Редакция таңдауы
Ұрпағымызды кім тәрбиелеп жүр?
Бүгін, міне, Тәуелсіздік алған жылы туған перзенттер отыздан асты. Мектептегі, жоғары оқу орындарындағы жастардың бәрі – тәуелсіздік төлдері. Жұмысқа жаңа орналасып жатқан алғашқы дипломды лек те солар. Тәуелсіздік кезеңдегі туған жастар қандай? Олар алғыр, өжет, жалтақтау дегенді білмейді. Ойларын бүкпесіз ашық айтады.
19 Қаңтар, 2023
Бет-бейнесі мультфильм кейіпкерлері секілді аса бір күлкілі де қызықты портреттерді көрген боларсыз. Графика өнерінде бейнелеудің бұл түрі карикатура аталады. Бір бойына сатира мен журналистика элементтерін қоса алып жүретін аталған жанр бейнеленген кейіпкердің ішкі болмысын, мінез-құлқын да бере алатын қасиетімен өміршең.
19 Қаңтар, 2023
Биыл 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісінің бас сардары Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толады. Соған орай елордадағы «Қазмедиа» орталығында Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы және «Амангелді Иман» қоғамдық қорының бастамасымен халық батырының айтулы мерейтойына арналған брендбук таныстырылды.
19 Қаңтар, 2023
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктері тоқтатылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Қаңтар, 2023
Депутаттық мандаттың 30 пайызы әйелдер мен жастарға бөлінеді
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қаңтар, 2023
Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қаңтар, 2023
Астанада балабақша тәрбиешілері балаға қол көтерген
Астанада балабақша тәрбиешілері ерекше қажеттіліктері бар балаға қол көтерген, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қаңтар, 2023
Әлихан Смайылов тағы бір қызметке ие болды
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қаңтар, 2023
Риддерде жылу электр орталығынан өрт шықты
Бүгін сағат 06:54-те «Риддер ЖЭО» қазандығының көмір беру цехында өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қаңтар, 2023
Универсиада 2023: Қазақстан үшінші алтынды еншіледі
Лейк-Плэсидте (АҚШ) өтіп жатқан 2023 жылғы Универсиадада биатлоншылар 10 шақырымдық спринттен өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
19 Қаңтар, 2023
Халықаралық шарттар қабылданды
Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында депутаттар бірқатар заң жобасын ратификациялады.
19 Қаңтар, 2023
Парсы шығанағындағы сенімді серіктес
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы ресми сапарын Біріккен Араб Әмірліктерінен бастады. Дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толу қарсаңында өткен сапар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі ілгерілетуге оң серпін береді.
19 Қаңтар, 2023
Құлдыққа түскендер құтқарылады
Сыртқы істер министрлігінде өткен брифинг барысында Қазақстанда Мексика елшілігін ашу, Ауғанстан мәселесі, Азық-түлік және ауыл шаруашылығы жөніндегі дүниежүзілік форум секілді бірқатар мәселе баяндалды.
19 Қаңтар, 2023
Қоғам жемқорлықты жоюға мүдделі
Еліміздің 30 жылдағы дамуына үлкен кедергісін келтірген, көшімізді кері тартқан мәселе жемқорлық екенін көбіміз білеміз. Біле тұра, бұл індетпен күресте әлі де айымыз оңынан тумай тұрғаны айқын екенін де мойындаймыз. Кедергісіз келешек, жарқын болашақ – жалпы әділет салтанат құрған қоғам орнатқымыз келсе, осы жемір мәселені түп-тамырымен жоюымыз керек.
19 Қаңтар, 2023
Осыдан отыз жыл бұрын 19 қаңтарда Президент Жарлығымен Қарулы күштерде командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары институты құрылды. Тәрбие жұмысы органдарының тарихы, міне, осы сәттен бастау алады. Осыған орай біз Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Қамалитденовпен сұхбаттасқан едік.
19 Қаңтар, 2023
Туристік саладағы кәсіпкерлер мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары шетелдік туристер үшін 5 пайыз мөлшерінде Bed Tax туристік жарнасына қатысты теріс қорытынды шығарды. Бірақ Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен 2023 жылдың қаңтарынан бастап аталған жарнаға қатысты норма іске қосылды. Ал бизнес бұл жарна салаға кері әсер етеді деп қауіптеніп отыр.
19 Қаңтар, 2023
Осы жылы қаперде ұстайтын тәуекелдер
Негізінен импорттаушы ел екенімізді ескерсек, бізге азық-түлік пен тұтыну өнімдерінің жаңа көзін табу тиімді болмақ. Егер өндірісті өзімізде өрістете алсақ, тіпті жақсы. Сонымен қатар шикізатымызды тасымалдайтын жаңа бағыттардың керек екенін 2022 жыл жақсылап түсіндіріп бергендей. Осы орайда 2022 жылдың 5 негізгі экономикалық оқиғасын айқындап, биылғы тәуекелдерді тізбелеген «Jusan Analytics» сарапшыларының шолуын ұсынамыз.
18 Қаңтар, 2023
Қазіргі әлемдегі кітапханалардың рөлі түбегейлі өзгерді. Бұрын кітапхана қорында сақталған мұрағаттарға қол жеткізу үшін біршама уақыт кететін. Жаңа технологиялар келгелі кітаптар мен құжаттар электронды түрге аударылып, арнайы желілерде орналастырылатын болды. Сөйтіп барлық деректер қоры электрондық ресурстар тізіміне қосылды.
18 Қаңтар, 2023
«Egemen Qazaqstan» газетінің байырғы оқырманымын. Басылымның биылғы 10 қаңтар күнгі №5 санында «Алғашқы қазақ календары» атты мақала (авторы Бекен Қайратұлы) жарияланған екен. Өте құнды жоба.
18 Қаңтар, 2023
Жол апатына ұшырап, жалғыз перзентінен айырылған түтінге көңіл айта келген бір жамағайынның кеудесіне жаназада сап түзеп тұрып көзім түсіп кетіп еді, кіршеңдеу кәстөмінің өңірінде салбыраған дөп-дөңгелек медаль көңілімді мұздатып жіберді. Мойын бұрып қарасам, «N. ауданының құрметті азаматы» деп жазылыпты. Оу, марапатты салтанатты сарайда, құрылтай мен мерейтойда тақпаушы ма еді? Марқұмды жерлеп болғасын, оңтайлы жерде жеңіл ауыздыққа салып: «Қаралы басқосуға мынаны неге тақтыңыз?», деп едім «Өлгенде әрең алған наградам ғой», деп салмақты жауап берді.
18 Қаңтар, 2023