Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2018
Жерлестеріне қуаныш сыйлаған азамат
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды» деген мағынасы терең сөздер кез келген қазақстандықтың атамекенге деген шынайы сезіміне қозғау салып, ерекше ынтызарлығын оятары анық.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2018
Суықтөбе тауының баурайындағы небары 120-ға тарта түтіні бар шағын ауыл Қастектен 15-тен астам ғылым докторы, 50-ден астам ғылым кандидатының, сондай-ақ сандаған мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, таңдай қақтырған өнер, спорт саңлақтарының шығуы Гиннесстің рекордтар кітабына сұранып тұрғандай.
Әлем • 09 Қаңтар, 2018
Ықпалды елдер бәсекелестігі арта түседі
Дүние жүзінде 2018 жылы жаһандық маңызы бар бірқатар өзгерістер орын алуы ықтимал.
Әлем • 09 Қаңтар, 2018
Қандастарымыз БҰҰ-да қызмет етеді
Беделді халықаралық ұйымдарда қызмет ету арқылы еліміздің атын шығарып жүрген қазақстандықтар аз емес. Солардың бірі – Ғалымжан Кирбасов. Ол БҰҰ-да жұмыс істейтін санаулы қазақтың бірі.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2018
Ажы ауылына қатысты ащы шындық
Көрер көз, тыңдар құлақ болғанда, бәлкім осы мақаланы жазуға отырмас та едім. Бұл соншама неменеге таусылып отыр дейсіздер ғой. Олай болса мәселенің мәнісін тарқатып жазайын. Тақырып – сол баяғы жол қатынасы.
Қазақстан • 09 Қаңтар, 2018
Шекара қызметі академиясында иісшіл иттерді үйретеді
Іле Алатауы баурайында орын тепкен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі академиясы еліміздегі бірден-бір шекарашы офицерлерді дайындайтын әскери оқу орны.
Қазақстан • 09 Қаңтар, 2018
Әкімшілік заңнаманы ізгілендіру ісі
Қазіргі таңда қоғамның құқықтық ұстанымдары қолданыстағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру қажеттігін айқындайды. 2015 жылы Елбасы Н.Назарбаев Үкіметке әкімшілік-деликтік заңнаманың тиімділігін арттыру туралы мәселені қарауды жүктеген еді.
Қазақстан • 09 Қаңтар, 2018
Зейнетақы қорындағы қаржы қандай күйде?
Арагідік табан ақы, маңдай теріңізбен тапқан табысыңыздан ұсталатын міндетті төлемдердің жағдайы туралы ақпарат алып тұру артықтық етпейді. Әсіресе еңбекақыңыздың он пайызын үзбей құйып отырған жинақтаушы зейнетақы жүйесі жайлы кез келген ақпаратқа құлақ түріп жүріңіз.
Қазақстан • 09 Қаңтар, 2018
Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін халқымыз ертеден білген. Білген соң бабаларымыз қарыс жер үшін сыртқы жаумен алысып өтті, қазақ даласында империяға қарсы қаншама баскөтерулер болды. Даналарымыздан «Егемен болмай, ел болмас» деген қағида қалды.
Әдебиет • 09 Қаңтар, 2018
Шәкәрім Құдайбердіұлы. Алыптар ақиқаты
«Оятқан мені ерте Шығыс жыры», «Жасымнан жетік білдім түрік тілін», деп өзінің төл әдебиетімізден тысқарғы ең алғашқы өнеге мектебін еш бұрмалаусыз нақты атаған, классикалық Шығыс поэзиясы мен тамырлас халықтарға ортақ ортағасырлық түркі әдебиетін де таныған Шәкәрімнің айрықша қадір тұтқан шайырлары Хафиз, Физули және Науаи болатын. Және Шәкәрімнің Фирдоуси мен Сағдиді де, Ясауи мен Софы Аллаярды да жете танығандығы еш күмән келтірмейді.
Әдебиет • 09 Қаңтар, 2018
Үш жүздің үш биінен қалған үшбу хат
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі – еліміздегі ең көне әрі қоры бай ғылым ордасының бірінен саналады. Әсіресе мұндағы Мұстафа Ысмағұловтың жеке қоры КСРО кезінде жариялау мүмкін болмаған талай қымбат қазынаның кеніші деуге болады.
Қазақстан • 09 Қаңтар, 2018
«Тәуелсіздік дәуірі» – Ұрпақ арасын жалғайтын туынды
Тарихтың толқынында желкенін төмен түсірмей, ел кемесін өмірдің аласапыран дауылынан да, жаһанданудың үдере соққан желінен де аман алып келе жатқан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – заманның мегатрендтерін байқай білген, соған сәйкес дұрыс бағдарды айқындай білген кемеңгер басшы.
Парламент • 09 Қаңтар, 2018
Қазақстан • 09 Қаңтар, 2018
Электронды қызметке екпін түсірілуде
Егемендік алған жылдар ішінде Елбасының сарабдал саясатымен қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі өзгерістер болды.
Қазақстан • 09 Қаңтар, 2018
Елімізде автоматтандырылған көлік тұрағы енгізіледі
Орталық коммуникациялар қызметінде «Нұржол» желекжолында көлік тұрағы кеңістігін басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізуге арналған баспасөз мәслихаты өтті.
Әлем • 09 Қаңтар, 2018
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Ирандағы наразылық шерулеріне қатысты кезектен тыс отырыс өтті. Қазақстан төрағалығымен өткен жиын барысында ұйымға мүше мемлекеттердің Ирандағы жағдайға байланысты пікірі екіге жарылды.
Әлем • 09 Қаңтар, 2018
Қазақстан қаңтардан бастап БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы қызметіне кіріскені белгілі. Бұл маңызды шара әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының назарынан тыс қалған жоқ. Осы орайда еліміздің беделді Ұйымға төрағалық етуі жөнінде жазылған жаңалықтарды шолып шыққан едік.
Қазақстан • 09 Қаңтар, 2018
Жаңа Салық кодексінің жаңалығы қандай?
«Өркениетке бастайтын жол салық төлемдерінің түбіртектерінен төселеді» депті еуропалық экономистердің бірі. Бүгінде салық халық пен мемлекет өмірінің барлық саласымен біте қайнасып кеткені рас.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты заманауи шығармасындағы: «Ұлы тарих кемел келешекке жетелейді» деген сындарлы ойы ата тарихымызға, рухани мәдениетімізге үңілуді меңзейді.
Қару сату кикілжіңді күшейте ме?
Украинаға мергендер винтовкасын сатуға рұқсат сұраған коммерциялық компанияға АҚШ үкіметі лицензия бергені туралы Америка мен Ресейдің БАҚ-тары жарыса жазды.
Әлем • 08 Қаңтар, 2018
Лос-Анджелесте «Алтын глобус» киносыйлығының марапаттау рәсімі өтті
Осымен 75-рет ұйымдастырылған шарада ең үздік драмалық туынды ретінде Мартин Макдонахтың «Миссури, Эб-бинг шекарасындағы үш жарнама тақтайшасы» фильмі танылды, деп хабарлайды 24.kz.
Парламент • 08 Қаңтар, 2018
Депутаттар Ақтөбе өңірін көгілдір отынмен қамту жұмысына жоғары баға берді
Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Парламент Мәжілісінің депутаттары Глеб Щегельский, Құралай Қаракен, Дания Еспаева Қазақстан Республикасындағы газбен жабдықтаушы ірі компания – «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Ақтөбе өндірістік филиалында болды, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 08 Қаңтар, 2018
Қостанайда полиция бөлімшесінің апатты жағдайдағы кеңсесі жөнделіп, іске қосылды
Қостанай қалалық ішкі істер басқармасының «Северный» бөлімшесінің кеңсесі жөнделіп, қайта пайдалануға берілді. Бұл 1972 жылы салынған типтік бала бақша болатын. Бірақ содан бері , міне 45 жыл ешқандай жөндеу көрмеген. 2006 жылы қалалық ішкі істер басқармасының «Северный» бөлімшесі ашылды да, олар 90-шы жылдары босап қалған бала бақша ғимаратына орналасқан болатын.
Парламент • 08 Қаңтар, 2018
Сенаторлар Павлодардағы құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесті
Павлодар облысында жұмыс бабындағы сапармен жүрген сенаторлар Манап Көбенов пен Нұржан Нұрсипатов құқық қорғау органдарының басшылығымен және қызметкерлерімен кездесті. Депутаттар облыстық сот, прокуратура, ҰҚК департаменті, ішкі істер департаменті және шекара қызметінің әскери бөлімінде болды, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 08 Қаңтар, 2018
Тарихи ескерткіштерді қорғаудың тәртібі бар
Алматы қаласында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының ұйымдастыруымен «Тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын орындау үшін нормативті бағалауды әзірлеу» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Аймақтар • 08 Қаңтар, 2018
Былтыр осы уақыт шамасында газетімізге Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылына дала еркесі - еліктің кіріп кетіп, адамдардан пана іздегенін жазып едік. Енді міне биыл Ақсуатқа құс еркесі - аққудың келгенін сүйіншілеп отырмыз.
Қазақстан • 08 Қаңтар, 2018
Каспийдегі кемелерді бақылау қағидасы өзгереді
Каспий маңы мемлекеттері Қара және Жерорта теңіздеріндегідей порттарда кемелерді мемлкеттік бақылау бірыңғай режимін бекітуге шешім қабылдады. Сол себепті ҚР Инвестициялар және даму министрлігі басқа елдердің салалық ведомстволарымен порттық бақылауды іске асыру тәртібіне қатысты келісу жөнінде жұмыстар атқаруда, деп хабарлайды Инвестициялар және даму министрлiгiнің бааспасз қызметі.
Қазақстан • 08 Қаңтар, 2018
Астана әкімдігінде бірқатар кадрлық өзгерістер болды
Бүгін аппараттық жиналыс барысында елорда әкімі Әсет Исекешев кадрлық өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ауыл • 08 Қаңтар, 2018
Қызылордада өлкетану ісін дамыту мәселесі қозғалды
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қозғалған өлкетану ісін дамыту мәселесі Қызылордада өткен тарихшылар слётінде талқыланды.
Аймақтар • 08 Қаңтар, 2018
Солтүстік Қазақстан аграршылары министрлік ұсынысымен келіспейді
300-ден астам отбасы орналасқан Заградовка елді мекенінде тұрғындар үшін барлық әлеуметтік жағдайлар жасалған деуге болады.