Редакция таңдауы
Құны 230 млн доллар болатын зергерлік бұйымдар мен асыл тастар. 140 мың гектардан астам жер. 400 млн доллар қаржы, 300 млн доллардың бағалы қағаздары. Мемлекет меншігіне өткен Атырау облысындағы газ өңдеу зауыты мен Астанадағы «Болашақ» бизнес орталығының ғимараты. Заңсыз жекешелендірілген «Барыс» пен «Шапағат» базарлары. Осының барлығы – 630 млрд теңге. Бұл – мемлекетке өтелген залал мен қайтарылған активтердің құны. Басқаша айтар болсақ, бұл осыдан бес ай бұрын жасақталып, жұмысына кіріскен Активтерді қайтару жөніндегі комиссия қызметінің алғашқы көрсеткішінің бірсыпырасы.
03 Қараша, 2022
Берік Асылов: Комиссияның көздегені – заңсыз капиталды елге қайтару
«Мемлекеттің байлығы белгілі бір адамдарға емес, барша халыққа тиесілі. Сондықтан, бүкіл халықтың әл-ауқатын арттыру – алдымызда тұрған аса маңызды міндет». Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы кезінде айтқан болатын. Жақында комиссия құрылғалы бері атқарған жұмыстарының қорытындысын жариялады. Құрамына құқық қорғау, орталық атқарушы органдар мен ведомстволардың бірінші басшылары кіретін комиссия бес айдан бері жұмыс істеп келеді. Бас прокуратураның мәлімдеуінше, осы уақыт ішінде елге кем дегенде 630 млрд теңге қайтарылған. Бұл қомақты капиталдың артында қандай жұмыс тұр? Қайтарылған қаржы кімдерге тиесілі болған? Бұған дейін нормативтік актілер кімнің пайдасына шешіліп келген? Алдағы уақытта комиссия қанша уақыт жұмыс істейді? Шыны керек, активтерді қайтару жөніндегі комиссияның қызметіне қатысты бұл сұрақтар мен мәселелер бүкіл қоғамды қызықтырады. Халықтың жіті назарында тұрған осы сауалдарды біз ведомствоаралық комиссия басшысы, Бас прокурор Берік АСЫЛОВҚА қойған едік.
03 Қараша, 2022
Қазан айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 468,23 теңгеге дейін, 1,7 пайызға нығайды. Ұлттық банктің хабарлауынша, Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 91 млн доллардан 121 млн долларға дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,4 млрд долларды құраған.
03 Қараша, 2022
Демократия институттарын дамытудың нақты көрінісі
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын іске асыруға қатысты бірқатар құжат қабылданды.
03 Қараша, 2022
Елордада мектеп салу мәселесі өте өзекті. Өйткені демографиялық өсім қарқынын ескерсек, оқу орындарының санын азайтпау аса маңызды. Мәселеге мән берген елорда әкімі Алтай Көлгінов мектеп салу үшін 100-ден астам учаске анықталғанын Instagram парақшасында мәлімдеді.
03 Қараша, 2022
Ұлттық академиялық кітапханада өткен шығыстанушы, Мысырдағы мәмлүктер тарихын зерттеуші, арабтанушы Қайрат Сәкидің «Сұлтан Байбарыс», «Ер қаруы – бес қару», «Юрта на вершине пирамиды» атты кітаптарының тұсаукесерінен алған әсерімізден әлі арыла алмай жүрміз. Мәдениет және спорт министрлігі мен осы академиялық кітапханаға алғысымыз шексіз.
03 Қараша, 2022
Жақында елордадағы Мемлекеттік Әскери-тарихи музейде Суретшілер одағының мүшесі, белгілі қылқалам шебері Аманат Назарқұлдың «Елім менің» атты жеке көрмесі өтті. Мазмұнды іс-шара Республика күнімен бірге Қазақстан мен Германия Федеративтік Республикасының дипломатиялық қарым-қатынасының 30 жылдығына арналды.
03 Қараша, 2022
HR студенттерінің алғашқы форумы
М.С.Нәрікбаев атындағы Қазақ заң университетінде «Дарындарды басқару – HR студенттерінің бірінші форумы» өтті. Форумға еліміздің 12 университетінен 70-ке жуық болашақ HR мамандары қатысты. Аталған іс-шара Қазақстанның HR қауымдастығымен бірлесе отырып, еліміздің жоғары оқу орындарындағы HR студенттеріне ерекше назар аудару, оларға беріліп жатқан білім сапасын саралау мақсатында ұйымдастырылды.
03 Қараша, 2022
Шымкентте балабақша меңгерушісі бюджет қаржысын жымқырған
Шымкентте балабақша меңгерушісі «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 19 миллион теңге жымқырды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторингі агенттігінің ресми парақшасына сілтеме жасап.
03 Қараша, 2022
Азық-түлік инфляциясы 20,5 пайызға жетті
Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдіктері басшылығының қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03 Қараша, 2022
Шахтинскте қаза тапқан кеншілердің тізімі жарияланды
3 қарашада Қарағанды облысының әкімдігі Шахтинсктегі шахтада орын алған апат кезінде қаза тапқан кеншілердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Қараша, 2022
Ленин шахтасындағы оқиғаға байланысты қылмыстық іс козғалды
Ленин шахтасында бес кенші қаза болған оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Қараша, 2022
Шахтада зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Қарағандыдағы Ленин атындағы шахтада орын алған апаттан кейін Шахтинск орталық ауруханасына төрт адам жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Қараша, 2022
Қарағанды облысындағы шахтада төрт кенші қаза тапты
Бүгін түнде Қарағандыдағы Ленин атындағы шахтада апат болып, төрт кенші қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Қараша, 2022
Қаңтар оқиғасынан кейін құрылған «Аманат» тәуелсіз комиссиясы «Қасіретті қаңтар» кезінде қолына қару алмаған, қаланы қиратпаған, халқына оқ атпаған, тонамаған азаматтарға араша түсіп, жазықсыз жандар босқа күйіп кетпесін деп біраз жұмыс атқарды.
03 Қараша, 2022
Пренаталдық шаралар нақтыланды
Кейінгі кезде туа пайда болған және тұқым қуалайтын аурулардың профилактикасын және оның алдын алу ем-домын, диагностикасын уақтылы жүргізу мәселесі қоғамда өзектілігін жоймай келеді. Бұл орайда ұрықтың даму аномалияларын ерте диагностикалау тиімділігін арттыруға, нәресте өлім-жітімін, балалардың мүгедектікке ұшырауын төмендетуге бағытталған пренаталдық (босанғанға дейінгі) медицина қызметін одан әрі жетілдіру бойынша Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар стратегиялық шешім қабылдады.
03 Қараша, 2022
Жуырда Брюссель қаласында қазақстандық делегация Еуропалық комиссиямен, ұшу қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық агенттікпен (EASA) және Еуропалық Одақ мүше мемлекеттері өкілдерімен техникалық кездесу өткізді. Еурокомиссия Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігінің деңгейін оң бағалады.
03 Қараша, 2022
«Қазақмыс» компаниялар тобы соңғы тоғыз айдағы өндірістік қызметінің қорытындысын жариялады. Ресми мәліметке сүйенсек, қаңтар-қыркүйек аралығында «Қазақмыс Холдинг» ЖШС барлығы 23 млн 583 мың тонна кен өндірген. Көрсеткіш бір жыл бұрынғы деңгейден (22 млн 714 мың тонна) төмен.
03 Қараша, 2022
«Жібекті түте алмаған жүн етеді» деген сын туризм саласындағы ахуалға айтылғандай...
Бабаларымыз қилы замандарда әлемдегі тоғызыншы территорияны иемденіп, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап өтті.
02 Қараша, 2022
Тоғыз жолдың торабындағы Қазақстан
Еліміздің халықаралық көлік-логистикалық әлеуетінің жоғары екені жиі айтылады. Сондықтан оқырманға түсінікті болу үшін байланыстың әр бағытына жеке-жеке тоқталып, толық ақпарат ұсынуды жөн көріп отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, тоғыз жолдың торабында орналасқан Қазақстанның көлік-логистика саласы су, әуе, автомобиль және темір жолдардан тұрады.
02 Қараша, 2022