Редакция таңдауы
Конгода 548 адам маймыл шешегінен қайтыс болды
Конго Демократиялық Республикасында маймыл шешегінен қайтыс болғандар саны 548-ге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Тамыз, 2024
Мергендер «Қазанат» ипподромында шеберлігін шыңдап жатыр
Дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама спортшылары 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойынына дайындығын пысықтап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
19 Тамыз, 2024
Қазақстанда үш жаңа сот құрылады
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық соттарды құру мәселесін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Тамыз, 2024
Бокс федерациясы жаңа бас бапкерге қандай талап қойды
Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Мұхтархан Ділдәбеков ұлттық құраманың жаңа бас бапкері Қайрат Сәтжановқа қандай талап қойылғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
19 Тамыз, 2024
Биыл көпбалалы отбасыларға 274 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді
2024 жылдың басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 583,4 мың отбасы жалпы сомасы 274,8 млрд теңге мөлшерінде қамтылды. Оның ішінде шілде айында 577,1 мың отбасыға жалпы сомасы 38,6 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Тамыз, 2024
Қазақстанда көбінесе ер адамдар өзіне қол жұмсайды - статистика
Елімізде суицидтен болатын өлім-жітім саны аздап төмендеген. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметі бойынша, осы жылдың қаңтар-шілде айларында елде аяқталған суицид оқиғаларының саны 2,1 мыңға жуықтап, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2%-ға азайды, деп хабарлайды Egemen.kz Ranking.kz-ке сілтеме жасап.
19 Тамыз, 2024
Аида Балаева «Әлия» фильмінің түсірілімі неге тоқтатылғанын түсіндірді
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Әлия Молдағұлова туралы көркем фильмнің түсірілімі неге тоқтатылғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
19 Тамыз, 2024
Болашақ сарбаздарға арналған қалашық
Елордалық жасөспірімдер Шекара қалашығында жауынгерлік шеберліктерін шыңдап, әскери өмірдің қыр-сырына қанық болуына мүмкіндік алып отыр. 18 тамыз – Шекарашылар күні қарсаңында Астанадағы Мичурино тұрғын үй алабында орналасқан «Batyrlar» әскери-патриоттық орталығында Шекара қалашығы ашылды. Елорда іргесіндегі бұл орталықтың жұмыс істеп тұрғанына бір жыл ғана уақыт болған. Соған қарамастан орталыққа келетін тәрбиеленушілердің саны артып келеді.
17 Тамыз, 2024
Баянауылдағы Шалқар көлінде 150 дала құсы белгісіз жағдайда қырылып қалған. Өлген құстардың барлығы – саралақаз (қызыл үйрек). Ветеринарлар құстардың қырылуына әлдебір улы өсімдіктер себеп болуы мүмкін деген болжам жасап отыр.
17 Тамыз, 2024
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды
Париж Олимпиадасынан кейін бұған дейін бокстан Қазақстан ерлер құрамасын баптаған 10 адам жұмыстан шеттетілген еді. Бүгін бокс федерациясы жаңа бас бапкер тағайындалғанын мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
16 Тамыз, 2024
Мемлекет басшысы жартылай фабрикаттар өндірісімен танысты
Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Қосшы қаласында биыл іске қосылған «IL-TOV» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндіріс алаңын аралап көрді, деп жазады Egemen.kz.
16 Тамыз, 2024
Елдегі коронавирус бойынша ахуал бақылауда - министрлік
Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі коронавирусқа қатысты жағдай бақылауда екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Тамыз, 2024
Білімді ұрпақ әрқашан алға озады
Жуырда Шымкенттің орталық мешітінде «Мектепке жол-2024» қайырымдылық іс-шарасы өтіп, оған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты. Сондай-ақ осы акцияда қалалық дін істері басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев пен шаһардың бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы сөз сөйледі. Қонақтар білім-ғылымның мәртебесі, артықшылығы туралы қозғап, оқушыларды сабағын жақсы оқуға шақырды.
16 Тамыз, 2024
Цифрлық университеттің әлқиссасы
Былтыр Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміз жасанды интеллектіні дамытуға баса назар аударуға тиіс екенін айта келіп: «Жетекші халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнату керек. Білікті мамандар даярлауымыз қажет. Кемінде үш белгілі жоғары оқу орны жасанды интеллект саласына қажетті кадр даярлаумен және зерттеулер жүргізумен айналысуы керек», деген еді.
16 Тамыз, 2024
Интернет: Баланы сақтандыру кеңесі
Оқу жылы жақындап келеді. Бұл күнде балаларды мектепке дәптер-қаламымен ғана емес, жеке техникасын да (телефон, смартфон, планшет, ноутбук, тағысын тағы) сайлап дайындайтын болғанбыз. Себебі баламен байланыста болу керек, одан қалды оқушыларға берілетін кейбір тапсырманы орындау техниканы қажет етеді. Әйтеуір әр балада интернетке қосылған бір техника бар. Ал олардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырмыз ба?
16 Тамыз, 2024
Отандық ғалымдар әзірлеп жатқан обырға қарсы дәрі клиникалық сынақтың бірінші кезеңінен сәтті өтті. 1 шілдеден сынақтың екінші кезеңі басталды. Бұл туралы Назарбаев университетінде өткен баспасөз жиынында айтылды.
16 Тамыз, 2024
«Бір ауыл – бір өнім» қандай жоба?
Өткен ғасырдың 70-жылдары Жапонияда керемет бір жоба басталған екен. Ол бойынша бір ауыл немесе сол ауылда тұратын бір кәсіпкер бәсекеге қабілетті өнім өндіріп, нарыққа шығаратын болған. Мұндағы мақсат, біріншіден, елдің кіріс көзін арттыру болса, екіншіден халықты кәсіпкерлікке үйрету еді. Міне, сол жоба өзінің өміршеңдігін танытып, бүгінге дейін жетіп отыр.
16 Тамыз, 2024
Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында бекітілген негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша нақты шаралар қабылдауды жалғастыру үстінде. Осылайша, министрлік ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексін 111,6%-ға дейін, тамақ өнімдерін өндіруді 105%-ға дейін, сусындарды өндіруді 109%-ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
16 Тамыз, 2024
Келісімшартсыз жұмыстың кемшін тұсы
Еңбек етуден түсетін табыс күнкөріс көзі болуымен қатар, адамның әлеуметтік өмірінің әрбір қатпарын қамтиды. Сондықтан жұмыскердің құқықтары мен мүдделеріне қандай да бір кепілдіктерді белгілеу өте маңызды. Бұл тұста әлеуметтік саланың бұлжымас бөлігі саналатын еңбек қатынастары көбіне күрделі, көпжоспарлы болып келетіні мәлім.
16 Тамыз, 2024
«Қашаған» газының игілігін қашан көреміз?
Еліміздің құрлықтағы кен орындарынан «қара алтын» өндіріле бастағалы 125 жыл өтті. Ал Каспий теңізінің тереңіне тұнған мол мұнайды өндіруге қадам жасағалы көп бола қойған жоқ.
16 Тамыз, 2024