Редакция таңдауы
Қызылорда облысының Шиелі ауданында күріш орағы басталды. Бестам ауылындағы «Бестам елі» шаруа қожалығының алқабында бастау алған биылғы «Алтын орақ» мерекесі шиелілік диқандардың басын қосып қана қоймай, көршілес Жаңақорған ауданы егіншілерін де қамтыды. Ауа райы мен егін егу технологиясы ұқсас іргелес аудандар бір-бірінің озық тәжірибелерін бөлісе отырып, ынтымақты жұмыс ұйымдастыруды жалғастыруы қолдауға тұрарлық шаруа. Күріш ору науқанының басталу шарасына арнайы қатысқан Парламент Сенатының депутаты Бекмырза Еламанов осылай дейді.
23 Тамыз, 2019
Қоңыр әулие үңгірінің шырақшысы, әрі Баянауыл ұлттық паркінің инспекторы Алтынбек Құрмановтың айтуынша, үңгір – еліміздің киелі орындар тізбесіне енген өңірдегі 5 нысанның бірі. Шырақшы үңгірге сәуір айында келіп, күздің суығы түскенге дейін туристерді күтіп, оларды үңгір шежіресімен, Баянауылдың таңғажайып табиғат кереметімен таныстырады.
23 Тамыз, 2019
Туризмді дамытуға ұлттық компаниялар дайын ба?
Алакөлге (Үржар жағы) 4-5 жылдан бері келмеп едік, үлкен өзгерістер бар екен. Біз жағалаудан 20 метрдей ғана қашықтықта орналасқан «Лазурный берег» аталатын демалыс үйіне түстік. Екі қабаттан салынған демалыс үйінің үш корпусында кемінде 70-80 адам демалуда. Олардың тамақтануына арналып, үлкен асхана салынған. Қызмет көрсетушілер жағы туристердің көңілін қайтсек табамыз дегендей жүгіріп еңбек етуде. Бәрі де инабатты, мәдениетті қазақтың қаракөз жастары. Демалыс үйінің басшысы Бауыржан деген кәсіпкердің өзін көрмесек те, мұндағы жұмысты жолға қоюына қарап, іскер азамат екендігін байқадық.
23 Тамыз, 2019
Киелі жерлер мекені – көне тарих кешегі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарияланғаннан кейін сырға тұнып, тарихқа бөгіп жатқан көне көмбенің қақпағы ашылып, замандастарымыздың рухани әлеміне олжа болып оралды.
23 Тамыз, 2019
Латын тілінің медицинадағы орны
Латын тілі – қазіргі таңда ауызекі тілде қолданылмайтындықтан, өлі тіл деп саналады, бірақ әртүрлі ғылым салаларында әлі күнге дейін қолданылады. Мысалы, медицинада, тарихи деректерде, көркем әдебиетте сілтемелер жиі кездеседі.
23 Тамыз, 2019
Жасыбай көліне жастарды менторлық лагерьге шақырды
Жақында Баянауылдағы Жасыбай көлі жағасында ірі іс-шара өтті. Үкіметтік емес ұйым өкілдері жастарды менторлық лагерьге шақырды.
23 Тамыз, 2019
Таудан арқасы бардың, тастан жүрегі бар. «Асу бермес асқар жоқ» деп аспанмен астаса асқақтаған алкеуде шыңдарға өрмелейтін альпинизм спорты екінің біріне ермек емес. Ердің ері – егеудің сынығы ғана тәкаппар тау қабырғасында қос тігуге жүрегі дауалайды. Батылдық пен батырлықтың, қайтпас қайсарлық пен қажымас қайраттың, мұқалмас күш-жігердің, ең бастысы өршіл рухтың сыналатын спорты осы альпиниада болса керек. Иманың қасым болатын иен таудағы құлама құздар мен қалың қар астында жатқан мұз жыралар, терең үңгірлер мен ұры ұралар «тәуекел түбі – жел қайық» деп салдыртып өте шығатын ашық айдын емес, тас жұтар тәуекелден де құдіретті күш – заңғар биіктікке, адам аяғы баса бермес айрықша сұлулыққа, бірақ қойны-қонышы суық та қаһарлы сұлулыққа деген құштарлық шығар, бәлкім. Оны таудың аққалпақ төбесіне табаны тигендер біледі.
23 Тамыз, 2019
Жұмысшылар өздерін лайықты сезінулері үшін кәсіподақтар қозғалысы өз биігінде болуы тиіс. Елбасы «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында тұрақтылық тірегіне айналған кәсіподақ жұмысын әлі де жетілдіруді атап өткен болатын. Бұл бағытта Атырау аймағында да біраз ілкімді іс қолға алынды. Қазір өңірдегі 12 салалық кәсіподақта 625 бастауыш ұйым бар. 80 мыңнан аса жұмысшы кәсіподақтар қатарында. 500 ұйымда жеке еңбек дауларын шешуге арналған келісу комиссиясы құрылды. 69 өндірістік кеңесте 125 техникалық инспектор еңбек қауіпсіздігін бақылайды.
23 Тамыз, 2019
Трамп Гренландияны меншіктеуге құлықты
Жаңа жерлерді сатып алып, аумағын кеңейту – алпауыт елдің тәжірибесінде бар дүние. Кейінгі күндері БАҚ беттерінде АҚШ президенті Дональд Трамптың Данияға қарасты Гренландияны меншіктеп алуға ниетті екенін аңғартқаны қызу талқыланып жатыр.
23 Тамыз, 2019
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысы өтеді
Ресей мен Қытайдың талабымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысы өтеді. Оған Пентагонның 25 тамызда орта қашықтықтағы Tomahawk қанатты зымыранын сынау жоспары себеп болып отыр.
23 Тамыз, 2019
Орталық Азия тағы да басты назарда
Қазақстан астанасында Орталық Азия елдерінің Сыртқы істер министрлері және АҚШ өкілінің қатысуымен «С5+1» кездесуі өтті. Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан Сыртқы істер министрлері мен АҚШ дипломаты аймақтың негізгі мәселелерін талқылады.
23 Тамыз, 2019
Сенаторлар Марат Тағымов пен Мұхтар Жұмағазиев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында болды. Аудан орталығы Қандыағашта сенаторлар көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен, көп балалы отбасылардың мәселелерімен танысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
23 Тамыз, 2019
Әлеуметтік бастамаларға қолдау қажет
Кереку өңірінде ҮЕҰ – бизнес – мемлекет серіктестігіне арналған «ASAR» IIІ республикалық форумы өтті. Жиынға облыс әкімі Болат Бақауов, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев, «Экологиялық ұйымдар қауымдастығы» басқармасының төрайымы Айгүл Соловьева қатысты.
23 Тамыз, 2019
Ұлттық комиссияның отырысы өтті
Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті. Онда бағдарламаны іске асырудың екі жарым жыл ішіндегі қорытындылары қаралды және алдағы кезеңнің міндеттері талқыланды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
23 Тамыз, 2019
ҚАЖ мекемелеріндегі заңдылық жайы қаралды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бас прокуратураның үйлестіру кеңесінде Ғизат Нұрдәулетовтің төрағалығымен, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қалмұханбет Қасымовтың қатысуымен құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары қылмыстық-атқару жүйесіндегі заңдылықтың жай-күйін талқылады.
23 Тамыз, 2019
Банкроттық экономикалық және әлеуметтік ахуалға қалай әсер етеді?
Жыл басында Елбасы Ұлттық банкке бәсекеге қауқарсыз бизнес нысандарды банкрот етуге рұқсат беруді тапсырған болатын. Қазір Ұлттық Банк осы бағытта жоспар дайындап жатыр. Бизнесті банкрот қылудың ел экономикасы мен халықтың әлеуметтік жағдайына қандай әсері болуы мүмкін?
23 Тамыз, 2019
Асқар Мамин Татарстанда Дмитрий Медведевпен кездесіп, кәсіпорындарды аралады
Премьер-Министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына барды.
22 Тамыз, 2019
Алматыда «Central Asia Youth Festival» I Орта Азиялық фестивалі басталды
Жастар жиынына еліміз аймақтарымен қатар Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан елінен үш жүзден астам қонақтар келген. Халықаралық ұйымдардың мүшелері болып табылатын әрі жас көшбасшылармен қатар сарапшылар, қоғам, мәдениет пен ғылым қайраткерлері, стартап-кәсіпкерлер, спортшылар да осы фестивальдің қонағы.
22 Тамыз, 2019
Кешенді тестілеу кезінде 1021 қатысушы ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылған
Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Ұлттық тестілеу орталығы директорының м.а. Дидар Смағұлов және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Парасаттылық департаментінің директоры Данияр Сабырбаевтың қатысуымемагистратураға түсу үшін өткізілген кешенді тестілеудің қортындысына арналған брифинг өтті.
22 Тамыз, 2019
Токио-2020 Олимпиадасы қарсаңында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті» қоғамдық бірлестігі және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада Комитеті» қоғамдық бірлестігі арасында Токио-2020 Олимпиада ойындары мен Токио-2020 Паралимпиада ойындары қарсаңында және оның барысында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
22 Тамыз, 2019