Редакция таңдауы
Алматыда биыл қанша тұрғын үй салынды?
2020 жылы Алматыда 2396 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде коммерциялық құрылыс желісі бойынша 17 420 пәтер мен 2062 жеке үй, мемлекеттік бюджеттен қаражаты есебінен 5206 пәтер мен жалпы көлемі 4,6 мың шаршы метр болатын жатақхана тұрғызу көзделген, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Желтоқсан, 2020
Бекшин Алматыда жаңажылдық іс-шараларға тыйым салынғанын айтты
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада жаңажылдық ертеңгіліктер мен корпоративтерге тыйым салынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
09 Желтоқсан, 2020
Ақмолада коронавирустың таралуы азайып келеді
Облыс "сары" аймаққа өтті. Өңірде бір тәулікте 60 адамнан індет анықталған. Облыстың санитарлық бас дәрігері Айнагүл Мусина соңғы бір апта бойы вирус таралуының төмендеп келе жатқанын мәлімдеуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Желтоқсан, 2020
Ертеңнен бастап Түркияға әуе рейстері қысқарады
Түркиядағы ағымдағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 10 желтоқсаннан бастап екі тараптың авиакомпаниялары Түркиядан аптасына 20-дан 10 рейске дейін тұрақты рейстер санын қысқарту туралы шешім қабылдады.
09 Желтоқсан, 2020
LRT құрылысына зейнетақы қорынан қаржы алына ма?
LRT құрылысына зейнетақы қорынан қаржы алынбайды. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
09 Желтоқсан, 2020
Нұр-Сұлтанда локдаун қашан енгізіледі?
Қосымша карантин шаралары науқас саны көбейген кезде енгізіледі. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
09 Желтоқсан, 2020
Қазақстан вирустың таралуы бойынша төменгі тәуекел аймағында тұр
Бұл жөнінде бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Денсаулық сақтау Вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов мәлімдеді.
09 Желтоқсан, 2020
"Жомарт Жүрек" сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Нұр-Сұлтанда жыл сайынғы "Жомарт Жүрек" сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. 25 меценат пен белсенді азаматтар 5 номинация бойынша "Жомарт жүрек" сыйлығының иегерлері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Желтоқсан, 2020
Нұрлан Нығматулин: Бұқаралық спортты дамыту басты міндеттердің бірі
Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар дене шынықтыру және спорт мәселелеріне қатысты заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
09 Желтоқсан, 2020
Коллекторлық агенттіктерге жауапкершік артады
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстанда микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
09 Желтоқсан, 2020
Ақтөбеде Жансая Әбдімәліктің шахмат академиясы ашылады
ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Жансая Әбдімәлік атындағы шахмат академиясының президенті Данияр Аширов пен өңір басшысы Оңдасын Оразалин болашақта Ақтөбеде бой көтеруі мүмкін шахмат академиясының жоспарларын талқылады деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Желтоқсан, 2020
Аралда мұз астынан 4 адамның денесі табылды
ТЖМ баспасөз қызметі кеше, 8 желтоқсанда Арал ауданы Қамыстыбас ауылынан 35 шақырым жердегі Қамбаш көлінде "УАЗ" маркалы автокөлік мұз астына түсіп кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
09 Желтоқсан, 2020
Өмірді алгоритмге сеніп тапсырамыз ба?
Коронавирус індетінің басталғанына бір жылға жуықтаса да, әлі күнге шартарапты әбігерге салып отыр. Күн сайын қауіпті дертке шалдыққандар саны артып барады. Қуанышымызға орай ғалымдар бірнеше вакцинаның қауіпсіз екенін мәлімдеді. Осындай кезеңде індеттен туындаған қиындықтың екінші жағы шығады. Ол – моральдық мәселе. «Egemen Qazaqstan» газетінің Project Syndicate жобасы аясында жариялайтын бүгінгі мақалалар топтамасында осы түйткілдер көтерілген. Корнелл университетінің экономика профессоры Каушик Басу өз мақаласында індетпен күреске тілдің әсері туралы ой қозғайды. Оның айтуынша, пандемияға қарсы шаралар қабылдауда кешенді шешім ұстанған жөн. Осы орайда автор Үндістанды мысалға келтіреді. Аталған елдің билігі наурызда қатаң локдаун енгізгенімен, қарапайым жұмысшылардың жағдайын ескермей, індеттің таралуына жол беріп қойды. Каушик Басу індетпен күресудегі ендігі шешім ретінде COVID-19-дан жазылып шыққандарды жалақысы жоғары жұмысқа шақыру деп есептейді. Цюрихтегі Швейцария жоғары техникалық мектебінің Есептеуіш әлеуметтік ғылым профессоры Дирк Хелбинг пен Лугано университетінің бизнес этика профессоры Питер Селе індетпен күрестегі қабылданған шаралардың моральдық жағын әңгімелейді. Қазіргі таңда бірқатар елде науқастарды іріктеуде жасанды интеллект қолданылатыны белгілі. Авторлар мұндай қадам қаншалықты этикаға сай келеді деген сауал тастайды. Айта кетерлігі, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate мақалалары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.
09 Желтоқсан, 2020
Орталық коммуникациялар қызметінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов «Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында өңірдің дамуы туралы» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді.
09 Желтоқсан, 2020
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «халық ауыз әдебиет үлгілерінің мың жылдық мұрасын жаңғырту аясында, «Дала фольклоры антологиясын» жасау және қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай тағы басқа дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орындауға арналған «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару қажет» деген болатын.
09 Желтоқсан, 2020
Табиғатты қорғау тәрбиелік шаралармен шектеле ме?
Табиғатты қорғау мектепте шаралар өткізумен шектеле ме? Бұл мәселе Маңғыстау облыстық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында «Халыққа экологиялық білім беру мен ағарту жұмыстары» тақырыбы аясында қаралды.
09 Желтоқсан, 2020
Елімізде шетел инвесторларын қызықтыратын өңірдің бірі – Атырау. Инвесторлар әсіресе мұнай-газ өнеркәсібіне көбірек бет бұрып отыр. Мұны қойнауында тұнып жатқан 3,2 млрд тонна «қара алтынымен» әлемге танылған «Теңіз» кенішінде инвестициялық жобалардың іске асырылуынан байқаймыз. Соңғы жылдары мұнда келешек кеңею жобасы қолға алынды.
09 Желтоқсан, 2020
Қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалайтын полицейлер кейде қорғансыз жанға да алдымен қолұшын созады. Сондай полиция қызметкерінің қатарында Алан Тұрланов та бар. Биыл 25 жасқа толған инспектордың бір жыл бұрын туған күнінде әріптесімен бірге бес адамды өрттен құтқарғанын көпшілік білмеуі мүмкін.
09 Желтоқсан, 2020
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) мүшелерінің ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның Сайлауды байқау жөніндегі Шектеулі миссиясымен кездесуі өтті.
09 Желтоқсан, 2020
Үшінші сектордағы үлесіміз неге аз?
Жақында Қарағандының жаңа әкімі үкіметтік емес ұйымдардың басын қосып, онлайн кездесу өткізді. Сонда байқағаным, бұл секторда жергілікті ұлт өкілдерінің үлесі мүлде аз екен.
09 Желтоқсан, 2020