Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 05 Қаңтар, 2018
Абай ауданындағы кен орны колледж түлектерін жұмыспен қамтиды
Ұлылар мекені Абай ауданында соңғы жылдары кен өндіруге басымдық беріле бастады. Жақында аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров пен «БАСТ» АҚ президенті В.Ипатов екі жақты ынтымақтастық келісіміне қол қойды.
Парламент • 05 Қаңтар, 2018
Сенатор Р. Әбдікеров Ақтоғай ауданында болды
Парламент Сенатының депутаты Рысқали Әбдікеров Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданында жұмыс бабындағы сапарда болды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
Қазақстан • 05 Қаңтар, 2018
2018 жылы Қазақстанда қандай әуе рейстері ұшады
ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті 2018 жылы субсидияланатын әуе рейстерінің тізімін жариялады. «Халықтың ел астанасы мен өңірлер арасындағы әуе қатынасы жөніндегі талап-тілегін қанағаттандыру және туристік нысандарға қолжетімділікті арттыру мақсатында 2018 жылы бірқатар бағыттар субсидияланады», - деп хабарланды Комитеттің Фейсбуктегі ресми парақшасында.
Парламент • 05 Қаңтар, 2018
Сенаторлар Ақмола облысының кәсіпкерлерімен жаңа Салық кодексін талқылады
Парламент Сенатының депутаттары Рашит Әкімов пен Дәурен Әділбеков Көкшетау қаласында Ақмола облыстық Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлерімен кездесті.
Қазақстан • 05 Қаңтар, 2018
Синоптиктер аяздың беті қашан қайтатынын айтты
Синоптиктер 6-8 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Қазақстан • 05 Қаңтар, 2018
2018 жылғы мерекелік күндер күнтізбесі жарияланды
eGov порталында Қазақстандағы 2018 жылғы мерекелік күндер күнтізбесі жарияланды.
Медицина • 05 Қаңтар, 2018
Қазақстанда балаларды тіркеудің бірыңғай базасы құрылады
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев балаларды тіркеуге арналған бірыңғай ақпараттық база құру және оны мәліметтер базасының Ұлттық реестріне енгізу туралы ұсынысты қолдады. Аталған ұсынысты бұдан бұрын бала құқықтары бойынша өкілетті Зағипа Балиева білдірген болатын, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Аймақтар • 05 Қаңтар, 2018
Солтүстік Қазақстанда электр қуаты қымбаттады
«Севказэнергосбыт» ЖШС -нің электр қуатын 9,2 пайызға өсіру туралы ұсынысы қабылданған жоқ.
Аймақтар • 05 Қаңтар, 2018
2017 жылы ОҚО-да 762,2 шақырым жол мен 19 көпір ел игілігіне тапсырылды
2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 1543,3 шақырым жол мен 19 көпірдің жөндеу жұмыстары басталған болатын. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде былтыр өңірде 762,2 шақырым жол мен 19 көпір ел игілігіне тапсырылды. Ал қалған 781,1 шақырым жол биыл пайдалануға берілетін болады.
Медицина • 05 Қаңтар, 2018
Жол үсті. Купеде төрт қазақ отырмыз. Кондиционер уілдеп тұр. Салқын ызғар бой тоңазыта бастады. Ал сыртта қырық градус ыстық.
Аймақтар • 05 Қаңтар, 2018
Атырауда цифрлы қабылдау қосымшасы іске қосылды
Атыраулықтар енді өздерін толғандырған мәселелер жайында мемлекеттік мекемелермен онлайн режімде байланыса алады. Бұған «Атырау цифрлық қабылдау» қосымшасының енгізілуі мүмкіндік беріп отыр. Мобильді қосымшаны ұялы телефоннан жүктеп алуға болады, ол үшін App Store немесе PlayMarket-тің іздеу жолына ACQ Атырау деп жазса жеткілікті.
Қазақстан • 05 Қаңтар, 2018
Дүниетанымы терең, көріпкелдігі керемет, жаратылысы бөлек жан есебінде елге танылған Оспанқожа 1862 жылы туып, 1928 жылы 66 жасында дүниеден озған.
Аймақтар • 05 Қаңтар, 2018
Оралда 156 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді
Дәл жаңа жыл мерекесі қарсаңында Орал қаласында 9 қабатты 156 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Сөйтіп бірнеше жылдан бері Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қаржы жинаған салымшылар 2018 жылдың алғашқы таңын жаңа баспанада – өз пәтерінде қарсы алды.
Қазақстан • 05 Қаңтар, 2018
Иттің қадірі біздің есімізге әрбір ит жылы айналып келгенде түсетін сияқты көрінеді маған. Баяғы қазақы иттің тұқымы – тазымыз, төбетіміз қайда деп сол кезде ғана іздеп жатамыз. Тазыны білмеймін, нағыз арлан төбеттің тұқымы қолдан шығып кеткелі қашан!
Парламент Мәжілісінің депутаттары Солтүстік Қазақстанды аралап жүр
Парламент Мәжілісінің депутаттары Қызылжар өңірінде болып, ұжым мүшелерімен кездесулер өткізді.
Әдебиет • 05 Қаңтар, 2018
Қазақтың ардақты ақыны, көркемсөз абызы Мұзафар Әлімбай ғұмырнамасының басты кредосын өзінің мына өлең жолдары айқындап тұрғандай: Дүниені таза тапсыру парыз, Кезегі келген көктемге.
Әдебиет • 05 Қаңтар, 2018
Жер бетіне тынымсыз тіршілік үшін келгендей бір сәт дамыл таппай, тыным көрмей арпалысты ғұмыр кешетін адам баласы ішкі сипатына да терең мән беріп, жан әлеміне шексіз бойлап-ақ келеді. Сонда да іздегенін таппағандай, ынтық көңілін баса алмай, Құдай берген сананың түпсіз тұңғиығында мелдектеп бағуда.
Әдебиет • 05 Қаңтар, 2018
Жазушының болмысын жазған шығармасынан ұғу қиын емес. Бұл тұрғыдан келгенде белгілі қаламгер Дидахмет Әшімханұлының кісілік келбеті, асып-таспайтын біртоға мінезі, сөйлеу мәнері, пенделікке салынып, қалыбын бұзбайтын өзіндік байлам пайымы, тоқтар тоқтамы, турашылдығы туындыларын оқып отырғанда кейіпкерлерімен қатарласып көз алдыңда тұра қалады. Алтайдай биік жердің түлегі әр туындысына терең мән беріп, ойлы көзбен қарады.
Әдебиет • 05 Қаңтар, 2018
Бірде әр жаңа буын өзінің әдеби сынын ала келуі керек деген едім, өйткені әр ұрпақ «өнерге өз өлшемдерімен қарайды, өз талаптарын айтып, жаңа мақсат қояды». Талғам мен сәннің өзгеретінін ғана айтқым келген жоқ. Тіпті одан да терең сыр жатыр.
Әдебиет • 05 Қаңтар, 2018
Әдебиет алып мұхит болса, сын оны танудың – әмбебап құралы. Ол сөз өнерінің табиғатын зерттеумен, ақиқатты танудың эстетикалық заңдылығын белгілеумен, классикалық мұрамызды талдаумен ғана айналысып қоймай, бүгінгі әдебиетіміздің бағыт-бағдарын айқындап, жетістігіміз бен кемшілігімізді көрсетіп, көркем шығарманың ерекшелігін, жілігін шағып түсіндіреді. Оқырманның дүниетанымын байытпайтын, адамға рухани ләззат сыйламайтын шығарма нағыз өнер туындысы бола алмайды.
Қазан революциясының жүз жылдығына орай «Халыққа ол сор болып жабысты ма, жоқ, әкелген жақсылығы бар ма?» деген төтесінен қойылған сұрақ – орыс ой айдынын шымырлатып, бір-бірін қуалаған сөз нөпірінің толқыны жағалаудың біраз аумағын көпіршіген көбікке айналдырып тастағандай. Көкейде жүрген тақырыптар қозғалса да, басқа халықтар тағдырына қатысы шамалы сарын астамшылығын аулай түскен сайын бір түрлі қиянат шеккендей қолайсыз күй кешетіні несі екен? Басқа шығару мен жапа шегудің неше атасын көрген ата-баба халін осындайда тура жақыннан сезіну адам болмысында көп қайталана бермейтін құбылыс.
Қазақстан • 05 Қаңтар, 2018
Алматының қақ жүрегіндегі осы бір тамаша ғимаратта қателесуге қақысы жоқ өнер өкілдерінің қатысуымен небір таңғажайыптар жасалып жатады. Мегаполистегі әрі байырғы әрі кенже дамыған жанрдың қара шаңырағындағы өзгерістер туралы Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Бақыт БӨКЕБАЕВПЕН әңгімелескен болатынбыз.
Қазақстан • 05 Қаңтар, 2018
Медиатор жұмысы – дауды шешу кепілі
Президент Н.Назарбаев Судьялар одағының V съезінде сот тәртібімен қаралуға жататын дау-дамайларды азайту мәселесіне назар аударып, соттан тыс реттеудің баламалы тетіктерін, соның ішінде бітімгершілік және медиация процедураларын енгізуді тапсырған еді. Осыған орай, 2011 жылдың 28 қаңтарында «Медиация» туралы Заң қабылданды. Аталған Заңға сәйкес, Қазақстанда дауларды баламалы шешудің жаңа түрі – медиация енгізілді.
Медицина • 05 Қаңтар, 2018
Сыбайлас жемқорлыққа қауқарлы күрес қажет
Бұл дерттін жаппай жойылмау жолын жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудан бастауымыз керек. Ендеше жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынуына және орындауына көмектесудің алғышарттарының бірінен саналады. Атап айтқанда, ол үшін, ең алдымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді.
Қазақстан • 05 Қаңтар, 2018
«Өмір деген жарқ-жұрқ еткен найзағай»
«Егемен Қазақстан» газеті ұжымының Ерағасы – Ержұман Өтешұлы бүгін 70 деген мерейлі жасқа келіп отыр. Ол қазақ журналистикасына 33 жыл калтқысыз қызмет етіп, «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, акционерлік қоғам президенті болып жұмыс істеді. Мерейтой иесін егемендіктер атынан шын жүректен құттықтай отырып, Президент сыйлығының тұңғыш лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі журналист Ержұман СМАЙЫЛМЕН әңгімені оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Қазақстан • 05 Қаңтар, 2018
Ізгілік қаталдықтан мықты болар...
Өмірде таңқаларлық жағдайлар жиі кездеседі. Мәселен, Орынбор қазақтарының Шығыс бөлігінің билеуші сұлтаны болған Ахмет Жантөрин (Ы.Алтынсариннің Орынборда оқуына жағдай жасап, қаржылай көмек көрсеткен адам – С.О.) Кенесары Қасымовтың бітіспес жауы бола тұра «Кенесары» деп аталатын қазақтың халық жырын жолма-жол орыс тіліне аударып, оны П.Распопов ұйқастырып, өлеңге айналдырған. Бұл жыр «Образцы киргизской поэзии в песнях эпического и лирического содержания, переложенных в русские стихи» деген тақырыппен 1885 жылы Ефимовский-Мировицкийдің типо-литографиясынан жарық көреді.
Электронды құжаттар құны артты
«Қолхат», «сенімхат» секілді құжаттар жұрттың бәріне таныс шығар. Оның бәрі қолмен жазылатындығы және белгілі. Бірақ бүгінде цифрлы технологияларды кеңінен пайдалану арқасында сенімхатты сенім білдірушінің электронды цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды құжат нысанында рәсімдеу де көзделіп отыр. Бұл Елбасы Жолдауында айтылғандай, үшінші жаңғырту бағыты бойынша жұмыс істеу деген сөз.
Аймақтар • 05 Қаңтар, 2018
Қостанайда «көшесі» бар Сәкеннің
Сәкен Сейфуллин – қазақ халқының дарынды перзенті, елінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында қажырлы еңбек етіп, бүкіл күш-жігерін, білімін сарт еткен абзал азамат. Сәкен қазақ-кеңес әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Қазақстан Кеңестерінің ІІІ съезінде (1922 ж.) Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы болып сайланғаны да көпшілікке мәлім.
Медицина • 05 Қаңтар, 2018
Болашақты басқарудың сыры – адами капитал
Елбасы Жолдауының мән-маңызы ерекше. Ол болашаққа ұмтылудың басым тұстарын айшықтауымен бірге қалыптасқан кейбір жайсыз ахуалды түзеуді көздейді. Мәселен, жаппай цифрлы технологияларға өту мен жемқорлықтың алдын алу немесе адами капитал сапасын жақсарту мен экстремизмге қарсы жұмыс жүргізу. Осы тұрғыдан алғанда, еліміздің арғы-бергі тарихына, оңды-солды жақтарына ғылым-білім тілімен ой жүгірткен жөн. Тәуелсіздіктің арқасында біз жаһанның жаңалықтарымен тікелей беттесуге мүмкіндік алдық. Азаттық бізге болашағымызды басқаруға жол ашты.
Медицина • 05 Қаңтар, 2018
Ел-жұрты ардақтаған азамат еді
Айып Қисаұлы Құсайынов – Қазақстан ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары болған, ғылым докторы, ел басқарудың сан алуан сатысынан өткен қайраткер. Республикада мал тұқымын асылдандыру ісінде де ол кезінде көптеген жаңалықтардың ұйытқысы атанды.