Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 24 Сәуір, 2017
ОҚО оқушылары білім олимпиадаларында 81 жүлделі орын алды
Оңтүстік Қазақстан облысының оқушылары 2016-2017 оқу жылында түрлі облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысып, өңір намысын қорғап келеді. Жыл басынан бері ұйымдастырылған түрлі сайыстарда шәкірттеріміздің 8-і І орын, 39-ы ІІ орын, 34-і ІІІ орынға ие болып, жалпы саны 81 жүлделі орынды қанжығасына байлады.
Өткен 25 жылдың ішінде дамыған елдердің үлгісінде технологиялық трансфертті жүзеге асырдық. Алыс-жақын мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынастарды реттедік. Осы үдерістерді қорытындылаған ғылыми орталықтар Қазақстанда экономиканы нарыққа көшіру үрдісі аяқталды деп отыр. Яғни, ендігі кезекте әлеуметтік-рухани, адами-шығармашылық мұраттарды сол экономика арқылы баянды етуді шұғыл қолға алу керек.
Шекара шегендеудегі Қазақстан тәжірибесі
Көршілес елдермен 14 мың шақырымға жуықтайтын, соның ішінде, дүние жүзі бойынша құрлықтағы ең ұзын 7,5 мың шақырым болатын мемлекеттік шекарасы бар Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап өзінің территориясын нақтылап алуға аса жоғары деңгейде стратегиялық маңыз берді.
Қаржы • 24 Сәуір, 2017
Елбасы Еуразия даму банкіне аграрлық жобаларды қаржыландыруды ұсынды
Қазақстан Президенті Еуразия даму банкі басқармасының төрағасы Дмитрий Панкинді қабылдады.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2017
2020 жылға дейін әуе қорғаныс күші толық жабдықталады
Әуе қорғаныс күштерін жабдықтау үшін жаңа зымырандар мен ұшақтар алынды. Әскери-көліктік авиацияны 2020 жылға дейін толық жабдықтаймыз, деді Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов ҚР Парламенті Мәжілісінің Қарулы күштер қызметі бойынша үкіметтік сағатында.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2017
Алматыда дзюдодан халықаралық турнир аяқталды
22-23 сәуір күндері Алматы қаласында дзюдодан Қазақстан Дзюдо федерациясының құрметті президенті Бекет Махмұтовтың жүлдесіне арналған жастар арасында халықаралық турнир өтті.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2017
Ескі Атырау астаналық тәжірибемен жаңартылады
Биылдан бастап Атырау қаласының ескі бөлігі бұзылады. Оның орнына Астана тәжірибесін негізге ала отырып «ақылды қала» салынады. Бұл туралы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Төлеп Орынбасаров мәлім етті.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2017
Биыл 31 мыңнан астам ақтөбелік жұмыспен қамтылады
Биыл 31 мыңнан астам ақтөбелік жұмыспен қамтылатын болады, деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бокс • 24 Сәуір, 2017
EXPO-2017 кезінде жекпе-жекке шыққым келеді – Асхат Уәлиханов
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Асхат Уәлиханов 28 сәуір күні АҚШ-тың Калифорния штатында пуэрторикалық Антонио Санчеспен жұдырықтасады. Олардың жекпе-жегі америкалық Кейси Рамос пен мексикалық кіші Мигель Бельтранның андеркартында өтеді. Алдағы кездесуі жайлы қазақстандық боксшы sports.kz басылымына ой бөлісті.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2017
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа
Аймақтар • 24 Сәуір, 2017
ШҚО-да соғыс ардагерлеріне сыйақы беріледі
Былтыр облыста тұратын екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 500 мың теңге сыйақы берілген-ді. Аталған сыйақы биыл да берілетін болды. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов Зырян ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде айтты.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2017
10 сәуір күні 23 сағат 10 минутта облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Атырау қаласы Құнанбаев көшесі, 28 үйде орналасқан супермаркетке жарылғыш зат қойылғаны туралы телефон қоңырауы келіп түскен.
«Құс жолының» қиқулы тарихы - 2
Түркілердің бастапқы өркениет ошағы хақында
Қазақстан • 24 Сәуір, 2017
26 сәуірде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» тақырыбымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясы өтеді. Ал Елбасы өзінің жуырда ғана жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу», деп негізгі мәселені атап көрсетті.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2017
Ең асыл қазыналарымыздың бірі – ел тыныштығы. Тәуелсіздігіміздің ширек ғасыр бедерінде бұл салада жинақталған тәжірибе мол. Соның жарқын бір үлгісі Қызылжар өңірін мекендейтін жүзден астам этнос өкілдерінің «бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай» тату-тәтті жарасымды өмірі дер едік. Маңайына этномәдени бірлестіктерді топтастырып, жұртшылықты бүгіннен де нұрлы кемел болашақ құруға жұмылдырып келе жатқан Достық үйін тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы, киелі бесігі десе де болады. Біз толеранттылықты, ауызбірлікті баға жетпес басты байлығымызға балап, оған өз үлестерін қосып жүрген адамдарды сөзге тартқан едік.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2017
Бауырлас ел Қазақстанмен байланысқа басымдық береді
Елбасы Н.Назарбаевтың шақыртуымен 18-19 сәуір күндері Астанаға мемлекеттік сапармен Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов келіп кетті. Бұл Түрікменстан басшысының елде ақпан айында өткен президенттік сайлаудан кейінгі шетелге алғашқы сапарларының бірі.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2017
Сыртқы істер министрлері меморандум жасасты
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанаға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван Имен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Оның қорытындысы бойынша тараптар екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Үкімет • 24 Сәуір, 2017
Саммиттің күн тәртібі айқындалды
Астанада Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың төрағалығымен ШЫҰ бас хатшысы мен ШЫҰ Терроризмге қарсы өңірлік құрылымы Атқарушы комитеті директорының қатысуымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің (ШЫҰ СІМК) кезекті отырысы өтті.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2017
Бюджетті игерген аудандарға сыйақы берілуі мүмкін
Енді облыстың аудан-қалалары арасында бюджет қаржысын игеруден жарыс болуы әбден мүмкін.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2017
Тыныштық пен тұрақтылыққа қауіп төнбесін
Атырауда терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытында жұмыс тобы құрылды.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2017
Үздік маман атану үлкен жауапкершілік жүктейді
17-20 сәуір аралығында Қазақстандағы газ құбырлары саласының кіл мықтылары Шымкент қаласында бас қосып, кәсіби шеберліктерін көрсетті. Республикалық «Үздік маман-2017» байқауында «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының облыстардағы филиалдарынан іріктелген 100-ден астам қызметкер бақтарын сынады.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2017
«Шипажай-2017»: оңалтудың орны бөлек
Елімізде енді шипажай ұйымдарының бірыңғай тізілімі жасалып, олар қызмет көрсету деңгейлеріне сәйкес сараланбақ. Бұл туралы кеше Бурабайдағы «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру орталығында өткен «Шипажай-2017» халықаралық ғылыми-практикалық форумында айтылды.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2017
ОҚО-да 123 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жүргізіледі
Оңтүстік Қазақстан облысында биыл «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында 123 көпқабатты тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Оның ішінде 98 көпқабатты тұрғын үйде жөндеу жұмыстары жүріп, жыл соңына дейін аяқталады.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2017
Биылғы жыл мемлекетіміздің ырғақты дамуындағы жан-жақты жаңғырулар жылы ретінде тарихта қалмақ. Еліміздің экономикалық, саяси және рухани жаңғыруының үш тағаны бекітілді. Ендігі кезекте осы үш бағытты бүкіл ел болып жүйелі жүзеге асыру арқылы біз Ұлы Даладағы жаңғыру дәуірінің жасампаздығы мен баяндылығын қамтамасыз етпекпіз.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2017
Ұлт ілгері баспаса, кейін басады. Алға жүрмеген, кейін – кері кетеді. Өмірде дамыл жоқ, дамуда – кідіріс. Сондықтан, біз үнемі қозғалыстамыз: бүкіл әлем, барлық ғарыш та тапқан бағыт-бағдарынан адаспай, мәңгілік мұраты – мәңгілік қимыл-қозғалыс үстінде, салмағына қарай айқындаған жол кестесінен жаңылмай, бір-бірін, сосын – шексіз космос тұманы, шаң-тозаңынан құралған галлактикаларды айналады. Ғаламда бір орында қимылсыз тұрған аспан денесі немесе ғарыш нүктесі жоқ. Біздің өзіміз, біз өмір сүріп отырған Әлемнің табиғаты осындай.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2017
Жобаларымыз жаңа мазмұнмен толықтырылады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстан» басылымына ұлттық идеологияның басымдықтарын айқындайтын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялады. Мақаланы білім мен тәрбие, идеология саласын зерттеп, осы салада еңбек етіп жүрген кәсіби мамандар стратегиялық ұзақ мерзімді құжат ретінде қабылдады.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2017
Қазақстан • 24 Сәуір, 2017
Табиғат төсіндегі сылдырлап аққан ақтұма балбұлақтардың мөлдірей ағып, өзенге, өзен кең айдын теңізге құйылып, теңіз мұхитқа ұласатыны секілді, білім мен мәдениеттің асыл қайнарларынан терең сусындап өсетін бүгінгі бал бүлдіршіндер де ертең есейіп, ел болашағының бір-бір нық уығы болып шаншылатыны айдай ақиқат.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2017
Таразда республикалық ретро әндер байқауы өтті
Таразда «Жастар дауысы» республикалық ретро әндер байқауы өтті. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 50 жылдығы қарсаңында алғаш рет ұйымдастырылған өнер бәйгесіне еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.