Соңғы жаңалықтар
Әлем • 22 Сәуір, 2017
Димаштың орындауындағы ән жылдың үздік әні деп танылды (ВИДЕО)
Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Battle of memories» әні жылдың үздік әні деп танылды. Бұл туралы оның менеджері Алпамыс Шаримов Instagram парақшасында хабарлады.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2017
Елордада орташа өмір сүру ұзақтығы – 75,4 жас
2016 жылдың қорытындысы бойынша Астанада өмір сүру ұзақтығы 75,4 жылды құрады, бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен 3,5 жылға көп, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2017
ОҚО-да бір аптада 140 мыңнан астам адам міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша тіркелді
Оңтүстік Қазақстан облысында «Емханаға тіркел де МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» акциясы аясында бір аптаның ішінде 140 мыңнан астам азамат тіркелген.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2017
Сайрамда іскер әйелдер клубы құрылды
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында елімізде алғаш болып іскер әйелдердің «Сырғалым» көшбасшы қоғамдық қоры құрылды.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2017
Қостанайда «Табиғат және көшпелілер мәдениеті» сурет көрмесі ашылды
Көрмеге ілінген суреттердің барлығы да жергілікті фотографтардың жеке мұрағатынан алынған. Оны авторлар «ЭКСПО-2017» көрмесіне арнады.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2017
Жас ақындар болашақты қалай жырлады?
Елордадағы «Қазмедиа» орталығының киноконцерттік залында «Жастар болашақты жырлайды» деген тақырыппен жас ақындардың айтысы өтті. Айтысты «Болашақ» қауымдастығы Астана қаласы әкімдігінің Жастар ісі бойынша басқармасының тапсырысымен ұйымдастырды.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2017
Қостанайда стадионның жөндеу жұмысына 1 миллиард теңге бөлінді
Қостанай облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар осындай шешімге келді. Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Спанов депутаттарды бюджеттің кірісі сол күйінше қалатынын, ал шығысына өзгерістер енгізілетінін айтты.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2017
Қазақстан мен Қырғызстан СІМ басшылары кездесті
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаевпен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2017
Астана мен Ақмола облысында ескерту жарияланды
ТЖ комитеті Астана мен Ақмола облысында ескерту жариялады.
Үкімет • 22 Сәуір, 2017
ҚР Премьер-министрі Елбасының тапсырмаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді
Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері және халықаралық «Астана ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесіне дайындық барысы бойынша тапсырмаларды іске асыру жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2017
Астана әкімі Елбасының тапсырмаларын орындауға кірісті
Астана әкімі Әсет Исекешев «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ кеңсесінде қаланы халықаралық көрмеге дайындау және елорданы дамыту мәселелері бойынша кеңейтілген кеңесте Мемлекет басшысының айтқан ескертулері бойынша таңертеңнен қала объектілерін аралап шықты. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2017
Павлодарда су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетіледі
Қазақстанның Қызыл жарты ай қоғамы Павлодарда су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға гуманитарлық көмек көрсету акциясын жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Қазақстан • 22 Сәуір, 2017
Қостанай облысына су тасқынынан 200 миллион теңге шығын келді
Қостанай облысында тасқын судан болған шығын 200 миллион теңгені құрады.
Әлем • 22 Сәуір, 2017
Қазақстан елшісі Ливан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Бейрут қаласында ҚР Иорданиядағы Елшісі Азамат Бердібай Ливан Республикасының Президенті Мишель Аунға Ливан Республикасындағы Елші қызметін қоса атқарушы ретінде сенім грамоталарын табыс етті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 22 Сәуір, 2017
Тайландта өтетін байқауға Қазақстан атынан Нұрсұлтан Телманов қатысады
22 жастағы Нұрсұлтан Телманов Таиландта өтетін «Mister Global 2017» халықаралық байқауына қатысады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Әлем • 22 Сәуір, 2017
Ауғанстанда лаңкестердің шабуылынан 70 адам қаза тапты
Талибан қозғалысының содырлары Ауғанстанның Мазари-Шарифа қаласына таяу жердегі әскери базаға шабуыл жасады. Салдарынан кем дегенде 70 әскери қызметкер қаза тапты. Бұл туралы bbc.com хабарлады.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2017
Былтыр елімізде 16 млн тонна мұнай өндірілді
2016 жылы Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарында 16 млн 602 мың тонна мұнай өндірілді, деп хабарлады «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2017
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады
Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2017
Қашағанда тәулігіне 370 мың баррель мұнай өндіріледі
Каспий теңізінде орналасқан Қашаған кенішінде мұнай өндіру көлемі тәулігіне 370 мың баррельге жететін болады, деп хабарлайды «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Президент • 21 Сәуір, 2017
Елбасы Президенттік оркестрдің мерекелік концертінде болды
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің арнаулы мемлекеттік органның құрылуына 25 жыл толуына арналған мерекелік концертінде болды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Үкімет • 21 Сәуір, 2017
Қазақстан мен Қытай Сыртқы істер министрлері меморандум жасасты
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанаға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван Имен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді.
Медицина • 21 Сәуір, 2017
Линза көзілдірікке қарағанда айналаны толық көруге мүмкіндік береді. Жаңбыр мен қар жауғанда, спортпен айналысқанда қиындық тудырмайды. Көзілдірік заттардың формасы мен өлшемін өзгертеді. Ал линза қоршаған ортаның өңін өзгертпей көруге мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, қазір әлем бойынша 125 млн адам (2%) линза тағады. Олардың 40%-ы 12-25 жас арасындағы адамдар.
Әлем • 21 Сәуір, 2017
Германияда алғаш рет әйел адам ғарышқа ұшады
Германияда 2020 жылы Халықаралық ғарыш стансасынан алғаш рет әйел ұшатын болды.
Бизнес • 21 Сәуір, 2017
Елімізде сабанды қайта өңдеу кәсіпорны ашылады
Бүгін Вице-Премьер А.Мырзахметов Macau Legend Development Ltd қытайлық компаниясының басшыларымен кездесті. Қытайлық компания Қазақстанда сабанды қайта өңдеу кәсіпорынын құрмақшы.
Технология • 21 Сәуір, 2017
Астана полицейлері әкімшілік хаттаманы планшетпен толтырады
Қазақстан полицейлері әкімшілік хаттамаларды онлайн режимде планшет арқылы толтыратын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Президент • 21 Сәуір, 2017
Елбасы ШЫҰ елдерінің сыртқы істер министрлерімен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының күн тәртібіндегі бірқатар мәселеге тоқталып өтті.
Бизнес • 21 Сәуір, 2017
Еңбек заңдылығын елемейтіндер көп
Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы жыл басынан бері тексеру жүргізген төрт мекеменің төртеуінде де кемшілік анықтаған.
Технология • 21 Сәуір, 2017
Латын әліпбиін ұялы телефон үйренсе...
Латын әліпбиіне көшуге қазіргі заманғы мультимедиялық құрылғылар мен әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану керек. Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі «Латын әліпбиі: бүгін және ертең» атты дөңгелек үстелде атыраулық тіл мамандары мен тарихшылар осындай ұсыныс айтты.
Үкімет • 21 Сәуір, 2017
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі №218 қаулысымен Ернар Бәкенов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 21 Сәуір, 2017
Астананың жаңа теміржол вокзалы «Нұрлы Жол» деп аталады
Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрме қарсаңында ТМД елдерінде баламасы жоқ, соңғы жылдары әлемде соңғы үлгідегі жаңадан салынған «Нұрлы Жол» жаңа вокзалы пайдалануға беріледі.