Редакция таңдауы
Бүгін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын ұстап тұру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Тамыз, 2022
Коронавирус жұқтырған 34 адамның жағдайы ауыр
5 тамыздағы мәлімет бойынша, 28 469 адам коронавирус инфекциясынан (–28 157+ және 312 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
06 Тамыз, 2022
НАТО Грекияға 11 ұшақ пен 29 тікұшақ жіберді
Грекия билігінің өтініші бойынша жіберілген 11 ұшақ пен 29 тікұшақ елдің өрт шалған 20 аймағына жөнелтілді, деп хабарлайды, Egemen.kz.
06 Тамыз, 2022
Полиция генерал-майоры изоляторда көз жұмды
Тергеу изоляторында жатқан генерал-майор Жайлаубек Халықұлы қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Тамыз, 2022
Регбиден Қазақстан құрамасы Иракты жеңді
Индонезияда өтіп жатқан Men Sevens Trohy 2022 турнирін Қазақстан ерлер құрамасы жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
06 Тамыз, 2022
Мұнай кенішінен адам сүйегіне ұқсас қаңқалар табылды
Жалағаш ауданы аумағында орналасқан «Майбұлақ» кеніші аймағында адам сүйектеріне ұқсас қаңқалар табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Тамыз, 2022
2 287 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Бұл туралы Egemen.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап хабарлайды.
06 Тамыз, 2022
Байланыс операторларына 135 млн теңге айыппұл салынды
Өткен жылы интернет пен байланыс қызметін сапасыз көрсеткен операторларға 135 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Тамыз, 2022
Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігін сынға алды
Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бейнеконференция байланысы режимінде отандық кәсіпкерлер кеңесінің кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Тамыз, 2022
Қанат Әлмағамбетов: «Алып темір жол механизмінің жұмысында іркіліс болмауға тиіс»
Биыл «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өзінің 25 жылдығын атап өтуде. Осы уақыт ішінде ұлттық тасымалдаушы өндірістік көрсеткіштерін жыл сайын арттыра және ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыра отырып, өзгерістердің ұзақ жолын артта қалдырды. Темір жол Қазақстанның экономикалық дамуы мен қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызға ие. Бүгінде компания жаңа реформалар қарсаңында тұр. Осыған орай, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов «Egemen Qazaqstan»-ға сұхбат беріп, қол жеткізілген нәтижелерге тоқталып, алдағы өзгерістер мен жоспарлар жайлы әңгімеледі.
05 Тамыз, 2022
Қазақстанда Ресейлік екі ЖОО-ның филиалы ашылады
Биыл Қазақстанда Ресейдің екі жоғары оқу орнының филиалы ашылады. Тиісті қаулы Үкіметте қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Тамыз, 2022
Жер жаралғалы омартадай азынаған алуан пікірлер шоғыры қоса жаралды. Пікірлердің дені адамның өзін іздеуге жолға шығуға үндейді. «Философияны көктен жерге түсірген» Сократ «Өзіңді таны» деді. Абу-ль-Фарадж: «Даналықтан ада жүрек – өлік жүрек. Ал оны ғылыммен байытсаңыз, ол семген баққа жауын жауғандай қайта тіріледі» деді. Әл-Фараби: «Бақыт – кемелдікке ұмтылу» екенін айтты. Борхес: «Әр адам жұмақты әртүрлі бейнеде қиялдайды, ал мен оны бала күннен кітапхана кейпінде елестетемін» деді.
05 Тамыз, 2022
Бүгін академик Шахмардан Есеновтің туғанына 95 жыл толды. Қазіргі Қазақстанды Ш.Есеновсіз елестету өте қиын. Өйткені ғалымның тарихта қалдырған ізі елдің болашақ тағдырын айқындап берген қадамдардың бірі болған еді.
05 Тамыз, 2022
Wordle-ды қазақша сөйлеткен жастар
Жыл басынан бастап әлеуметтік желілерде сұр, сары және жасыл шаршылардан диаграммалар бейнеленген сілтемелер жиілеп кетті. Сіз де көріп, оның не екеніне қызығушылық танытсаңыз, бұл Wordle деп аталатын сөз ойыны.
05 Тамыз, 2022
Қаржы пирамидасы: Көп асқанға – бір тосқан
Соңғы бірер жылда қаржы пирамидасының құрығына түскен қазақстандықтардың қатары күрт артты. Оңай жолмен тезірек байығысы келген кейбір тұрғындар әй-шәйға қарамастан жинап-терген бар ақшасын күмәнді компаниялардың шотына салып, кейін бармағын тістеп қалып жатыр.
05 Тамыз, 2022
Энергетикалық қауіпсіздік – өзекті міндет
Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – мемлекеттің ұдайы назарындағы басты мәселелердің бірі. Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та осыған қатысты бірқатар тапсырма берген болатын.
04 Тамыз, 2022
Ғасыр тұлпарының тағдыры немесе сәйгүліктің қасқа маңдайына тиген қамшы
Жылқы десе делебесі қозбайтын қазақ болмас. Әсіресе жүйрік ат, қыран бүркіт ер жігіттің жан серігі дейміз. Бірақ сөйте тұра ел болып әлпештеген жаратылысы бөлек тұлпарға сонша қатыгездікпен қастандық жасайтын қаскөй де өз арамызда... «Құлагерді» шабандоз баласымен шырылдатып қанға бөктіріп кете беретін баяғының Батыраштары әлі бар екен. Аламан бәйгеде алдына қара салмаған атақты сәйгүлік Самалдың тағдырымен танысып көрсеңіз, осыған көзіңіз жетіп, еріксіз тітіркеніп кетер едіңіз.
04 Тамыз, 2022
Орынды жаңашылдықтар, ойланарлық жайлар
Әділет министрлігі әзірлеген «Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір Конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңның жобасын ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында талқылау аяқталды. Осы маңызды құжат арқылы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Республикалық референдум туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», «Қазақстан Республикасының Президентi туралы», «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңдарға өзгерістер енгізу көзделген. Соның ішінде сайлау заңнамасын жетілдіруге қатысты түзетулер ерекше қызығушылық туғызып отыр.
04 Тамыз, 2022
«Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасының маңызды бағыттарының бірі – сайлау жүйесін жаңарту. Шетелдік тәжірибеге сүйеніп, саяси науқанды жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Бүгінде құзырлы органдар сол бағытта жұмыс істеп жатыр.
04 Тамыз, 2022
Індет барлық өңірде өршіп барады
Елімізде кейінгі екі аптада коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы 3,2 есе өсті. Бүгінде індеттің белсенді таралу қарқыны барлық өңірде байқалып отыр. Бұл ретте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметі алаңында эпидемиялық ахуалға қатысты кеңінен мәлімет берді.
04 Тамыз, 2022