Редакция таңдауы
Садақ ату мектебі қолдауға зәру
Қостанайда былтыр қараша айында ашылған ұлттық садақ ату мектебінің шәкірттері әуелде «Наурыз» шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің жертөлесінде жаттығып жүрген. Балаларға жебе тартудың ережесі мен мергендіктің қыр-сырын үйретіп жүрген Аяулым Аппазова – садақ тартудан ел чемпионы, талай халықаралық жарыстарға қатысып, жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүрген тәжірибелі спортшы.
18 Қараша, 2022
Чили компаниясы Жетісуға келеді
Чилилік «ME-Elecmetal» компаниясы тау-кен өндірісі саласында шикізатты Қытайдағы кен орнынан жеткізіп, Жетісу аймағында өңдеу ісімен айналыспақ. Олардың жылына 100-140 мың тонна жоғары сапалы өнім өндіру жоспары бар.
18 Қараша, 2022
Тіркеле алмағандар да дауыс береді
Алда келе жатқан кезектен тыс президент сайлауында Алматы тұрғындары тіркеуде бар-жоғына қарамастан, дауыс бере алады. Заңнамада уақытша немесе тұрақты тіркелген азаматтар дауыс бере алатыны анық жазылған.
18 Қараша, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда студенттермен және жас ғалымдармен кездесуі барысында еліміздің дамуы білімді жастардың болашағымен тығыз байланысты екенін атап өтті.
18 Қараша, 2022
Жыл сайынғы дәстүр бойынша «Алматы почтамты» Алматы филиалында «Жазылушылар күні» өтті. Бұл күні пошта бөлімшесіне келушілер үшін мерзімді басылымдардың көрмесі ұйымдастырылды.
18 Қараша, 2022
Сахнада – қанатқақты туындылар
Театр адамды ойландыруымен құнды. Бұл жерде жұмыр басты пенделердің тағдыр тартысы, ішкі рухани толқынысы көрініс табады. Биыл Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театры жаңа эксперименттік драманы ұсынғалы отыр. Драматургия заңдылықтарына бағынбайтын қойылым ерекше үлгідегі премьера болмақ.
18 Қараша, 2022
Біздің кеңестік қазақ тарихында көп айтылмай жүрген ақтаңдақ жетерлік. Соның бірі – 1952 жылы Капустин Яр әскери полигоны ашылғанда туған жерінен еріксіз көшірілген мыңдаған адамның тағдыры. Биыл сол сүргінге 70 жыл толды.
18 Қараша, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты биылғы Жолдауында «Қазір ауыл шаруашылығына арналған жер туралы толыққанды ақпарат жоқ. Жер құнары, су ресурстары мен суару жүйесі және оның жолдары жайлы мәліметтер жан-жақты шашырап жатыр» деп атап көрсетілген болатын.
18 Қараша, 2022
Жүйкені жұқартқан жарық «жыры»
Атырау облысының аумағында табиғи байлық аз емес. Жер астындағы мұнай мен газды, Жайық-Каспий су бассейніндегі балықтың сан алуан түрін айтпағанда, Менделеев кестесіндегі химиялық элементтер әлі толық игеріле қойған жоқ. Өзге өңірлерде көп кездесе бермейтін осындай ен байлықтың үстінде отырған Атырау облысында жұртшылықты толғандырар, тіпті жүйкесіне тиер түйінді мәселенің шешімі тарқатылмай отыр.
18 Қараша, 2022
Ертістің үстінен жаңа көпір салынады
Ертіс өзенінің үстінен құны 40,3 млрд теңге тұратын жаңа автокөлік көпірі салынады. Облыс орталығының батыс бөлігінен шығып, елордаға бағыт алатын республикалық жолдың бір бөлігі саналатын ескі көпір бүгінде әбден қаусап тұрғаны мәлім. Жаңа стратегиялық нысанға республикалық бюджеттен қаржы бөлінетіні туралы ақжолтай хабар керекуліктерді айрықша қуантып отыр.
18 Қараша, 2022
Астықты аймақтың әлеуетін арттыратын өте маңызды мәселенің бірі – машина-трактор паркін жаңа заман талабына сай жаңғырту. Осы іске Көкшетаудағы «Қазақстанның Агроинновациялық корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сүбелі үлес қосып келеді.
17 Қараша, 2022
Қор нарығын дамыту мүмкіндіктері
Алматыда «ESG – қаржы нарығын дамытудың жаңа парадигмасы» халықаралық конференциясында сарапшылар ESG ішкі нарықпен интеграциялау процесін талқылады. Бұл жиын Қазақстан қаржыгерлерінің Х конгресі аясында өтті.
17 Қараша, 2022
Жеті жұттың бірі – өрт биыл билікті де, бұқараны да бидайша қуырды. Елдің түкпір-түкпірінде жұрттың өзегін күйік, өңірін өрт шалған аймақ аз емес. Әсіресе қыркүйектегі жалаңдаған жалын бұқараның бейуақытта көрген беймаза түсіндей еді. Өңірдегі өрттер жай кеткен жоқ. Өрт сөндіру қызметін сынап, елге есесі кеткен тұстарын ескертіп кетті.
17 Қараша, 2022
Қазір отбасы құрамында төрт бала болса, ата-анаға қоғам болып көмек қолын созуға тырысамыз. Аталған шаңыраққа әлеуметтік жәрдемнің де ауылы алыс емес. Сол сәтте жеті ұлды жеткізген байырғы ер мінезді шешелеріміз еске түсетіні бар. Білесіз бе, біз сондай бір жанға жолықтық. Ол – 14 баланың анасы Гүлназ Шәкенова. Көпбалалы ана шағын кәсіпті де меңгерген. Бүгінде есік алдына дәмхана ашып, Сарыөзек ауылының сәнін келтіріп отыр.
17 Қараша, 2022
Қашан да сынай қарайтын халықпыз ғой. Самар мен Тарбағатай жекелеген аудан болып бөлінген сәттен ертеңгі күндеріне бір үміт, бір күдікпен қарап жүргеніміз рас. Қос аудан қайта қалыптасып кетуі үшін басшылар ауқымды жобаларды қолға алып, ілкімді істер атқаруы керек шығар. Бұл кезеңдегі аудан басшылары үлкен жауапкершілік арқалап отыр. Самар мен Тарбағатайдың аудан болып құрылғанына бес ай уақыт өтті. Бес айда қандай жұмыстар атқарылды деп Самар ауданына сапарлап барғанбыз.
17 Қараша, 2022
Үркердің болашақ бағдарламашылары
Жуырда елорданың шетіндегі Үркер ауылында «I-Ybray, болашағыңды бағдарла» әлеуметтік жобасы аясында балаларды бағдарламалауды үйрету және цифрлық құзыреттіліктерін дамыту мақсатында Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында ІТ сынып ашылды.
17 Қараша, 2022
Екінші дүниежүзілік соғыста ерлігі еленбей қалған қазақ мергендерінің бірі – Әйтеке би ауданына қарасты Ақкөл ауылының «Қауақ» ұжымшарынан әскерге шақырылған Қуанай Әбдірахманов. Барлаушы-мергеннің ерлігі туралы туыстарының қолында сақталған жалғыз дерек – «Социалистік Қазақстан» газетінің 1944 жылдың 10 желтоқсанында (№244 саны) жарық көрген «Мергеннің есебі» атты мақала.
17 Қараша, 2022
Ұлттық балет өнерінің биігін бағындырған біртуар биші, КСРО халық әртісі Рамазан Бапов жарық дүниемен ерте қоштаспағанда, биыл 75 жасқа толар еді. Мәскеу хореографиялық училищесінің үздік түлегін Үлкен театр аттай қалап, балет труппасының құрамына қабылдамақ болғанда, Отанына оралуды жөн көрген Рамазан қазақ өнерінде жаңадан бүр жарып келе жатқан балетті өркендетуді ғана ойлаған екен. Абай атындағы Опера және балет театрына биші болып орналасқан күннен бастап өзін тек өнерге ғана арнап, жиырма жылдан аса барлық жетекші партияларда билеп, есімін классикалық би өнерінің тарихына алтын әріппен жазып кетті.
17 Қараша, 2022
Ертіс-Баян өңірі Әзағаңның – Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылығын әрдайым әз тұтып, айрықша құрметтейді. Себебі жазушының өзі үшін «әдебиет айдынына көтерген космодромы болған» Кереку жерінде «Махаббат, қызық мол жылдар» романының алғашқы жолдары қағаз бетіне түскен екен.
17 Қараша, 2022
Мүсілім Әмзе: Дирижерлік – бекзат өнер
Қазақстанның классикалық музыка өнерінде Ахмет Жұбанов бастаған дарынды дирижерлер көшін кәсіби түрде жалғастырып келе жатқан қалың шоғыр бар. Солардың арасында өзіне сенімді, байсалды, маңғаз мәнерінен зиялылық байқалатын Мүсілім Әмзені айрықша атауға болады. Алматының жанға жайлы мақпал кешін сахнаның сырлы әуенімен әрлей түсіп, көрермен көңіліне қанат байлап, ықыласпен шығарып салатын, шығармашылық концерттерде жиі бой көрсететін маэстроның өнерін көрермен қашан да құрметпен қабылдайды. Сиқырлы таяқшамен ауада өрнек салып, бүкіл аспапты үйлесімді ырғаққа ұйыстырып, оркестрді бір тыныспен басқаратын дирижер әр шығарманың өзегіне жан беріп, оны қайта тірілтіп қана қоймай, шабыт шеберлігі мен өнердің өлмес құдіретіне еріксіз бас идіреді. Ұлттық консерваторияда білім алып, түрлі оркестрмен шет ел сахналарында шеберлігін шыңдаған Мүсілім Әмзе – Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы құрамындағы Т.Әбдірашев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық симфония оркестрі мен Н.Тілендиев атындағы мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің дирижері. Сонымен қатар музыка өнеріндегі ғылыми-педагогика бағытында қызмет етіп жүрген ұстаз.
17 Қараша, 2022