Редакция таңдауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Биыл 20 қараша күні сайлау өтеді. Алдағы сайлау – 2019 жылдан бері қолға алынған саяси реформалардың жүйелі жалғасы.
03 Қазан, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының халқымен кездесіп, өңірдің дамуына қатысты мәселелерді айқындап, нақты міндеттерді белгіледі.
03 Қазан, 2022
Жусаны жыр оқып, татыры ағыл-тегіл тарих болып ақтарылған қасиетті қарт Торғайдың қақ төрінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған торқалы той өтті. Дүбірлі тойға Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев арнайы келіп қатысып, Алаштың қос алыбы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының ескерткішін ашты.
02 Қазан, 2022
Украина мен Ресей арасындағы әскери қақтығыстың салқыны әлемге оңайға тимей тұрғаны белгілі. Алғы шептегі іргесі сөгілген әскерінің орнын толтыру үшін Кремль билігі ішінара мобилизация жариялады. Алайда осыдан кейін ел тұрғындары көршілес мемлекеттерге жөңкіле көшті. Олардың бір легі Қазақстанға келді. Осыған байланысты елімізде түрлі пікір қалыптасқаны белгілі. Дегенмен тоғызыншы территорияның тарихына көз жүгіртсек, халқымыздың мұндай «көштің» талайын бастан өткергеніне куә боламыз.
02 Қазан, 2022
Кинология жайлы естуіңіз болса да ақылды иттердің ақымақ адамдардың қылмысын әшкерелегенін кинодан ғана көруіңіз мүмкін. Ал бізге бір күн бойы иісшіл иттер мен иесі арасындағы достық байланысты көзбен көру бақыты бұйырды. Сол достық сезім қаншама қылмыстың ашылуына сеп болды десеңізші...
02 Қазан, 2022
Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады
ҚР Білім министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің барша мұғалімдерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz министрдің Telegram арнасына сілтеме жасап.
02 Қазан, 2022
Ажар Ғиният Қазақ республикалық лепрозорийдің жұмысымен танысты
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында 75 төсек-орынға есептелген Қазақ республикалық лепрозорийдің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
01 Қазан, 2022
Ахмет Байтұрсынұлының есімі ешқашан ұмытылмайды - Мәулен Әшімбаев
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
01 Қазан, 2022
Тамара Дүйсенова зейнеткерлерді Қарттар күнімен құттықтады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанның барлық зейнеткерлерін Қарттар күнімен құттықтап, аға ұрпақ өкілдеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбітшілік пен амандық тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
01 Қазан, 2022
Қайрат Боранбаевқа қатысты істі тергеу аяқталды
ҚР Қаржы мониторингі агенттігі аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырды және ақшаны жылыстатты деген күдікке ілінген Қайрат Боранбаев пен оның сенімді адамы Нахановқа, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Ибулла Серді және «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жанұзақ Тайырға қатысты істің тергеуін аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz агенттікке сілтеме жасап.
30 Қыркүйек, 2022
«URKER-2022» Ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды
Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін «URKER – 2022» Ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
30 Қыркүйек, 2022
Семейде «Ұстаз бен шәкірт» ескерткіші салтанатты түрде ашылды
Президент Семей қаласында Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған «Ұстаз бен шәкірт» ескерткішін салтанатты түрде ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Қыркүйек, 2022
Президент Семейде заманауи жылу электр орталығын салуды тапсырды
Мемлекет басшысы Семейде заманауи жылу электр орталығын салуды және инфрақұрылымды жаңарту мәселесін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Қыркүйек, 2022
Абай облысындағы ЖОО-ларға қосымша 500 грант бөлінеді
Мемлекет басшысы Абай облысындағы жоғары оқу орындарына қосымша 500 грант бөлуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Қыркүйек, 2022
Биыл Абай облысына 197 миллиард теңге инвестиция тартылды
Жыл басынан бері аймаққа 197 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Абай облысының жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Қыркүйек, 2022
Президент Абай облысында қоқыс жинайтын жаңа полигон салуды тапсырды
Мемлекет басшысы халықаралық стандартқа және экологиялық нормаларға сай келетін қоқыс жинайтын жаңа полигон салуды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Қыркүйек, 2022
Абай облысында 62 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының жұртшылығымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Қыркүйек, 2022
Ұстаз біздің қоғамда әрдайым сыйлы тұлға болады - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысы жұртшылығымен кездесуі барысында өңірдегі білім беру сапасына айрықша тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Қыркүйек, 2022
Жаңа облыс тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді - Президент
Президент жаңадан құрылған облысты ұлттың ұлы тұлғасына деген ерекше құрмет белгісі ретінде Абай деп атағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Қыркүйек, 2022
Жақында Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің ұйымдастыруымен елорда төріндегі Ұлттық архив мекемесінде «Архив және болашақ ұрпақ» атты ашық есік шарасы ұйымдастырылып, көпшілік көмбеде жатқан жәдігерлермен танысты. Мәдени жиынға келген қауым экспозицияға қойылған заттық және құжаттық жәдігерлер арасынан атақты ғалым-саяхатшы әл-Идрисидің картасын тамашалай алды.
30 Қыркүйек, 2022