Редакция таңдауы
Бішкектегі «Еуропалық Одақ - Орталық Азия» 15-ші министрлік конференциясына бірлесіп қатысу қарсаңында бүгін Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Комиссияның Вице-президенті – Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Федерика Могеринимен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы Министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
07 Шілде, 2019
Нұртас Әжбенов грузиялық боксшыны бірінші раундта нокаутпен жеңді
Елордадағы кәсіпқой бокс кешінде Нұртас Әжбенов (5-0, 1 КО) грузиялық Ачико Одидадзені (18-10-1, 7 КО) бірінші раундта нокаутқа жіберді, деп хабарлайды Қазақстан кәсіпқой бокс қауымдастығы.
07 Шілде, 2019
Назарбаев қандай құрметке де лайықты – дейді ауғанстандық суретші Робаба Мохаммади
Ауғанстандық суретші Робаба Мохаммадиге тағдыр ана жатырында жатқанда-ақ жылы қабақ танытпапты. Тағдыры ерекше жаратылған жан туралы алдымен Батыс басылымдарынан оқып-білдік. 19 жастағы суретші қыздың галереясында біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті бар екенін білгенде, қызығушылығымыз тіпті арта түсті. Іле-шала Алматыда оқып жатқан ауғандық достарымның көмегімен Робабамен скайп арқылы тілдесудің сәті түсті.
06 Шілде, 2019
Бітімгерлік еңбегі жоғары бағаланады
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап ішкі-сыртқы қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселесіне баса мән берді. Мемлекет басшысының бұл еңбегі зая кеткен жоқ.
06 Шілде, 2019
Егемен еліміздің есею жылдары елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының еңсе тіктеуімен қатар сипатталады. Еуразияның жүрегінен орын тепкен астана – Қазақстан дамуының айқын көрсеткіші, айшықты айнасы. Бүгінде халқы миллионнан асып, мегаполис атанған шырайлы шаһардың күннен-күнге келбеті өзгеріп, «ақылды» технологиялардың кеңінен қолданылуы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға сеп болып жатыр.
06 Шілде, 2019
Қараөткелде мұнаралы мешіт тұрғызған
Елорда жұртшылығы үшін осынау мерекелі мезетте тағы да бір тамаша игі бастама бой көрсетті. Бас шаһардың тарихы тым әріде екені бүгінде жан-жақты айтылып, жазылып келеді. Ежелгіні айтпаған күннің өзінде Ақмола округінің алғашқы аға сұлтаны, Орта жүздің ханы Сәмекенің шөбересі Қоңырқұлжа Құдаймендіұлының бұл өлкеге өнеге боларлық істері өте көп болған.
06 Шілде, 2019
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2005 жылы жарық көрген «Еуразия жүрегінде» атты еңбегінде: «Сарыарқаға алғаш аяқ басқанымда даланың адам бойына құятын ғаламат қуатына қайран қалдым әрі оны жан-тәніммен сезіндім» деп жазса, өткен жылы жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес... Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұлан-ғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді» дейді. Соңғы жылдары зерттеушілер кең жазира қазақтың Сарыарқасын Елбасы жоғарыда атап өткен «Ұлы дала» ұғымының кіндігі ретінде қарастырып жүр. Соның бірі – танымал қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың лаураеты Әнес Сарай ағамыз. Осы орайда, жазушының танымдық пайым-мақаласын ұсынып отырмыз.
06 Шілде, 2019
Парламент жұмысының қорытындысы: 82 заң қабылданды
Кеше Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін алтыншы сайланған Парламенттің төртінші сессиясы ресми түрде қорытындыланды. Бірлескен отырысқа төрағалық еткен Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин дәстүр бойынша атқарылған жұмыстарға есеп беріп, алдағы мақсаттарға назар аударатын маңызды кезең екенін айта келіп, осы жолда Парламент еліміз үшін көптеген қажетті заңдар қабылдағанына тоқталды.
06 Шілде, 2019
Қазақтың қанындағы қасиетке қалайша қайран қалмайсың! Сонау XIX ғасырдың орта шегінде өмір сүрген Шоқан Уәлиханов: «Келесі ғасырларда домбыраның үні биік шығады», деген екен. Көрегендік емей немене! Былтырдан бастап белгіленген Ұлттық домбыра күні елімізде домбыраның үнін бұрынғыдан бетер асқақтатты.
06 Шілде, 2019
Елорданың экономикалық әлеуеті
«Тақ келген жерге бақ келеді» деген ақынның тегеурінді теңеуіне мысал іздегенде, тіл ұшына елордамыз оралары хақ! Ширек ғасырға жетпейтін уақыт ішінде ауқымы айтарлықтай ұлғайып, абыройы алты құрлыққа жеткені бас қаланың бағы емей немене?! Нұр-Сұлтан астана мәртебесін иеленген кезеңнен бастап оған елдің әкімшілік басқару, мәдени-рухани орталығы ғана емес, экономикалық локомотиві болу сынды маңызды миссия жүктелген болатын. 21 жыл ішінде қаланың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері қалай өзгерді?
06 Шілде, 2019
Мемлекеттік Ту көтеріліп, әскери шен тапсырылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жылдағы дәстүр бойынша Елорда күніне арналған мерекелік іс-шараны ашатын Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсіміне қатысты. Дәл осы сәттерде Нұр-Сұлтан қаласының көгі шайдай ашылып, аспанда бір шөкім де бұлт қалмады. Мұның өзі Елорда күні мерекесінің ресми басталуын білдіретін салтанатты шараның жарқырай өтуіне сеп болды.
06 Шілде, 2019
Бүгін – Қазақстан Республикасы астанасының күні
Бүгін Қазақстан халқы елордамыз - Нұр-Сұлтан күнін атап өтеді.
06 Шілде, 2019
Арыста жаңа емхана мен аурухана салынады
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов орталық коммуникацилар қызметінде Арыс қаласындағы медициналық нысандардың жағдайы туралы ақпарат берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
05 Шілде, 2019
Арыстағы ауа, топырақ, радиация бойынша сынама нәтижелері шықты
27 маусым мен 4 шілде аралығында «Қазгидромет» РМК атмосфералық ауа, топырақ, радициялық фон және Арыс өзеніндегі жер үсті сулары бойынша күн сайынғы жоспардан тыс су сынамаларын алуды жүргізіп, сараптау нәтижелерін Facebook, Vk.com әлеуметтік желілерінде және «Қазгидромет» ресми сайтында салды.
05 Шілде, 2019
Шымкентте «Асыл мирас» аутизм орталығы ашылды
Үшінші мегаполисте Болат Өтемұратов қорының «Асыл мирас» аутизм орталығы ашылды. Аталған орталықтың ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, лентасын қиды.
05 Шілде, 2019
Жасындай жарқ ете қалған санаулы ғұмырында халық жүрегінен терең орын алған боксшы, Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттарханов жайлы «Хабар» агенттігі түсірген фильмнің тұсаукесері өтті. Бекзаттың өнегелі ғұмырын арқау еткен көркем туынды идеясымен, мазмұнды сюжетімен көңіл қуантты.
05 Шілде, 2019
Сенат жұмысы жоғары нәтижемен қорытындыланды
Сенат Төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында Мәжіліс мақұлдаған «2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Сонымен қатар жалпы отырыс барысында кезекті сессия жұмысы қорытындыланды.
05 Шілде, 2019
Бурабай ауданында шаруа қожалықтары көбейіп келеді
Жуырда Бурабай ауданының бірнеше ауылын аралаудың сәті түскен еді. Арнайы баспасөз турының аясындағы сапарымызда жергілікті азаматтардың мал шаруашылығын өркендетіп жатқанына куә болдық.
05 Шілде, 2019
Темір жол билетін алыпсатарларға тосқауыл қойылды
2019 жылдың 1 шілдесінен бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ электронды жол құжатын сату жүйесін жетілдірді. Билеттерді сатудың автоматты жүйесі адам факторын азайту мақсатында айтарлықтай өзгерістерге ұшырады.
05 Шілде, 2019
Астана ауыстырудың әлемдік тәжірибелері
Бағзы замандардан басталған мемлекеттердің астана ауыстыру үдерісі бүгін де жалғасын табуда. Оған негізінен елдегі соғыс жағдайы, саяси-экономикалық, экологиялық ахуалы себеп болуда. Көп жағдайда жаңа астананы белгілеуге сол мемлекет басшысының саяси ерік-жігері де әсер етеді. Мәселен, біздің еліміздің астанасын Арқа төсіне көшіруге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болып, бұл шешімнің дұрыстығын уақыттың өзі дәлелдеп берді.
05 Шілде, 2019