Редакция таңдауы
Абайдың ұстанымдары өркениетті мемлекет қағидаларымен үндеседі - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында егемен ел ретінде өсіп-өркендеу үшін мемлекеттілігімізді нығайту керек екені айтылады.
09 Қаңтар, 2020
Абай бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты жаңғыруға шақырған - Президент
Абайдың шығармаларына зер салсақ, оның үнемі елдің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін байқаймыз. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі №5 санында шыққан көлемді мақаласында атап өтті.
09 Қаңтар, 2020
Аралтұз: Әлеуметтік желідегі ақпарат шындыққа жанаспайды
Соңғы уақыттары әлеуметтік желілерде «Аралтұз» АҚ өнімінің сапасына қатысты түрлі ақпарат желдей есіп жүргені рас. Осыған орай компания президенті Айдынбек Тауасаров Фейсбуктегі парақшасында мәселеге қатысты пікірін білдіріпті. Ол Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Фейсбуктегі парақшасында жарияланды.
08 Қаңтар, 2020
Қызылордалық мұғалім математиктер фестивалінде олжалы болды
Нұр-Сұлтан қаласында өткен математика пәні мұғалімдерінің фестивалі шеңберіндегі шарада Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Бәймен Сәбит өз біліктілігімен ерекшеленіп, 3-орын иегері атанды. Бұл туралы Қызылорддағы НЗМ баспасөз қызметі хабарлады.
08 Қаңтар, 2020
Ақмолада былтыр 690 миллиардтан астам теңгенің өнімі өндірілді
Ақмола облысында өнеркәсіп өндірісі артып келеді. Өткен жылы өңірдегі кәсіпорындармен 690 миллиардтан астам теңгенің өнімі өндірілді.
08 Қаңтар, 2020
Қазақстан жаһандық Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдердің тобын басқарды
Қазақстан Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдердің (ТШЖДЕ) тобындағы 2020-2021 жылдарға арналған төрағалықты қабылдады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
08 Қаңтар, 2020
Отандық әуе компанияларына Иранға ұшуды тоқтата тұруға кеңес берілді
Қазақстандық әуе компанияларға Иранның әуе кеңістігі арқылы ұшдан бас тарту ұсынылды. Қазақстандық әуе компаниялар қалыптасқан жағдайға байланысты көрсетілген ұшуларды тиісті елдердің навигациялық қызметтерінің келісімі бойынша Иран әуе кеңістігіне баламалы әуе жолдары арқылы орындау мәселесін пысықтауда. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
08 Қаңтар, 2020
Ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми жетістіктер патенттелді
Ауыл шаруашылығын дамытуға зор үлес қосып келе жатқан «А.И.Бараев атындағы «Ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» серіктестігі ғалымдарының еңбегі жемісін берді.
08 Қаңтар, 2020
Алматы облысында көпқабатты үйде жарылыс болды
Қарасай ауданының төтенше жағдай қызметі Қаскелең қаласындағы 5 қабатты тұрғын үйдің тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшірді. Бүгін түскі мезгілде тұрғын үйдегі газ құбыры жарылып, 4 пәтерге зақым келген.
08 Қаңтар, 2020
Ақмолада 52 мың адам сапалы сумен қамтамасыз етілді
2019 жылы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына республикалық және облыстық бюджеттен 32,7 миллиард теңге бөлінді. 16 бағдарлама бойынша 86 жоба жүзеге асырылды. «Ауыл – ел бесігі» жобасына 454,2 миллион теңге бөлінді. Зеренді мен Астрахан селоларының бу қазандығы қалпына келтірілді.
08 Қаңтар, 2020
Ақмола жолдарында ондаған адам құтқарылды
Биыл қыс жұмсақ болғанымен, ауық-ауық ұйытқи соғатын боран жолаушылардың жолда қаңтарылып қалуына себепші болып отыр. Ақмола облысы төтенше жағдайлар, полиция департаменттерінің қызметкерлері таяуда облыс жолдарында ондаған адамдарды құтқарды.
08 Қаңтар, 2020
Air Astana Дубайға ұшатын рейстердің бағытын өзгертті
Air Astana әуекомпаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Дубайға рейстердің бағытын өзгерту туралы шешім қабылдады.
08 Қаңтар, 2020
Иранда құлаған ұшақта Қазақстан азаматтары жоқ - СІМ
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың хабарлауынша, Иранда апатқа ұшыраған Украина ұшағында Қазақстан азаматтары жоқ.
08 Қаңтар, 2020
«Ақ жол» партиясының мәслихат депутаттары төсбелгімен марапатталды
«Ақ жол» Демократиялық партиясының Мәжіліс депутаттары өңірлерде партияның мәслихат депутаттарына төсбелгі табыстады. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.
08 Қаңтар, 2020
Алматы облысында ресми тіркелген 29 діни миссионер бар
Алматы облысы дін істері басқармасының дерегінше аймақта миссионерлік қызмет айналысу үшін 29 заңды тұлғаға рұқсат берілген. Олардың жұмысы еліміздің «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы негізінде қадағаланып отыр екен. Ал шетел азаматтарының миссионерлік қызметі басқарма тарапынан қатаң бақылауға алынған.
08 Қаңтар, 2020
Қазақстандық жастар үшін 2019 жыл қалай өтті?
Жас ұрпақты жан-жақты қолдау мақсатында 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланды. Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаев жастар саясаты мен отбасы институтын дамыту Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі болуы керек екеніне сенімді. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың пікірінше, жас ұрпақ Қазақстанның дамуында шешуші рөл атқаруы тиіс — алға ілгерілеудің қозғаушы күшіне айналуы қажет. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
07 Қаңтар, 2020
Маңғыстауда жылдың үздік полицейлері марапатталды
Маңғыстауда Полиция Департаменті басшысы Қ.Таймерденов 2019 жылдың қорытындысы бойынша қызметте жеткен жетістіктері үшін және өз қызмет салаларында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, қызметінде үздік шыққан қызметкерлерді Алғыс хатпен марапаттады. Бұл туралы аталмыш департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
07 Қаңтар, 2020
СҚО полициясы жылды қорытындылады
Былтыр Солтүстік Қазақстанда барлығы 6381 қылмыс тіркеліпті, бұл 2018 жылмен салыстырғанда жеті пайызға төмен. Соның ішінде кісі өлтіру, денеге ауыр жарақат салу, тонау сияқты ауыр қылмыстар азайған. Бұл туралы СҚО Полиция департаментінің былтырғы жұмысын қорытындылаған кеңесте департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Думан Таев атап өттті.
07 Қаңтар, 2020
Маңғыстаудың Бас полицейі жылдың қорытынды есебін берді
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қ.Таймерденов жыл қорытындысы бойынша есептік жиын өткізді. Жиынға облыс прокурорының орынбасары Е.Тұрмағанбетов, облыс әкімінің орынбасары Қ.Жұмашев, ҚАЖД бастығы Ж.Басаров, ТЖД бастығы Қ.Базарбаев, сонымен қатар ПД басқармалары, қала, аудан полиция басқарма, бөлім басшылары қатысты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
07 Қаңтар, 2020
Қарағанды облысына Мәжіліс депутаттары келді
Қарағанды облысына жұмыс сапарымен Мәжіліс депутаттары Нұрлан Әбдіров, Асқар Базарбаев, Гүлнар Бижанова, Нұрлан Дулатбеков, Арман Қожахметов және Шәкір Хахазов келді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
07 Қаңтар, 2020