Редакция таңдауы
Коронавирустық белгілері бар пневмониядан 1 адам көз жұмды
2020 жылғы 21 қыркүйекте тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониядан 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz
21 Қыркүйек, 2020
Қазақстанда халық саны 238,6 мың адамға өсті
Бүгінде елімізде халық саны 18767,5 адамды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz Статистика комитетіне сілтеме жасап.
21 Қыркүйек, 2020
Түрмеде жатып екі жобаның авторы атанды
Ақтау қаласындағы ГМ-172/8 қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеуші бірден екі сирек кездесетін жобаны жасақтап шықты. Жобаның бірі – адам ағзасын қысқамерзімді оттегімен қанықтыруға арналған болса, екіншісі автокөліктердегі пайдаланылған газды сүзуге арналған құрылғы. Қазақстанда «жасыл экономиканы» дамытуға қатысты жобаларына авторлық құқық алу үшін ол сегіз ай бұрын патенттік бюроға өтініш берді.
21 Қыркүйек, 2020
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы азық-түлік өндіруші компанияларды 2023 жылға қарай май қышқылының трансизомерлерін пайдаланудан толықтай бас тартуға шақырды.
21 Қыркүйек, 2020
Инклюзивті білім беру – кедергісіз келешек
Пандемия деген бәле қоғамға, соның ішінде білім саласына бірқатар өзгеріс әкелді. Студенттер мен оқушылар әлі онлайн оқып жатыр. «Басқа түссе баспақшыл» дегендей, бұл жағдайға мұғалім мен оқушы бейімделіп алды. Алғашында абдырап қалған ата-аналар да үйренісіп кетті. Мемлекет те оқушылардың сапалы білім алуын үнемі назарда ұстап отыр.
21 Қыркүйек, 2020
Шолпанда тіршілік болуы мүмкін
НАСА ғарыш агенттігі алдағы уақытта ғарышқа планетааралық төрт зонд жібермек. Олардың қатарында Шолпан планетасы да бар. Ғалымдардың болжамына сүйенсек, онда тіршілік көзі болуы ықтимал.
21 Қыркүйек, 2020
Әлемде қауіпті індеттің зардабын тартып, күрделі кезеңді бастан кешпеген ел қалмады. Кейбірі карантин режімін қайта енгізіп, сақтықты нықтай бастады. Демек, екінші толқынның қайталану ықтималдығы арта түскендей. Елімізде коронавирус инфекциясы өршіген өңірдің бірі – Атырау. Мұнда қос өкпесіне дем жетпей, бір жұтым ауаға зар болған науқастарға жылы сөзімен де, шипалы емімен де демеу болар дәрігерлердің де, жанға батқан сырқатын сәл де болса жеңілдетер дәрі-дәрмектің те тапшылығы байқалды. Сол кезде Мемлекет басшысының өзі Атырауға жедел жәрдем ұйымдастырып, Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша қауіпті індеттің таралуын тежеу үшін нақты іс-шара қолға алынды.
21 Қыркүйек, 2020
Осы уақытқа дейін Екінші дүниежүзілік соғыс тарихында бұрынғы командирінің қазақтың қарапайым ауылына қазақтың қара шалын, бұрынғы қол астындағы сарбазын іздеп келгенін білесіз бе? Ал мұндай оқиға болған. Және менің туған ауылым Ортаққа әкемнің туған інісі Асқар папамды (ол кісіні бәріміз солай атайтынбыз) іздеп келгенін арада тұп-тура 50 жыл өткенде тағы бір мақтаныш сезімімен еске алсам көптік етпейтіндей.
21 Қыркүйек, 2020
Зерделі зерттеуші, қазақ журналистерінің талай буынын тәрбиелеген ұлағатты ұстаздардың бірі, журналист-жазушы, тарихшы Ә. Ыдырысовтың туғанына 90 жыл толуына орай Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен «Бұқаралық ақпарат құралдарын және баспа өнімдерін безендіру өнерінің қазіргі мәселелері» тақырыбында халықаралық конференция өтті.
21 Қыркүйек, 2020
Жерден өніп шыққан мұндай алып ағаштың әу баста әулие атанары әмбеге беймәлім еді. Әйтсе де аңыз-әпсанаға бай қасиетті қазақ даласының ішіне бүккен бір сыры уақыт бетіне қалқып шықты. Жеті ғасырды басынан аунатып, жеті адамның құшағына әрең сыйған қаранар қарағаштың кепиетін кейін ұқтық. Бүгінде туризм саласымен тамырласып, жергілікті тұрғындардың жәрдемшісіне айналған.
21 Қыркүйек, 2020
Еуропалық атаулардан көз сүрінеді...
Заманауи іргетасы мыңжылдықтар тоғысында қаланып, санаулы жылдар ішінде-ақ ғаламат сұлу шаһарға, нағыз урбанистік жауһарға айналған елордамыз халқымыздың болмысын әйгілеп тұр. Ұлы даланың қақ төрінен орын тепкен еңселі шаһар бүгінде айшықты астанаға айналды.
21 Қыркүйек, 2020
Атырауда пәтерін заңсыз жалға бергендер анықталды
«Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері жалға берілген 778 пәтерге тексеру жүргізді. Нәтижесінде 67 баспананың заңсыз жалға берілгені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қыркүйек, 2020
Волонтерлер Нұр-Сұлтан тұрғындарына карантин тәртібін түсіндірді
Елде карантин режимі сақталып, маска тағу және қоғамдық орындарда әлеуметтік қашықтық сақтау міндетті болып қала береді, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
20 Қыркүйек, 2020
Роман Скляр жұмыс сапарымен Алматы облысына барды
Облыс әкімі Амандық Баталов бастаған топ және вице-премьер Роман Скляр Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің тапсырмасын орындау аясында Үшарал – Достық және Талдықорған – Қалбатау – Өскемен автомобиль жолдарының құрылысымен танысып, Талдықорған қаласында салынып жатқан бірқатар нысанды аралады, – деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20 Қыркүйек, 2020
Covid-19 індетіне байланысты жарияланған карантин кезінде батысқазақстандық мектептер оқушыларға қашықтан білім беру үшін кешенді шаралар атқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қыркүйек, 2020
Ленинград облысында қазақстандық жауынгерді қайта жерлеу рәсімі өтті
Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулы Бауыржан Досманбетов «Невский Пятачок» атты плацдармында кеңес жауынгерлерінің сүйектерін қайта жерлеуге арналған аза тұту рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қыркүйек, 2020
Тәжірибелі дәрігер Тілеуберді Қуандықовқа “Алматы қаласының құрметті азаматы" атағы берілді
Алматыда қала күні қарсаңында мегаполистің дамуына елеулі үлес қосқан он азаматқа "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағы берілді. Құрмет марапатының иегерлері арасында түрлі мамандық өкілдері, соның ішінде денсаулық сақтау саласының қызметкерлері бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қыркүйек, 2020
Тоғыз жолдың торабында тұрған Көкпектінің күннен күнге көркейіп келе жатқанын көз көріп отыр. Дәл қазіргі уақытта бұл ауылға көшіп келіп жатқандар болмаса, табан аударып кеткендер ілеу де біреу. Кеше ғана «Ауыл – ел бесігі» атты жоба аясында тұрғындардың игілігі үшін гүлге оранған үлкен саябақ ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қыркүйек, 2020
Учаскелік инспекторлар желтоқсан айына дейін барлық тұрғындармен жеке танысады
Жалпы еліміз бойынша «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасына сәйкес барлық солтүстікқазақстандық учаскелік полиция инспекторлары өз қарамағындағы әр үйге, әр пәтерге барып, жеке танысып, өзінің байланыс нөмірлері көрсетілген визиткаларын таратады, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қыркүйек, 2020
Өткен тәулікте 63 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда өткен тәулікте 63 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қыркүйек, 2020