыз, 2019
Испанияның Гран-Канария аралында орман өртеніп жатыр
Гран-Канария аралындағы орман өрті бақылаудан шығып, 9 000 адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл туралы euronews.com хабарлады.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
Солтүстік Қазақстанда «Qymyzfest» фестивалі өтті
Айтулы шарада 1000 литрден астам қымыз саудаға шығарылып, ұлттық дәстүр мерекесіне келген қонақтарға 200 келі қазақша ет әзірленді.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
Моңғолиядан Павлодарға 13 отбасы көшіп келді
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төрағасы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шет елде жүрген қандастар тағдырынан бір сәтте қол үзбей, тікелей араласуының негізінде бауырларымыздың туған жеріне қоныс аудару легі жалғасуда. Осыған байланысты Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және «Отандастар қоры» КЕАҚ-ның қанатқақты жобасы аясында Моңғолияның Қобда, Баян-Өлгей аймақтарынан Қазақстандағы туыстарына қосылып, ұрпақтарын атамекенге жеткізу мақсатында Павлодар облысына көп балалы 13 отбасының 80 адамы көшірілді. Көшіп келген әр отбасы тұрмысқа қажетті қолданыстағы дүние мүлік, 800 кг жеке үй жүгімен атамекенге біржолата қоныстануға келді. Бұл туралы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
«Ботай» музей-қорығының құрылғанына бір жыл толды
«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының құрылғанына бір жыл толуына орай «Ботай – солтүстік даланың қазынасы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
Алматы қазынасын ұлғайту жөніндегі қосымша шаралар талқыланды
Кеше Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев пен Алматы қаласы ӨКП төрағасы Нариман Әбілшайықовтың қатысуымен шағын және орта бизнесті қолдау және олардың қала экономикасына қатысу үлесін кеңейту жөніндегі қосымша шаралар туралы брифинг өтті.
Михаил Кукушкин әлемдік рейтингте жоғарылады
Мексиканың Лос Кабос қаласында өткен ATP санатындағы жарыста ширек финалға дейін жеткен қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин әлемдік рейтингте жоғарылады.
Спорт • 20 Тамыз, 2019
Халықаралық жарыстан 10 медаль олжалады
Ташкентте жеңіл атлетикадан Өзбекстанның ашық кубогы аяқталды. Халықаралық турнирге қазақстандық 20 атлет қатысып, жарыс қорытындысы бойынша 3 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
Спорт • 20 Тамыз, 2019
Қазақстандық «Астана» командасының велошабандозы Алексей Луценко төрт күнге созылған «Норвегияның арктикалық жарысында» жеңіске жетті.
Қазақстан • 20 Тамыз, 2019
Қазақстан • 20 Тамыз, 2019
121 тонна қоқыс, 100 шақырымға жуық ау жиналды
Еліміздегі 80-ге жуық су айдыны мен жағалаудан 121 тонна қоқыс және жалпы көлемі 95,3 шақырымды құрайтын синтетикалық тор жиналды. Бұл – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен қолға алынған «Аулардан таза су айдыны» акциясының бір күндегі нәтижесі. Ауқымды экологиялық шараға 5 мыңнан аса қазақстандық тартылды.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
Интернетпен қамту барысымен танысты
Бүгінде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында шалғайдағы ауылды елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жобасы іске асырылуда. Телекоммуникация операторлары мемлекет-жекеменшік әріптестігі туралы шартқа былтыр қазан айында қол қойған еді. Шартқа қатысушылар 1250 ауылды елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желілерін салуға міндеттелді. Бұл 3718 әлеуметтік нысанды, бюджеттік ұйымдар мен мемлекеттік органдарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
Әлеуметтік нысандар құрылысын аяқтады
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Арыс қаласындағы 68 әлеуметтік инфрақұрылым нысанын қалпына келтіруді аяқтады. Оның ішінде 64 нысан жөнделіп, 4-еуі бұзылып, қайта тұрғызылды.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
Саланы қолдау жайы назарға алынды
Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Балаларды ерте оңалту орталығына барып, ондағы еңбек ұжымымен кездесті.
Қазақстан • 20 Тамыз, 2019
Университеттердің бірлескен конференциясы
Нұр-Сұлтанда 16-20 тамыз аралығында Гарвард университеті мен Назарбаев Университет бірлесіп ұйымдастыруымен Азия және Тынық мұхиты елдерінің дәстүрлі HPAIR Азия конференциясын ұйымдастырды. Өзінің 28 жылдық тарихында HPAIR Азия конференциясы Орталық Азияда және ТМД кеңістігінде алғаш рет өткізілуде.
Экономика • 20 Тамыз, 2019
Еңбек нарығында жастардың үлесі азаяды
Еңбек ресурстарын дамыту орталығы сарапшыларының болжамы бойынша 2021 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде еңбек нарығына біліктілігі бар 22 жастағы жұмыс күшінің келуі Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бері 1997-2002 жылдары бала туу санының аз болуына байланысты ең төменгі деңгейде болмақ.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
Көрме кеңістігінде көрермен назарына қазақ халқының кесте бұйымдарының және дәстүрлі әшекейлі белдіктердің үздік үлгілері ұсынылған. Мұндағы халық шығармашылығынан сыр шертетін туындылардың әрқайсысы өзіндік дара мәнге ие. Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде мұражайдың алтын қорында сақталған бірегей қолөнер туындыларын қамтыған «Ұлы дала өрнектері» атты көрме ашылды.
Спорт • 20 Тамыз, 2019
Сато Иуяа – қазақ күресінің үздігі
Қазіргі таңда қазақ күресінің қадамы жақсы. Халықаралық аренада танылып жатыр. Соның бірі өткен сенбі, жексенбі күндері Моңғолия астанасы Ұлан-батыр қаласында қазақ күресінен Азия чемпионаты өтті.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
«Жол азабын жүрген біледі», «Жол азабы – көр азабы» деген де нақыл бар. «Жол мұраты – жету» десек, діттеген жерге жетуге ойқы-шойқы, аты бар да заты жоқ автожолдар кедергі келтіріп жүргені ешкімге де жасырын емес. Әсіресе бүгінде Ақтөбе өңірінде аудандық және облыстық деңгейдегі жергілікті маңызы бар ішкі жолдардың жай-күйі мен сапасы еш сын көтермейді. Оның бірқатар мысалын газетіміздің 2019 жылғы 12 шілде күнгі нөмірінде «Жарамсыз жолдардың жыры» деген тақырыппен жарияланған мақаламызда жаздық.
Қоғам • 20 Тамыз, 2019
Масыл болғаннан мамандық меңгергенім жақсы – дейді көп балалы ана Зағипа Абдуллаева
Белгілі бір кәсіпті игеріп, еңбегіңнің зейнетін көрсең, татқан дәміңнің де тәтті бола түсетіні бар. Бұл үшін әрине, уақытша жұмыссыз жүрген адамдарды бағыттап, оң жол сілтеудің маңызы зор.
Қоғам • 20 Тамыз, 2019
Күні кеше ғана ғарыш ілімі тарихи маңызы зор әрі айтулы екі күнді атап өтті. Оның біріншісі – адамзат өкілінің Айға қонып (1969 жыл, 20 шілде), жерге аман оралуына елу жыл толу оқиғасы. Бұл оқиғаны ғарыш игеру саласындағы КСРО мен АҚШ арасында туған «қуып жетеміз, басып озамыз» саяси науқанының ең шырқау шегіне жеткен кезеңі десе болады.
Қазақстан • 20 Тамыз, 2019
Елімізде 2015 жылдан бері 11 мың адам жол бойында көз жұмған
Бас прокуратурада заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі өтті. Кеңес барысында екі мәселе талқыланды: кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық және жол қауіпсіздігі. Қос мәселе де қоғамда маңызды.
Қазақстан • 20 Тамыз, 2019
Жол мамандарын даярлайтын оқу орны керек
Кез келген ел үшін жол экономиканың күретамыры саналады. Автокөлік жолы оқтаудай түзу, тақтайдай тегіс мемлекетте жүк тасымалы мен адамдардың барыс-келісі жақсарып, туризмі де, экономиканың көптеген салалары да дами түспек. Тәжірибелі маман, «Қазақстан жол-ғылыми зерттеу институтының» ғылыми кеңесшісі, еліміздегі тұңғыш жол профессоры Бақытжан МҰРТАЗИН бізбен сұхбат барысында бүгінгі жол саласына қатысты түйткілді мәселелердің түйініне тоқталып, назарға алатын жайттарды жіпке тізуге тырысты.
Қоғам • 20 Тамыз, 2019
«Адамды өмірге құлшындыратын да, алдағы үмітіңді шындыққа айналдыратын құдіретті нәрсе – еңбек», дейді байырғы ұстаз, бұл күндері зейнеттегі Қарлығаш Бекмұханбетова.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
Ұлы даланың тілде өрілген тарихы
Бүгінгі күні ұлттың, нақтылап айтқанда, қазақ халқының өзін өзі іздеуі, өзіндігін табуы айрықша өзектілікке ие болып отыр. Ғылымда ұлттың өзіндігін айқындауды «ұлттық бірегейлік» деп атау орныққан. Бір қарағанда бұл жеңіл, ешқандай күрделілігі жоқ мәселе болып көрінуі мүмкін. Ал шынтуайтына келгенде, қазақты қазақ етіп тұтастырып тұрған не, қазақ ұлтының тек өзіне ғана тән, өзгелерден ерекшелеп тұрған басты айырымы неде, қазақ десе ойымызға не оралады, көз алдымызға қандай түсінік-елес үйіріледі, қазақты ұлт ретінде ұйыстырып тұрған басты қандай құрал, қазақты алға құлшындыратын, рухына қуат, көңіліне шабыт беретін қандай қасиет деген сауалдар тізбегі көлденең шыққанда, абдырап, кәдімгідей ойланып қалатынымыз белгілі. Сөз жоқ, бұл сұрақтарға көңілге қонымды, уәжі толымды, қисынға нанымды жауап іздеу және табу, бұлтартпас фактілерге сүйеніп тұжырымдау өзекті де қажетті мәселелердің қатарында.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
Дәлме-дәл егіншілік тәжірибесі Қызылжар өңірінде кең қанат жая бастады
Озық елдердің тәжірибесіне сүйене отырып дәлме-дәл егіншіліктің артықшылықтарын кеңінен пайдалану Қазақстан үшін де өте маңызды. Бүгінгідей цифрлы технологиялар дәуірінде бұл саланы жандандыру, тың индустрия ретінде қалыптастыру, сөйтіп агроөнеркәсіп кешенін экономиканың басты локомотивіне, жаңа драйверіне айналдыру мүмкіндіктерін тудыру есебінен әлемдік экспортқа бағытталған, бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнімдерін өндіру секілді міндеттер тұр. Оның бірден-бір жолы ауылшаруашылық жерлерін талапқа сай игеру болмақ.