Редакция таңдауы
Сауран көшесі 18 маусымға дейін жартылай жабылды
Жүргізушілерге маршрутын алдын-ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі.
13 Маусым, 2020
"Қордай" өткізу бекеті қайта жаңғыртылуда
Жамбыл облысында "Қордай" өткізу бекетін қайта жаңарту жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. 4 ай ішінде мердігер "Дорстрой" компаниясы жұмыстардың жалпы көлемінің шамамен 50% аяқтады, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.
13 Маусым, 2020
20 маусымнан бастап халықаралық рейстер ашылады
Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 11 маусымдағы шешіміне сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, эпидемиологиялық жағдайдың деңгейін ескере отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) картасына сәйкес 2020 жылғы 20 маусымнан бастап Түркияға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңмен жаңартылады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Маусым, 2020
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) коронавирус пандемиясына байланысты жыл сайынғы жиынын келесі жылға қалдырды. Бірақ үздіктерді таңдап, жеңімпаз атанған спортшылардың есімін атады.
12 Маусым, 2020
12 тамызда Сенат депутаттарының сайлауы өтеді
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы 12 тамызда өтетін болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
12 Маусым, 2020
Бізде жеңіске деген құлшыныс жоғары
22 жасында-ақ бокстан Атланта Олимпиадасының чемпионы, Уэл Баркер кубогының иегері атанған Василий Жировтың қабілеті мен күшіне тәнті болған TOP Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум үш жылға екіжақты келісімшартқа қол қояды. Кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі 1997 жылы 18 қаңтар күні америкалық Винсент Браунды екінші раундта техникалық нокаутпен жеңуден басталған. Жалпы шаршы алаңда 42 жекпе-жек өткізіп, 38-ін жеңген. Оның 32-сін нокаутпен жеңсе, 3 рет жеңіліп, 1 рет тең түскен. Бірінші ауыр салмақтағы IBF дәрежесі бойынша экс-чемпион атанған Василий Жиров 24 жылдан бері АҚШ-тың Аризона штатында тұрады. Таяуда сол саңлақ спортшымен тілдесудің сәті түскен еді.
12 Маусым, 2020
Санитарлық нормалардың сақталуын тексерді
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мобильді тобы полицейлермен және эпидемиологтермен бірлесіп, кәсіпорындардағы санитарлық нормалардың сақталуын қадағалайтын рейдтер жүргізеді.
12 Маусым, 2020
«Шежірелі Маңғыстау» фотоэкспедициясы ұйымдастырылды
Қазақ даласының сұлу табиғаты көрсе көз тоймайтындай әсерлі. Оны заманауи үлгіде суретке түсіріп, кең ауқымда насихаттау – маңызды іс. Әсіресе туристерді қызықтыра тарту үшін алдын ала суреттерді көз көретін жерге жүктеп отырудың орны ерекше.
12 Маусым, 2020
Мәдениет және спорт министрлігі мемлекеттік архивтердегі барлық құжаттарды цифрландыру үшін «Цифрлы фабрика» мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасына бастамашылық еткені туралы хабарлама «Еgemen Qazaqstan» газетінің биылғы, 20 сәуір күнгі санында жарияланған болатын.
12 Маусым, 2020
Әлемдегі ең мықты 10 кәсіпқой боксшы
Әлемге танымал BoxRec спорт сайты кәсіпқой бокста әр жылдары өнер көрсеткен ең мықты 10 спортшыны анықтады. Аталған сайттың межелеуіне қарағанда, жасы қырықтың қырқасына шыққан америкалық боксшы Флойд Мейвезер теңдесі жоқ былғары қолғап шебері ретінде танылса, келесі орындарға филиппиндік Мэнни Пакьяо, аргентиналық Карлос Монзон табан тіреген екен. Осылардың әрбіріне тоқталар болсақ...
12 Маусым, 2020
Биылғы мамыр айында өткізілген Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «2025 жылға дейінгі Еуразиялық экономикалық интеграцияның стратегиялық даму бағыттары туралы» құжатты қабылдау идеясын қолдайтынын, алайда оның кейбір бөлімдері қайта талқылау мен жетілдіруді талап ететінін жеткізген еді.
12 Маусым, 2020
«Күшті Президент, ықпалды Парламент және есеп беретін Үкімет». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін ұстаған бір жыл ішінде бұл мәселені басты бағдар ретінде нысанаға алды. Бұл ретте халық пен биліктің жақын болуы, шенеуніктердің ашықтығы, баспасөзге, шерулерге қатысты түрлі кедергілердің алынып тасталуы секілді бірқатар мәселелерді жекелей атауға болады.
12 Маусым, 2020
Заңда кейбір зәруліктер ескерілмеген
Жуырда «Ардагерлер туралы» көптен күткен заң қабылданып, азаматтарымыздың осы санатқа енген бөлігі біршама марқайып қалды. Заң жобасының 15 жылдан бері түрлі кедергілерге тап болып, әйтеуір биыл қабылданғанына «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының септігі тиді десіп, ардагерлермен бірге барлық санаттағы азаматтар қуанды.
12 Маусым, 2020
Шекарадағы жүргізушілер ширығып тұр
Жалпы, Қырғыз Республикасы бір жылдан аса қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай туралы мәселені қайта-қайта ушықтырып отыр. Осы уақытқа дейін Қазақстан көршілерді жүктердің жылжуының ашықтығын цифрлы технологияларды қолданып, жылжыған көлік құралдары бойынша деректерді алмасу, жүк көліктеріне электронды бітеме қолдану және басқа тәсілдер арқылы кешенді шешуге шақырғанымен сәтсіз болып тұр.
12 Маусым, 2020
Головкин ең үздік 100 спортшының бірі
Боксшы Геннадий Головкин XXI ғасырдағы әлемнің ең үздік 100 спортшысы қатарына енді. Тізімді испаниялық Marca журналы әзірледі.
11 Маусым, 2020
Қарағанды облысы карантинді күшейтуге мәжбүр
Қарағанды облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров 13 маусымнан бастап карантиндік шаралардың күшейтілетінін арнайы өткізілген брифинг барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Маусым, 2020
Көзі көрмейтін серфер теңіз толқындарын бағындырды
Бразилиялық Дерек Рабелоның жасы 24-те. Көзінің көрмейтініне қарамастан, ол әлемдегі ең қауіпті саналатын Пайплайн толқынын бағындырған алғашқы серфер, - деп жазады Egemen.kz
11 Маусым, 2020
Еріктілер Елбасының алғыс хатын алды
"Nur Otan" партиясының Орталық аппаратында коронавируспен күрес жағдайында мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету бойынша "Biz Birgemiz" республикалық акциясына қатысқан ең белсенді волонтерлар еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан алғыс хаттармен марапатталды. Бұл туралы "Nur Otan" партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
11 Маусым, 2020
Адам ағзасын Қазақстан аумағынан шығаруға бола ма?
Сенаттың жалпы отырысында "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасы бірінші оқылымда қаралды, - деп хабарлайды Egemen.kz
11 Маусым, 2020
Кореяға ұшып барған қазақстандықтан коронавирус анықталды
"Алматы-Инчон" рейсіндегі жолаушылардың бірінде коронавирус бар екені анықталған. Бұл туралы бүгін осы қаланың мэриясы мәлімдеген, - деп хабарлайды Egemen.kz
11 Маусым, 2020