Соңғы жаңалықтар
Футбол • 25 Сәуір, 2017
«Иртыш», «Тобол»... Сөзіміз қашан түзеледі?
«Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым...», деп хәкім Абай айтқандай, бұл өзі күнде болмаса да, жыл он екі айда ара-тұра айтылып қалып жүрген әңгіме. Әңгіме болғанда да, қазақтың намысына тиетін, тілін тістетіп жүрген ащылау әңгіме болып тұр. Бірақ, бұған етіміздің үйреніп кеткені соншалықты, бұл күнде былқ етпейтін дәрежеге жеттік...
Аймақтар • 25 Сәуір, 2017
Бүгінге дейін Шымкентте 400 мыңға жуық көшет отырғызылды
Облыстық кәсіподақ ұйымы Шымкент қаласын гүлдендіру жөнінде бастама көтерді. Жалаң айқай салған жоқ, кәсіподақ мүшелері қолдарына күрек алып, ғимарат алдындағы жол жиегін тегістеп, алуан түрлі гүл отырғызған.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2017
1917 жылдың 19-22 сәуір күндері Орал қаласында Орал облысы қазақтарының бірінші сиезі өткен еді. Жаһанша Досмұхамедұлының төрағалығымен сол кездегі цирк үйінде 800-ден аса делегат көптеген мәселені талқылап, Орынбордағы жалпықазақ сиезіне баратын өкілдерді сайлаған. Осы датаға орай Орал қаласындағы Жұбан алаңында театрландырылған көрініс қойылып, тағылымды шара өтті.
Футбол • 25 Сәуір, 2017
Жексенбі күні премьер-лига командалары арасында өткен сегізінші турдың басты ойыны «Ертіс» пен «Қайрат» арасында өрбіді.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2017
Қостанайда халқымыздың мәдениетіне арналған сурет көрмесі ашылды
Қостанайдағы Көркемсурет галереясында дала табиғаты мен халқымыздың мәдениетіне арналған «Табиғат және көшпелілерден жеткен мәдениет» атты сурет көрмесі ашылды. Оған басым көпшілігі жергілікті газет, журналдарда қызмет ететін 14 фототілші қатысты, олар бұл шараны ЭКСПО-2017 көрмесіне арнапты.
Бокс • 25 Сәуір, 2017
«Астана арландары» жетінші маусымның топтық кезеңін аяқтады. Бүкіләлемдік бокс сериясында өнер көрсететін Қазақстан командасы соңғы кездесуін Қытайда жергілікті «Чайна Драгонспен» өткізді.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2017
Белград қаласында Қазақстанның елшісі Нұрбах Рүстемовтің Сербияның жаңадан сайланған Президенті Александр Вучичпен кездесуі болды. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сербияның екіжақты ынтымақтастығының келешегін, күн тәртібіндегі халықаралық мәселелерді талқылады.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2017
Қатармен қарым-қатынасымыз қалыпты
Жақында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxмановтың Қатар мемлекетіне сапары өтті. Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысын Доxада шейх Тамим бен Хамад әл-Тани қабылдады, деп хабарлады еліміз Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2017
Оңтүстік қақпа еліміз туралы оң пікір қалыптастыра ала ма?
Тәуелсіздік пен шекара – егіз ұғым десек, қазақ елі дербес мемлекет атанған тұста ең алдымен күш-жігерін мемлекеттік шекараны шегендеуге жұмсады.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2017
Жаңа өзгерістер мен тың серпілістер әкеледі
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын ерекше ынта-ықыласпен оқып шықтым. Тәуелсіздіктің ширек ғасырында талай биіктерді бағындырдық. Әсіресе, экономика саласындағы жетістіктер Қазақстанды бүкіл әлемге танытты. Дамыған 50 елдің қатарына қосылдық. Саяси реформалар да жүргізілуде. Ал кез келген қоғамның өзегі – оның руханиятында жатыр. Сондықтан да, рухани өміріміздегі жаңғыруларды қолға алу, іс жүзінде жүзеге асыру дер кезінде қолға алынып отыр.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2017
Бағыт-бағдары айқындалуымен құнды
Астанада «Үшінші жаңғыру аясындағы конституциялық реформа» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Оны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты ұйымдастырды.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2017
Қазақстан Елшісі Дональд Трампқа сенім грамотасын табыстады
2017 жылдың 24 сәуірінде Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының Елшісі Ержан Қазыханов АҚШ Президенті Дональд Трампқа сенім грамотасын тапсырды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2017
Аты-жөніміз де ұлттық кодтың бір белгісі
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тақауда жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы көптің көкейіндегіні қозғаған, көптен бері ел күткен, намысымызды қайрап, жігерлендіріп, рухтандырған, тіпті терең толғандырған елеулі оқиға болды. Соның маңыздыларының бірі – «ұлттық код», «ұлттық кодты сақтау», «ұлттық бірегейлік» туралы мәселелер десек қателеспейміз. Өйткені, сол мемлекеттің мәңгілігінің мәңгілігі сол мемлекетті құрып отырған негізгі ұлт мәселесінің шешілуінде.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2017
Үкімет "Кейбір заңнамалық актілерді Конституцияға сәйкестендіру туралы" заң жобасын мақұлдады
Үкімет "Кейбір заңнамалық актілерді Конституцияға сәйкестендіру туралы" заң жобасын мақұлдады.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2017
Бүгінде елімізде қатар жүргізіліп отырған екі процесc – саяси және экономикалық жаңғыру қарқынды іске асуда. Бірақ әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену үшін, саяси, экономикалық реформалардан, ол саладағы жетістіктерімізден бөлек, біртұтас ұлт ретінде сақталуымыз үшін, ұлттық рухани жаңғыру – заман талабы.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2017
Халықпен тонның ішкі бауындай үйлескен ұйым
Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХV сессиясына Қостанай облысынан баратын делегаттардың қатарында Әлімжан Бекмағамбетов те бар. Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалы директорының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты Әлімжан Бауыржанұлы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясындағы ғылыми-сарапшылар тобына жетекшілік етеді. Ол Ассамблеяның Елбасы саясаты мен мемлекеттік идеологияны халыққа жеткізуде мүмкіндіктерінің мол екенін сапар алдындағы әңгімемізге өзек еткен еді.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2017
Ардагерлер 500 мың теңге сыйақы алады
Облыста тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Жеңіс күнінде 500 мың теңге сыйақы берілетін болды. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов Зырьян ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде айтты.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2017
Бірлігі жарасқан берекелі елміз
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұйрығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» күн тәртібімен шақырылмақ. Елбасы өз сөзінде «Халықтың бірлігі – біздің барлық жетістіктеріміздің кілті.
Парламент • 25 Сәуір, 2017
Қазақстанда медициналық шығындардың 95 %-ы инфекциялық емес созылмалы ауруларға жұмсалады
Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрi Елжан Бiртанов 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттiк бағдарламасының басым бағыттарының бiрi - қоғамдық денсаулық сақтау қызметiн құру туралы баяндама жасады.
Технология • 25 Сәуір, 2017
«Digital Life» жобасына екі жылда 6,2 мың адам қатысқан
«Кселл» компаниясы «Digital Life» жобасын іске асырудың екінші жылының қорытындысын жариялады. Екі жыл ішінде оған Қазақстанның 16 қаласынан 6,2 мыңнан астам адам қатысқан. Мобайл медиа, мобайл қауіпсіздік, мобайл білім беру, мобайл мемлекет, мобайл бизнес және басқа да тақырыптар бойынша 230 тегін шеберлік сабақтарын өткізген.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2017
Жібек жолы байланыстарды жаңғырта түседі
Жақында Қазақстан мен Қытай әріптестігі жөніндегі комитеттің 8-отырысы өтіп, онда екі ел вице-премьерлері тараптар арасындағы қарым-қатынасты жаңғыртудың түйінді мәселелерін талқылады.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2017
Грек этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары: Бірлік пен келісім тірегі – жастар
Ақтөбе аймағындағы этномәдени бірлестіктердің арасында «Эллада» атты гректер орталығы өзінің белсенді қызметімен көзге түсіп келеді. Оның жұмысын ұйымдастыруда бірлестік төрағасының орынбасары Анастасия Тайлахидидің (суретте) орны бөлек. Ол ашық жарқын, ешкімді жатсынбайтын, іштегі ойын ірікпей еркін айта алатын қайсар қыз екен. Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясы қарсаңында, Ақтөбе темір жол бекеті перронында біз оған бірнеше сауал қойған едік.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2017
Астана қаласындағы Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясы өтеді. Осыған орай тақырыпқа байланысты материалдар топтамасын ұсынамыз.
Президент • 25 Сәуір, 2017
Президенттік басқару институтының тиімділігі қандай?
Осыдан тура 27 жыл бұрын Қазақстанда президенттік басқару институты енгізілді. Осы жылдарда Елбасы Н.Назарбаевтың бірден-бір дұрыс басқару жолын таңдағанын өмірдің өзі көрсетіп берді. Президенттік басқару институты саяси-экономикалық дамудың қозғаушы күші, қоғамды топтастырудың қуатты діңгегі болды.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2017
Қостанай облысында су тасқыны зардаптарын жою шаралары әлі жүргізілуде
Қостанай облысында қарғын судың қамауында қалған ауылдарда табиғат апатының зардаптарын жою шаралары әлі жүріп жатыр. Көп зардап шеккен Қарасу ауданында қазір 46 адам, 16 техника суда қалған үйлердің аулаларын қарғын судан тазарту жұмыстарын атқаруда.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2017
Қазақстанда орыс тілді ақпарат құралдары азаюда
1991 жылдан бері қазақ тілді халық саны 37%-дан 2016 жылға дейін 82,3%-ға ұлғайып, мемлекеттік тілді үйренушілер саны 22,3%-ға көбейді.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2017
Қостанай облысында 5 жұмыс берушінің биылғы жалақы қарызы 58,9 млн теңге
Дағдарысқа қарсы штаб отырысында облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев өткен жылдың аяғында кәсіпорындардан жұмысшылардың 680 миллион еңбек жалақысы өндірілгенін, 13500 еңбеккердің құқығы қорғалғанын мәлімдеді. Алайда еңбек қарызынан қорықпайтын кәсіпорындар да жетеді.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2017
Қауіпсіздік шаралары жоғары деңгейде
Орталық коммуникациялар қызметінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу кезеңінде қауіпсіздік шаралары мен құқық тәртібін қамтамасыз ету және халықты хабардар етуге арналған баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Талғат Мұсақанов, министрліктің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев қатысты.
Президент • 25 Сәуір, 2017
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа
Әлем • 25 Сәуір, 2017
Сербияда Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласы талқыланды
24 сәуірде Белград қаласында (Сербия) Қазақстан Республикасының Елшілігі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекелестік» атты Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылау бойынша дөңreлек үстел ұйымдастырды.