Редакция таңдауы
«Жайлы мектептің» жайсыз ахуалы
Мектептегі оқушы саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Орын жетіспеушілігі өзекті мәселеге айналды. Осыған байланысты елімізде «Жайлы мектеп» жобасы іске асырылып жатқаны белгілі.
14 Шілде, 2023
Қызылордадағы өңірлік коммуникациялық орталығында брифинг өтіп, мамандар Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бағытындағы шаралар туралы баяндады.
14 Шілде, 2023
Аз қамтылған отбасыларға қамқорлық
Ел тұрғындарын жылу, электр энергиясы, су және басқа да коммуналдық қызметтермен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымында қордаланған мәселелерді шешу үшін «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасы іске асырылып жатыр. Оған сәйкес 2023-2029 жылдарға 62 мың км инженерлік желілерді жаңғырту үшін шамамен 3 трлн теңге инвестиция тарту көзделіп отыр. Сондай-ақ аталған бағдарлама аясында жергілікті бюджет қаражаты есебінен аз қамтылған отбасыларға коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегі қарастырылған.
13 Шілде, 2023
Бүгінде білім беру саласының қай сатысын болсын, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық жайлап алғаны белгілі. Еліміздің қай облысын алып қарасақ та сыбайлас жемқорлық фактілері негізінен осы салаға жауапты басшылардың атын күн сайын әйгілеп жатыр.
13 Шілде, 2023
2022 жылғы статистикаға сүйенсек, Қазақстан цифрлық даму бойынша 193 елдің ішінде 28-орында тұр. Цифрлық жүйесі дамыған 30 елдің қатарына ену – үлкен жетістік. Қазір халық көптеген қызметті онлайн ала алады. Соның ішінде 2021 жылы жоғары оқу орындарының диплом деректері QR кодталған болатын. Енді цифрлы диплом алу қызметі колледж түлектері үшін де қолжетімді.
13 Шілде, 2023
Алмабақ ішінде адал еңбектің жемісіне кенеліп отырған ақсақал бейнесі, ұршық иірген қос әже, сағындырған күзгі бақ көзге ыстық, көңілге жылы ұшырайды. Суретші сезімінің нәзік қылын тербеген кенеп бетіндегі мың сан бояулар сырбаз өнердің сиқырына қарай тартады. Үміт пен күдікке толы тынымсыз тіршілік алуан ойлармен арпалысқан адам көңілінің ішкі ырғақтарын тап басқандай.
13 Шілде, 2023
Бояу бедерлеген тылсым дүниелер рухыңды оятатын эликсир тәрізді, жанарыңызға қондырсаңыз жаныңыз жадырап сала береді. Бізге бұл әсерді алғаш ұлы суретші Әбілхан Қастеев сыйлады, әлі де сыйлап келеді. Қазақтың тауы мен жайлауын, тасы мен құмырсқасын суретшідей сүйген жан болсашы.
13 Шілде, 2023
«Айсұлу» операсы кімге арналған?
Қазақтың музыка өнерінде көрнекті композитор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сыдық Мұхамеджановтың алар орны бөлек. Оның таланты сан қырлы. Консерваторияны бітірмей-ақ шұрайлы шығармаларымен елге танылды. Музыканың күрделі жанрларына құлаш сілтеп, скрипка мен фортепианоға арналған сонаталар, пьесалар, хорлар, драмалық қойылымдарға музыка, тыңдармандарды нәзік сезімге бөлеген бірнеше ән мен романс жазды.
13 Шілде, 2023
Мағзұм Мырзағалиев пен Жандос Нұрмағанбетовке сөгіс жарияланады
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовке сөгіс жарияланатын болды. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жасаған баяндамасынан белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Шілде, 2023
«Семей орманы» резерватындағы өрт толығымен сөндірілді
Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысы Бородулиха ауданы аумағындағы «Семей орманы» резерватындағы орман өрті толығымен сөндірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Шілде, 2023
«Бүйірінде АЭС тұратынына бәрі дайын емес»: Нұрлан Жақыпов АЭС құрылысы туралы
«Самұрық-Қазына» қорының төрағасы Нұрлан Жақыпов Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Шілде, 2023
Бүгін Ұлттық қауіпсіздік органдары күні
Бүгін елімізде Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Шілде, 2023
Мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау басталды
Қазақстандық жоғары оқу орындары білім гранттарына құжаттар қабылдауды бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
13 Шілде, 2023
Аз қамтылған отбасылардың коммуналдық шығындары өтеледі - Үкімет
Биылдан бастап энергия көздерінің жабдықтарын кешенді жаңғырту, сондай-ақ электр, жылу, сумен жабдықтау және су тарту желілерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру басталды. Бұл апаттар санын азайтуға және жалпы ұсынылатын коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Шілде, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күні кеше «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға қол қойды. Талайдан бері талқыланып, қоғам назарын аударып келген мәселе осылайша заңды түрде бекітілді.
13 Шілде, 2023
Заңсыз шығарылған қаражатты қайтаратын құжат
Мемлекет басшысы «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға қол қойды.
13 Шілде, 2023
Қазақстан Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Терроризмге қарсы күрес басқармасының (ТҚКБ) басшысы Владимир Воронковпен келіссөз жүргізді.
13 Шілде, 2023
Қаптаған құрылыс, қордаланған мәселе Астананың ажарына көлеңке түсіреді
Астана елорда болғалы құрылыс қарқыны бәсеңдеген емес. Құрылыс күшейген сайын қаланың құлашы кеңге жайылып, құлпыра түсті. Алайда алып шаһарға айналып келе жатқан, қалыптасу үдерісіндегі осынау құрылымда бас жоспармен үйлеспейтін жүйесіз, ретсіз, қисық қаланған «кірпіштер» де баршылық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте мұндай олқылықтардың барлығын жіпке тізгендей алға тартып, қаладағы жүйесіздікті қатаң сынға алды.
13 Шілде, 2023
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысында еліміздің биылғы қаңтар-маусым айлары аралығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.
12 Шілде, 2023
G4 City жобасын жүзеге асыру тетіктері
Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен мемлекеттік органдар мен ұйым өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте G4 City жобасын одан әрі іске асыру мәселесі талқыланды.
12 Шілде, 2023