Редакция таңдауы
«Ер адамдар ренжімесін»: Президент қызметтегі әйелдердің үлесін жоғары бағалады
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты. Жиын барысында Президент мемлекеттік қызметтегі әйелдердің рөлі жайында сөз қозғады, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20 Ақпан, 2024
Қазақстандағы 217 ауылда су тасқыны қаупі жоғары - Премьер-министр
Үкімет басшысы Олжас Бектенов елде көктемгі су тасқынына қарсы атқарылуы тиіс 218 тапсырманың 92 -сі әлі күнге орындалмай отырғанын айтты. Сондай-ақ Премьер-министр қазірдің өзінде республикадағы кей ауылдар мен көшелердің су басқанын баса айтты. Жауаптыларды жұмысқа селқос қарамауға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
20 Ақпан, 2024
Олжас Бектенов «Жайлы мектеп» жобасын сынға алды
Бүгін Үкімет отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды. Жиында Премьер-министр «Жайлы мектеп» жобасын іске асыруда белгілі бір шикіліктер барын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20 Ақпан, 2024
Алматы агломерациясы: Әкімдер қандай мәмілеге келді?
Алатаудай тәж киген Алматы қаласы жыл өткен сайын құлашын жайып келеді. Мегаполистің халқы көбейіп, бұрынғы облыстың есебінен жаңа аудандар пайда болып жатыр. Мұндайда Алматы және Алматы облысы әкімдерінің ойласпай отыра алмайтыны аян. Нақты жобаларға қатысты құжат түрінде мәміле жасамаса тағы болмайды.
20 Ақпан, 2024
Халықаралық ұйымдар қашанғы әдетімен мемлекеттердің экономикалық әлеуетін сараптап жатады. Қазақстанға да қатысты талай шолу жасалды. Дүниежүзілік банк (ДБ) осы жолғы макроэкономикалық шолуында бізді мақтамен бауыздапты. Таразы басын тең ұстағандай көрінгенімен, қателерімізді бетімізге басып, кей айырмашылықтарды аймандай етіп әшкерелеген тұсы көп. Ұяты бар адам оқыса, екі беті дуылдап-ақ кетердей.
20 Ақпан, 2024
Өңдеуші өнеркәсіпке өзгеше көзқарас керек
90-жылдары нарықтық экономикаға көшу кезеңінде еліміздегі өндіріс орындары тоқырауға ұшырап, қаржылық тапшылықты бастан кешті. Осындай күрмеуі қиын мезгілде біздегі ірі кәсіпорындардың әлеуеті әлсіреп, біраз тәжірибелі маман «қара қазан, сары баланың қамы үшін» білімдерін ала дорбаға ауыстырған болатын. Қай салада да жағдай мәз емес, соның ішінде химия өнеркәсібі мүшкіл халде еді.
20 Ақпан, 2024
Зорлық-зомбылықсыз қоғам және балалар
Алматыдағы БҰҰ кеңсесінде «Зорлық-зомбылығы жоқ қоғам» жобасы таныстырылды. Бастамашы топ қоғамды алаңдатып отырған түйткілді мәселенің алдын алу мақсатында балалар суреттерінің республикалық байқауын ұйымдастырды. Алты айға созылатын іс-шара аясында іріктеу кезеңінен өткен жұмыстар Вена және Алматы қалаларында өтетін көрмеге қойылады.
20 Ақпан, 2024
Жасанды интеллект адам миының компьютерлік томографиясына қарап ой оқуды үйренді. Бұл инсульттан кейін сөйлеу дағдыларын жоғалтқан адамдарға көмектеседі.
20 Ақпан, 2024
Ветеринария: Салада шешілмеген сегіз мәселе
Елімізде жұқпалы инфекциялық және инвазиялық аурулар бойынша індеттік ахуал оңалмай тұр. Жылдан-жылға жақсарудың орнына кері кетіп бара жатқандай әсер қалдырады. Осы себептен дәл қазіргі кезде ветеринария саласында қалыптасқан жағдайға айрықша тоқтала кеткенді жөн санап отырмыз.
20 Ақпан, 2024
Талдықорғанда тұрмыстық химия өндіретін шағын зауыт іске қосылды. Тәулігіне 10 тонна өнім шығару мүмкіндігі бар цех қаланы күнделікті тұрмысқа қажет сұйық ұнтақтармен толық қамтамасыз етуге қауқарлы. Кәсіпкер бұл бизнесіне 50 млн теңге инвестиция салған. Қазір шағын кәсіпорынның жұмысын Қытай мамандарымен бірлесе жандандырып жатыр. Ендігі мақсаты – өнімдерді үлкен нарыққа шығару.
19 Ақпан, 2024
Арманы – Google-ге қызметке тұру
Елімізде цифрлық даму үдерісі өріс алып келеді. Әсіресе осы салаға бет бұрған жастардың қарасы көп. Цифрлық технологияны жетік меңгеріп, IT-дің қыр-сырын білетін өрендер бар. Соның бірі – Әмір Сятов. Ол 14 жасында-ақ ай сайын цифрлық сала арқылы 400 мың теңге тауып отыр.
19 Ақпан, 2024
Алыс ауылдардағы, қаладағы мұқтаждарға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға дәрі-дәрмекті енді дрон тасымақ. Оның ерекшелігі жедел жеткізетінінде болып тұр. Мұндай жағдайға ғылымның жаңалығы, отандық ғалымдарымыздың жетістігі жеткізбек.
19 Ақпан, 2024
Арқада ақпанның ақтүтегі азынап тұрған осы күндерде Көкше жерінен жеткен суық хабар арқаға аяздай батты – айтулы аудармашы, қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғосман Төлеғұл жасы жетпістің төртеуінен жаңа аса бергенде өмірден өтіпті.
19 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, хабарлайды Egemen.kz.
19 Ақпан, 2024
«Майқайыңалтын» кен орны жұмысын тоқтатты
Бүгіннен, яғни 19 ақпаннан бастап «Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасы жұмысын тоқтатты. Бұған қордағы алтын рудасының таусылғаны себеп болды, деп хабарлайды Egemen.kz Qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.
19 Ақпан, 2024
Колледж студенттерінің шәкіртақысы өседі
2023 жылдың қыркүйегінде 250 мың колледж студентінің шәкіртақысы 50%-ға өсті. Биыл қатары 300 мыңға жуықтаған студенттің стипендиясы тағы 50 пайызға артады, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Ақпан, 2024
Үлбі өзенін ластаған ірі компания 50 млн теңге айыппұл арқалады
Үлбі өзенінің ластануына байланысты тергеу ісі аяқталды. Тексеру нәтижесінде «Қазцинк» ЖШС Риддер тау-кен байыту кешеніне 50 млн теңге айыппұл салынды, деп жазады Egemen.kz.
19 Ақпан, 2024
«Отау» бағдарламасы іске қосылады
Елімізде 1 наурыздан бастап жаңа ипотекалық бағдарлама басталады. Бұрын көпшілікке 9-20-25 деген атаумен таныс бағдарлама енді «Отау» атауымен жүзеге асырылмақ. 1 наурыздан бастап 30 сәуірге дейін азаматтар Баспана маркет (otbasybank.kz) порталында бағдарламаға қатысуға өтінішін жолдай алады.
19 Ақпан, 2024
Елдегі ескі көлік иелері алаңдап отыр. Экологтер полицейлермен бірлесіп рейд жүргізбек. Мақсат – түрлі көліктерден бөлінетін газ мөлшерін тексеру. Егер ауаны бүлдіру көрсеткіші нормадан асса, пайдалану құқы шектеледі. Мемлекеттік нөмірі қоса алынады.
19 Ақпан, 2024
Колледж студенті «Umit» чат-ботын жасады. Чат-бот қала тұрғындарын әлеуметтік жағынан қолдау бағытында қолға алынған. Көмекші құралдың қолданылу аясын кеңейтіп, болашақта ел көлемінде нарыққа шығару жоспарланып отыр.
19 Ақпан, 2024