Редакция таңдауы
Біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің импортына тәуелділіктен арылуымыз қажет - А. Мамин
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың жаңа тәсілдері қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
03 Желтоқсан, 2019
Басты ресурс – бай адами капитал
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев IT қоғамдастығымен кездесуі барысында IT-кеңес құрылатынын мәлімдеді.
03 Желтоқсан, 2019
«Құтыдан шыққан бала» ана болды
Жасыратын несі бар, бұл күнде ЭКҰ арқылы сәби сүю қалыпты жағдайға айналса да, «құтыдан шыққан» бала кәдімгі баладай дені сау, ақыл-есі бүтін бола ма деген сауал олардың ата-аналарын да, мамандарды да аз алаңдатпағаны анық.
03 Желтоқсан, 2019
БҰҰ-ның Найробидегі саммиті қазақ әншісі Қалианың «Қыз тағдыры» әнімен басталды
Біріккен Ұлттар Ұйымының осыдан 25 жыл бұрын Каирдан бастау алған Халықтың қоныстануы және дамуы халықаралық конференциясы биыл қараша айында Найробиде (Кения) жалғасын тапты. Осылайша әлем 12-14 қараша аралығында аталған саммиттің ширек ғасырын атап өтті. Дүниежүзіне мәшһүр бұл жиын ұрпақ денсаулығы мен репродуктивтік құқықтарды қорғаудың тұтас бір межесі. Әлем елдері 6 мыңға жуық өкілдері жиналған БҰҰ-ның тарихи конференциясына жоғары деңгейдегі Қазақстан делегациясы да қатысып, осы 25 жылдық жолда қол жеткізілген табыстар мен әлі кенже қалған көкейкесті жағдайларды талқылады.
03 Желтоқсан, 2019
Елорда төрінде «Отандастар қоры» КЕАҚ және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен шетелдердегі қазақ диаспорасының тарихи отанына оралу және мәдени-гуманитарлық, іскерлік ынтымақтастығын дамыту мақсатында «Отандастар. Болашаққа бағдар» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Аталмыш жиынға елімізге танымал қоғам қайраткерлері, ведомство басшылары, сонымен қатар әлемнің 20 елінен келген 150-дан астам диаспора өкілі қатысты.
03 Желтоқсан, 2019
Дәрігерлік тәжірибе вакцинацияны таңдайды
Қазіргі таңда бұл мәселе – халық арасында кеңінен талқыланатын тақырыптардың бірі. Біз алдын алу екпелерінің арқасында жұқпалы аурулар туралы ұмыта бастадық. Алайда «Белгілі бір ауру жоқ, бірақ баланы неге вакцинациялау керек?», деген сұрақ туындайды. Сонымен қатар интернет-ресурстарда вакцинацияны жақтамайтын пікірталас көп.
03 Желтоқсан, 2019
Еуропа кеңесінің жаңа басшысы анықталды
Өткен жұмада Брюссельде Еуропа кеңесінің төрағасы ауысты. Бұдан былай бельгиялық Шарль Мишель кеңестің жиынын басқарып, халықаралық аренада ұйым атынан сөз сөйлейтін болады.
03 Желтоқсан, 2019
Ашық сабақтар Елбасы феноменіне арналды
Тұңғыш Президент күніне орай еліміздің түкпір-түкпірінде өткен көптеген іс-шаралар аясында Елбасы феноменіне арналған «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты жалпыреспубликалық ашық сабақтар ұйымдастырылды. Бұл сабақтардың өскелең ұрпақты тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тұғырнамасындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғалық рөлімен жете таныстырудағы маңызы үлкен.
03 Желтоқсан, 2019
Алматы шаһары үздік жүздікке енетін болады
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ел астанасына келіп, журналистерге мегаполистің биылғы 10 айының қорытындысы бойынша есеп берді. 10 айдың нәтижесі бойынша қала экономикасының барлық саласында оң серпін байқалады.
03 Желтоқсан, 2019
Депутаттар «Атамекен» ҰКП басшылығымен кездесті
Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен депутаттардың «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығымен кезекті кездесуі өтті.
03 Желтоқсан, 2019
Әл-Фараби мерейтойы ЮНЕСКО аясында тойланады
2019 жылғы 12-27 қараша аралығында Франция астанасында өткен ЮНЕСКО-ның 40-шы Бас конференциясы ортағасырлық Шығыстың ғұлама ойшылы әрі ғалымы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын және Шымкент қаласының негізі қалануының 2200 жылдығын келесі жылы атап өтілетін халықаралық мерейтойлар тізіміне енгізу жөнінде арнайы қарар қабылдады.
03 Желтоқсан, 2019
Абай мен Жамбыл шығармалары армян тіліне аударылды
Ереванда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай армян тіліне аударылған «Қазақ әдебиетінің антологиясы» кітабының тұсаукесері өтті.
02 Желтоқсан, 2019
Ардагерлер турнирінде «Жетісу» командасы жеңіске жетті
Алыс-жақын елдің ардагерлер волейболшылары Талдықорған қаласына жиналып, жанкүйрелерге қызықты ойын сыйлады.
02 Желтоқсан, 2019
Қарадаланың қызанағы Ресейге экспортталады
Жетісу өлкесіндегі жылыжай өндірісі жақсы жолға қойылған өңірдің бірі – Ұйғыр ауданы. Бүгінде ауданда заманға сай технологиямен жабдықталған 5 жылыжай жұмыс істеп тұр. Жалпы аумағы 10,4 гектар аумақты алып жатқан өндірісте өткен 6 ай ішінде 1200 тоннадан астам өнім жиналған.
02 Желтоқсан, 2019
Сарыөзекте су жаңа шағын аудан салынды
Аймақтарда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған тұрғын үй иесін тауып жатыр. Бұл жағымды жаңалық Жетісу өңіріне де тән. Жақында Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек ауылында 18 отбасы жаңа қонысқа көшті.
02 Желтоқсан, 2019
Тұңғыш Президент күні қарсаңында солтүстікқазақстандық 80-нен астам полицей марапатталды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде салтанатты жиналыс өтті.
02 Желтоқсан, 2019
Тұңғыш Президент күні «Батыс» ӨңҚ жас толымы әскери ант қабылдады
Мереке күні Ақтау, Атырау және Ақтөбе гарнизондарындағы әскери бөлімдерге 2019 жылдың күзінде шақырылған 700-ге жуық жас сарбаздар Отанға адал болуға ант берді. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының баспасөз қызметінен капитан Рустем Игисинов хабарлады.
02 Желтоқсан, 2019
Қарағанды облысында мереке күні тұрғындар баспаналы болды
Елбасының еңбек отаны – Теміртау қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесінде әлеуметтік тұрғыда қорғалатын 50 отбасы жалдамалы пәтерлерге ие болды.
02 Желтоқсан, 2019
Маңғыстауда полицейлер марапатталды
Маңғыстау облысы Полиция департаменті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған жеке құрамның қатысуымен мерекелік жиын өткізді. Бұл туралы аталмыш департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
02 Желтоқсан, 2019
Басылымды мерейтойымен құттықтады
Еуразия Жазушылар одағының басшысы Якуп Өмероғлы «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойымен құттықтау хатын жіберді.
02 Желтоқсан, 2019