Редакция таңдауы
Жаңа Қазақстан – шетелдіктер көзімен
Сыртқы істер министрлігінде «Жаңа Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауының қорытындылары жарияланды. Биыл жетінші рет өткізілген байқауға Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Бас редакторлар клубының басшысы Бибігүл Жексенбай және Kazakh Tourism ұлттық компаниясы АҚ Басқарма төрағасы Талғат Аманбаев қазылық етті.
16 Тамыз, 2022
Мәскеудегі Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде «Қазақстан» павильоны үздіктер қатарынан көрінді.
15 Тамыз, 2022
Орталық және Оңтүстік Азия интеграциясы Еуропаға жол ашады
Қазақстан сауда тасымалдарын нығайту жолында Орталық Азия елдерімен кең тынысты қарым-қатынас орната бастады. Алдағы бес жыл – Орталық Азияның транзиттік мүмкіндіктерінің кеңейе түсіп, бес елдің бір-біріне шынымен қолғабыс тигізер сәті. Осы бес жылдықта қолға алынған бастамалар сәтті болса, онда одан әрі қарай сауда байланыстарындағы оңтүстік дәліздің басымдығы біржола артып, шын мәніндегі азиялық интеграция көрініс бермек.
15 Тамыз, 2022
Мимырт тірліктің ми қайнатар ыстығында бал арасының тынымсыз тіршілігі тамсантады һәм көңіл тебірентеді. Тамсантатыны сол – адам атаулы қанша рет талпынса да қол жеткізе алмаған ізгілікті де әділетті, мәнді де мағыналы ғұмыр осы бір титімдей ғана тіршілік иесіне бұйырған. Ал көңіл тебірентетіні – қаншама қанат талдырып, аяқ шаршатып, мыңдаған гүлдің басынан тірнектеп жиған тәттісінен өзіне тиесілі несібесі шамалы: еңбек – онікі, қызығы – өзгенікі. Мұндай тірлік ғұламалардың көбіне тән болса, біз бұл сөзімізді қазақтың біртуар ері Нұрмолда Алдабергеновке қаратып айтар едік.
15 Тамыз, 2022
Аударма өлеңді оқу – жасанды гүлді иіскегенмен бірдей. Аударылған жыр түпнұсқадағы телегей сезімді толық сақтап тұра алмайды. Бірақ кейбір тәржіманы оқығанда, автордың өзімен жолыққандай адуын көңіл күйді бастан кешесіз. Әбірәш Жәмішевтің Хафиз ғазалдарын жоғары шабытпен, асқан ыждаһатпен аударғаны байқалады.
15 Тамыз, 2022
Өткен ғасырдағы жетпісінші жылдардың соңы мен сексенінші жылдардың басында әдебиетімізге талантты бір толқын келді. Олар «әдебиетке мен келдім» деп кеуде қағып өрекпіген жоқ, көркемсөз табалдырығын сыпайы аттады. Алайда бұл буынның көркемсөз өнеріндегі жолы жеңіл болды дей алмаймыз, олардың алаңсыз шығармашылықпен айналысып, том-том кітап жазуға мүмкіндіктері болмады. Бір-екі кітабы жарық көріп, елге таныла бастағанда қайта құру басталып, тоқырау заманына килікті. Қаламақы да көзден бұл-бұл ұшты. Сондай түрлі қиындыққа қарамастан олар шығармашылықтан алыстамай, ел сүйіп оқыған көркем дүниелер жазды. Қазір олардың да жасы жетпістен асып, аға буынға айналды. Осы буынның бірегей өкілі, жазушы-драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Асылбекұлы.
15 Тамыз, 2022
Сақтандыру нарығында қандай өзгерістер болады?
Автополис бағасын есептеуде өңірдегі жол апатының деңгейі ескерілсе, ерлі-зайыптылардың ажырасуы зейнетақы аннуитетін пайдалануға кедергі болмайды. Жақында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева сақтандыру саласында болатын осындай жаңашылдықтарды хабарлаған еді.
15 Тамыз, 2022
Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарады
Бақыт Сұлтанов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылуына байланысты оның міндетін Серік Жұманғарин атқаратын болды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
15 Тамыз, 2022
Бақыт Сұлтанов қызметінен босатылды
Бақыт Сұлтанов Сауда және интеграция министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
15 Тамыз, 2022
Докторантураға түсу емтихандары басталды
Бүгін елімізде докторантураға түсу емтихандары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Тамыз, 2022
Мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға айыппұл мөлшері артады
Мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға салынатын айыппұл мөлшерін 3 мың АЕК-ке дейін ұлғайту мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Тамыз, 2022
Қазақстанда ағылшын тілі үшінші сыныптан бастап оқытылады
Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылында Қазақстандағы мектеп оқушыларына арналған жаңа бағыттарды пысықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Тамыз, 2022
Қазақстандықтардың орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
Осы жылдың 7 айында қазақстандықтарға 1,7 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
15 Тамыз, 2022
Жамбыл облысында тексеру комиссиясының төрағасы сотталды
Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы алаяқтық үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz Antikor-ға сілтеме жасап.
15 Тамыз, 2022
Материалдық көмек – 40 мың теңге
Екі аптадан соң еліміз бойынша – 1 қыркүйек білім күні басталады. Жан-жақта демалып жүрген шәкірттердің шаттыққа толы мейрамы. Сағына қауышатын, асыға жүздесетін айрықша сәті. Мектеп табалдырығын енді аттаған балдырғандардың толқып, ерекше сезімге кенелетін керемет күні. Жаңа оқу жылына деп жаңа киім, жаңа заттар сатып алған оқушылар жейдесін кигенше, су жаңа сөмкесін арқасына асынып, сыныптастарына көрсеткенше асығатыны айтпаса да түсінікті. Дей тұрғанмен, тұрмыстық жағдайына байланысты әлі күнге әдемі киім, қаламсап, оқу құралдарын ала алмай отырған отбасылардың да барын естен шығармаған абзал.
15 Тамыз, 2022
Сауд Арабиясы үкіметі туризм мақсатымен елге келгендердің енді арнайы рұқсатсыз кіші қажылықты өтей алатынын хабарлады.
15 Тамыз, 2022
Алма импортын шектей аламыз ба?
Ерте көктемде бау-бақша дақылдары сегменті өкілдері алма импортына ішінара шектеу қажеттігін айтқан болатын. Жақында бұл мәселе тағы көтерілді. «Импортты шектеу қажет» деген пікірді қолдайтындар биылғы мол өнімді алға тартады. Биыл ел бойынша алма ғана емес, барлық жеміс түрі мол өнім берген жыл болды. Қара өрік, сары өріктен ағаштың белі қайысып, қалғаны мал азығына айналып жатыр.
14 Тамыз, 2022
Мектепке дайындық отбасыларға оңайға соқпай тұр
Жаңа оқу маусымы жақындағанда бір жаңалық жылт етті. Балалар жылында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және т.б. санаттағы қолдауды қажет ететін оқушыларға қыркүйектің қарсаңында берілетін материалдық көмек көлемі артты. Әрине, қуанышты жағдай, бірақ мұндай көмек бәріне бірдей берілмейді. Айталық, сондай көмек ала алмайтындардың арасында көпбалалы отбасылар бар. Оның үстіне, жығылғанға жұдырық, қымбатшылық та қатты қысып тұр. Осы орайда мектеп тауарларының құнына шолу жасап, мәселеге тереңдеп көрдік.
14 Тамыз, 2022
Қытай бастамасынан бас тартады
Қытайдың Шығыс Еуропаға арналған «16+1» бастамасынан тағы екі ел бас тартты. Бұл жолы Эстония мен Латвия жобадан шығатынын мәлімдеді. Балтық елдері бұл қадамды Бейжің билігінің адам құқықтарын сақтамауымен түсіндіреді. Осылайша, Шығыс Еуропа елдері біртіндеп Қытайдың қаржысы мен ықпалынан бас тартып жатыр.
14 Тамыз, 2022
Бүгінде Қазақстан және Орталық Азия елдері үшін геосаяси және геоэкономикалық сын-қатерлер өте өзекті болып отыр. Сарапшылар халықаралық терроризм қауіп-қатері, көші-қон және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін кейінге қалдыруға болмайтынын айтады. Соның ішінде Ауғанстандағы тұрақсыздық одан әрі өршіп баратынына алаңдаушылық білдіріп отыр. Ондаған жылға созылған қақтығыс халықтың әл-ауқатын әлсіретіп жібергені белгілі. Ал билік басына талибандар келгелі жағдай тіпті ушыға түскен. Енді ауған тұрғындарының болашағы не болмақ? Бүгінде Қазақстан және Орталық Азия елдері үшін геосаяси және геоэкономикалық сын-қатерлер өте өзекті болып отыр. Сарапшылар халықаралық терроризм қауіп-қатері, көші-қон және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін кейінге қалдыруға болмайтынын айтады. Соның ішінде Ауғанстандағы тұрақсыздық одан әрі өршіп баратынына алаңдаушылық білдіріп отыр. Ондаған жылға созылған қақтығыс халықтың әл-ауқатын әлсіретіп жібергені белгілі. Ал билік басына талибандар келгелі жағдай тіпті ушыға түскен. Енді ауған тұрғындарының болашағы не болмақ?
14 Тамыз, 2022