Соңғы жаңалықтар
Экология • 02 Маусым, 2019
Алматыдағы алып тиін пластикпен қапталады
Бұл бастаманы жүзеге асыруға 10 млн теңге қажет. Дизайнерлер мен табиғат жанашырлары осындай бастама көтерді.
Аймақтар • 02 Маусым, 2019
Семейде Құрлық әскерлерінің дайындығы тексерілді
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Марат Хұсайынов Семейге арнайы келіп, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінің жазғы оқу кезеңіне дайындығын тексерді. Генерал-майор гарнизондардағы әскери бөлімдерде ұзақ мерзімде сақтауда тұрған әскери маңызды техникалардың және қару-жарақтардың сақталу жағдайларын көрді. Олардың жазғы уақытта қолданылу ретін назарға алды.
Аймақтар • 02 Маусым, 2019
Семейде Балаларды қорғау күні ерекше аталып өтті
Маусымның 1-і Халықаралық Балаларды қорғау күні Семейде ерекше түрде өзіндік сән-салтанатымен аталып өтілді.
Аймақтар • 02 Маусым, 2019
Қарағандыда балалар мен жасөспірімдер сарайы салынады
Кеншілер астанасында балалар мен жасөспірімдерге арналған ғимараттың құрылысы басталды. Осы оқиғаға орай, балалар мерекесі күні жаңа нысанның іргетасы жанына «Уақыт капсуласын» салу рәсімі өтті. Ішінде бүгінгі жастардың келешек ұрпаққа арнаған жолдауы бар бұл темір құтының қақпағы тек 2050 жылы ғана ашылмақ.
Аймақтар • 02 Маусым, 2019
Маңғыстауда ралли-рейдтер бойынша әлем кубогы өз мәресіне жетті
Кеше Ақтау қаласында теңіз жағалауында FIA Халықаралық Автомобиль Федерациясының «Ралли Қазақстан 2019» ралли-рейдтер бойынша Әлем Кубогы кезеңінің салтанатты мәресі өтті. Шиеленіске толы алты жарыс күнінің қорытындысы бойынша катарлық автошабандоз Нассер Әл-Аттия штурманы Матье Бомельмен бірге жеңіс тойын тойлады, екінші орынды ерлі-зайыпты Стефан мен Андреа Петерансельдердің экипажы иеленсе, үздік үштікті Якуб Пшигонски мен Тимо Готтшальк түйіндеді.
Аймақтар • 02 Маусым, 2019
Шарбақты ауданында тұрғындар саны азаюда
Облыс әкімі Болат Бақауов аудан тұрғындарымен кездесуі барысында ауданда алға баспай тұрған кейбір салалардың жұмысын сынға алды.
Видео • 01 Маусым, 2019
Елордалық балалардың арман-тілегі (видео)
Бүгін елімізде 1-ші маусым Балаларды қорғау күніне арналған түрлі іс-шаралар өтті. Айтулы күннің қарсаңында біз де балғын балдырғандардың арман-тілектерін сұрап білдік. Олардың арасында құрылысшы мен дәрігер, тіпті ғарышкер де бар екен.
Экономика • 01 Маусым, 2019
Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы астаналық салық төлеушілердің сұрақтарына жауап берді
Нұр-Сұлтан қаласында өткен конференцияда Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы М.Е. Сұлтанғазиев салық төлеушілердің сұрақтарына жауап берді. 2019 жылдың 31 мамырында өткізілген шараға 500-ден аса салық төлеуші қатысты.
Саясат • 01 Маусым, 2019
Қ. Тоқаев Гитанас Науседаны Литваның Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаға Литва Республикасының Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.
Театр • 01 Маусым, 2019
Өзбектің Ұлттық академиялық драма театры «Абайды» сахналады
Биылғы жыл – бабалар аманаттап кеткен қазақ және өзбек бірлігін бүгінгі ұрпақтың сақтап, тереңдете түсуіне және екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы мәдени жылы ресми түрде ашылып, бекітілгені белгілі. Осыған орай көрші өзбек елінде қазақ халқының мәдениеті мен өнерін насихаттау барысында бірқатар игі жұмыстар қолға алынған болатын. Белгіленген игі шаралардың шеруі театрдан бастау алды.
Аймақтар • 01 Маусым, 2019
Батыс әскерилері балаларға әсерлі мейрам ұйымдастырды
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілері балаларға арнап керемет мереке ұйымдастырды.
Президент • 01 Маусым, 2019
Мемлекет басшысы «Жұлдызай» фестивалінің гала-концертіне барды
Мемлекет басшысы ерекше мұқтаж балалардың шығармашылығына арналған XIV «Жұлдызай» халықаралық фестивалінің гала-концертін тамашалады.
Президент • 01 Маусым, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды балалармен кездесті
Мемлекет басшысы Халықаралық балаларды қорғау күні еліміздің барлық өңірінен келген халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарымен, оқу үздіктерімен, көпбалалы отбасылардың балаларымен, балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті.
Үкімет • 01 Маусым, 2019
Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды
31 мамырда Премьер-Министр Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барып, онда Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған міндеттердің жүзеге асырылуымен және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы сәуір айында жұмыс сапары барысында өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша берген тапсырмаларының орындалуымен танысты.
Аймақтар • 01 Маусым, 2019
«Ралли Қазақстан 2019»: Стефан Петерансель екінші орында келеді
FIA Халықаралық Автомобиль Федерациясының «Ралли Қазақстан 2019» ралли-рейдтер бойынша Әлем Кубогы кезеңі өзінің шарықтау шегіне жетті және аяқталуға жақын. Бесінші жарыс күні жарыстың кестесіне елеулі өзгерістер енгізді. Катарлық Нассер Әл-Аттия көш басында, ал аты аңызға айналған француз Стефан Петерансель шешуші раундтың алдында одан 6 минутқа қалып келеді.
Қоғам • 01 Маусым, 2019
Рамазан керуені Алматыдан басталады
Бүгін Алматы қаласы Орталық мешітінде қолы ашық азаматтардың демеушілігімен «Рамазан керуені» акциясы асында әлеуметтік аз қамтылған 600 отбасыға қайырымдылық жасалмақ.
Аймақтар • 01 Маусым, 2019
Түркістан: Мамыр айында екі үшем өмірге келді
Облыс орталығы Түркістанда мамыр айында екі үшемнің өмірге келуі алғаш рет тіркеліп отыр.
Аймақтар • 01 Маусым, 2019
Ақтауда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы өтті
Ақтау қаласындағы Жалау Мыңбаев ескерткішінің жанында саяси қуғын-сүргін құрбандары еске алуға арналған жиын өтті.
Сайлау • 01 Маусым, 2019
Маңғыстау облысында сайлаудың әділ өтуін 223 тәуелсіз бақылаушы бақылайды
Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің жүрмелі брифингінде сайлау кезінде қоғамдық мониторинг жүргізетін «Аманат» азаматтық платформасының Маңғыстау облыстық штабының мүшелері мәлімдеді.
Аймақтар • 01 Маусым, 2019
Шымкенттегі киелі орындардың аумағында көріктендіру жұмыстары жүргізілді
«Қазақстанның киелі жерлері» арнайы жобасы бойынша Шымкенттегі 7 нысан республикалық маңызы бар, ал, 8 нысан жергілікті маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілді.
Әдебиет • 01 Маусым, 2019
Бала – болашағымыз. Ұлт – ұрпағымен өміршең. Осы ретте бүгінгі балалар мерекесіне орай назарларыңызға ақын Асылан Тілегеннің жас бүлдіршіндерге арналған бір топ өлеңін ұсынып отырмыз. Оқиық, балаларымызға оқып берейік.
Аймақтар • 01 Маусым, 2019
Атырауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңа жобалар қолға алынды
Атырауда мемлекеттік – жекеменшік әріптестік аясында жалпы сомасы 21,4 млрд теңгенің бес жобасы іске асып жатыр. Жақында облыстық мәслихаттың сессиясында тағы үш жоба мақұлданды: Құлсарының көшелерін жарықтандыру; Атырау қаласында бейне-фото тіркеу камераларын орнату; облыс орталығын кешенді көгалдандыру.
Аймақтар • 01 Маусым, 2019
Петропавлда «Олимпиада үміті» акциясы бастау алды
«Олимпиада үміті» акциясының алғашқы шарасы халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылды.
Аймақтар • 01 Маусым, 2019
Солтүстік Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым етілді
Қызылжар өңірінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шаралары кең көлемде атап өтілді.
Аймақтар • 01 Маусым, 2019
Қарағандыда зұлмат жылдардың құрбандарын еске алды
Қарағанды қаласының іргесіндегі Спасск мемориалдық кешенінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған митинг өтті. Шараға Қарағанды облысының әкімі, Украина, Чехия, Корея және Румынияның Төтенше және Өкілетті елшілері, сондай-ақ Қырғызстан, Франция, Иран және Жапония елшіліктерінің өкілдері қатысты.
Медицина • 01 Маусым, 2019
Онкологиялық және гематологиялық көмекті жетілдіру жөніндегі кеңес өтті
Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы педиатрияның көптеген салаларына жетекшілік етіп, үйлестіру қызметін атқарады. Бүгін Педиатрия орталығында «Қазақстан Республикасында 2019-2021 жылдарға арналған балаларға онкологиялық және гематологиялық көмекті жетілдіру жөніндегі Жол картасын» іске асыру аясында өңірлік балалар онкологтар және гематолог мамандардың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Тарих • 01 Маусым, 2019
Алматыда «Халықтарды Қазақстанға депортациялау тарихынан» көрмесі басталды
Алматыдағы ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде «Халықтарды Қазақстанға депортациялау тарихынан» көрмесі ашылды.
Аймақтар • 01 Маусым, 2019
Прецеденттік құқық элементтерін имплементациялау мүмкіндіктері талқыланды
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Сорбонна-Қазақстан институты «Cases law» орталығында «Қазақстан Республикасының заңнамасына прецеденттік құқық элементтерін имплементациялау мүмкіндіктері туралы. «Астана» ХҚО-ның тәжірибесі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Президент • 31 Мамыр, 2019
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Тускпен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Еуропа одағы арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті.
Медициналық сақтандыру қорының қызметі цифрландырылып жатыр
Вице-премьер Гүлшара Әбдіхалықова «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басшылығымен міндетті сақтандыру жүйесін енгізуге дайындық мәселелерін талқылады.