Соңғы жаңалықтар
Президент • 07 Шілде, 2017
Қазақстан мен Түркия президенттері екіжақты ынтымақтастықты талқылады
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 06 Шілде, 2017
Интернетке Астана туралы мультфильм жүктелді (видео)
Интернетте «Сәлем саған, туған жер!» атты бейнебаяндардың кезекті сериясы пайда болды.
Аймақтар • 06 Шілде, 2017
ШҚО-да Астана күні мерекесіне орай 600-ге жуық шара өтті
Шығыс Қазақстан жұртшылығы Астана күні мерекесін кең көлемде атап өтуде. Облыстық ақпараттық орталықтың таратқан мәліметтеріне сүйенсек, апта басынан бері аймақта ұзын саны 600-ге жуық шара өткен.
Қазақстан • 06 Шілде, 2017
Голливуд жұлдыздары Астананы төл мерекесімен құттықтады (видео)
Голливуд актерлері Кэри-Хироюки Тагава және Бай Лин Астананы төл мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Астана қаласы əкімдігінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 06 Шілде, 2017
Астанада көшпенділер қалашығы ашылды
Қала күні мерекесіне орай «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығы аумағында этномәдени кешен пайда болды, деп хабарлайды Астананың медиа-орталығы.
Аймақтар • 06 Шілде, 2017
Таразда Астана күні айрықша аталып өтті
Астана күні – Тәуелсіз Ел тарихындағы айтулы мереке. Сәні мен салтанаты келіскен бас шаһардың туған күніне орай жыл сайын дәстүрлі түрде өңірлерде іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.
Бокс • 06 Шілде, 2017
Фируза Шәріпова EXPO-2017 көрмесі аясында әлем чемпионы титулына таласады
26 тамызда Астанадағы EXPO-2017 көрмесі аясында кәсіпқой бокс кеші өтеді. Бірінші жарыста Қазақстанның 22 жастағы кәсіби боксшы қызы Фируза Шарипова әлем чемпионы атағына күресетін болады, - деп хабарланды EXPO-2017 көрмесінің сайтында.
Астанада көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Астанада Бөгенбай батыр даңғылы бойынша көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметі.
Президент • 06 Шілде, 2017
Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 06 Шілде, 2017
Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Елбасы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 06 Шілде, 2017
Шет мемлекеттер басшылары Елбасын туған күнімен құттықтады
Шетел үкіметтері мен мемлекеттер басшылары Қазақстан Республикасы Президентін туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 06 Шілде, 2017
«Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан» жолының реконструкция жұмыстары басталды
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасының шекарасы» автомобиль жолын реконструкция жасау жұмыстары басталды.
Аймақтар • 06 Шілде, 2017
Атырауда Астана күніне арналған концертті 5 мың адам тамашалады
Кеше, 5 шілде күні Атырау облысы Махамбет ауданы Махамбет селосында Астана күні мерекесі ерекше аталып өтті. Аудан əкімдігі Қазақстан эстрадасының жұлдызды тобы – «МузАрттың» концертін ұйымдастырды.
Қазақстан • 06 Шілде, 2017
Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады
Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады.
Аймақтар • 06 Шілде, 2017
Солтүстік Қазақстан университеті Астана күніне ерекше сый жасады
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ұйымдастырған іс-шара Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Аймақтар • 06 Шілде, 2017
Солтүстік Қазақстан әкімі тұрғындарды Астана күнімен құттықтады
Петропавл қаласында Астана күніне орай «Жайнай бер, жарқырай бер, Астана» мерекелік іс-шарасы кең көлемде аталып өтті.
Аймақтар • 06 Шілде, 2017
Астанадағы Алматы облысы мәдениет күндерінің бағдарламасы таныстырылды
11 шілдеде сағат 18.30-да Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен Астана қаласындағы "Қазақстан" орталық концерт залында "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясында Алматы облысының Мәдениет күндерінің "Жетісу - жұмақ мекенім" атты салтанатты ашылуы өтеді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 06 Шілде, 2017
АҚШ елшісі қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады (видео)
Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол қазақстандықты Астана күнімен қазақ тілінде құттықтады.
Аймақтар • 06 Шілде, 2017
Ақтауда қайта жаңғыртылған су тұшыту зауыты іске қосылды
Ауыз су мәселесі өзекті болып табылатын өңірде қиындықты еңсеру бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Әсіресе, ауыз су проблемасын шешуге Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол» бағдарламасы ықпал етуде. Астана күні қарсаңында, осы мерекеге сый ретінде Ақтауда Каспий су тұшыту зауыты жаңғыртылып, іске қосылды.
Аймақтар • 06 Шілде, 2017
ОҚО-да «Асқақтай бер, Астана!» атты салтанатты шара өтті
Оңтүстік Қазақстан облысында Астана күні мерекесі қарсаңында «Асқақтай бер, Астана!» атты концерттік шара ұйымдастырылды. Шара шымылдығын түрген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жиналған жұртшылықты Астана күнімен құттықтап, елордамыз- Астана қаласынның 20 жылда жеткен жетістіктеріне тоқталды.
Аймақтар • 06 Шілде, 2017
Біздің ұжым үшін де Астана күні ерекше маңызды мереке саналады. Көз алдымызда күн санап жайнап, жасарып келе жатқан елорданың орны бөлек.
Аймақтар • 06 Шілде, 2017
Шымкентте Астана күніне орай Елбасы туралы қос кітаптың тұсауы кесілді
Шымкенттегі облыстық орыс драма театрында «Асқақтай бер, Астана!» атты салтанатты іс-шара өтті. Шара аясында еліміздің тәуелсіздігі мен тарихын, жетістіктерін насихаттайтын «Жаһан таныған жеті тұлға», «Тұлға.Тәуелсіздік.Тарих» атты «Қазығұрт» баспасынан жарық көрген екі кітаптың тұсауы кесілді.
Президент • 06 Шілде, 2017
Елбасы Қазақстан астанасын өзгерту туралы шешімнің қалай қабылданғанын айтты
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік "Россия-24" телеарнасына берген сұхбатында Қазақстан астанасын Астанаға көшіру туралы шешімнің қалай қабылданғанын айтты.
Әсет Исекешев астаналықтарды қала күнімен құттықтады
Елорда әкімі Әсет Исекешев қала тұрғындары мен қонақтарын Астана күнімен құттықтады. Құттықтау мәтіні қала әкімдігінің сайтында жарияланды.
Президент • 06 Шілде, 2017
Елбасы Астана әуежайына өз есімі берілуіне қатысты пікірін айтты
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Россия 24» телеарнасының тілшісіне берген сұхбатында Астана әуежайына өз есімін беруге қатысты пікірін білдірді.
Аймақтар • 06 Шілде, 2017
Кентауда балаларға арналған шығармашылық үйі ашылды
Оңтүстік Қазақстандағы Кентау қаласында «Астана күні» мерекесіне орай жаңа нысан пайдалануға беріліп, балаларға арналған шығармашылық үйі ашылды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 06 Шілде, 2017
Қала күні мерекесі қарсаңында 38 жұп некелерін қиды
Астанада жыл сайын Қала күні мерекесі қарсаңында жас жұбайлардың неке қию рәсімін өткізу дәстүрге айналған. Бұл игі шараға биыл – 10 жыл.
Аймақтар • 06 Шілде, 2017
Мүслима – 18 миллионыншы тұрғын
Қазақстанның 18 миллионыншы тұрғыны Жетісу жерінде өмірге келді. Ол – Мүслима Саматқызы. Нәрестенің ата-анасы Талдықорған қаласында тұрады.
Қазақстан • 06 Шілде, 2017
Қазақ тарихының жаңа парағы ол – осыдан жиырма шақты жыл бұрын Қараөткелдің жағасындағы, Есілдің сағасындағы ең көрікті шаһар – жаңа Астанамыздың еңселі бой түзеуі болатын. Онда көреген Елбасының кемел саясаты мен асқақ арманы ұштасқан.
Қазақстан • 06 Шілде, 2017
Қазақстанның абырой-беделі арта берсін!
Құрметті қазақстандықтар, сіздерді Түркі әлемінің ақсақалы – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні және Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын.