Редакция таңдауы
«Басқадан кем болмас үшін, біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға ынтымақ пен бірлік керек. ...Алашқа аты шыққан адамдар! Көсемдіктеріңді адаспай, түзу істеңдер! Сендер адассаңдар, арттарыңнан Алаш адасады. Арттарыңнан ергендердің обал-сауабына сіздер қаласыздар!». Ахмет Байтұрсынұлы
02 Тамыз, 2022
Тордағы тотықұс ғұмыр бойы қанатын керіп, қыран тыныстаған кеңістікте қалықтасам деп армандайды екен. Қайран Мұқағали алқам-салқам қалпы жиынға кіріп келіп, жас ақынға «шеңберден шық» деп жол сілтегенін әдебиеттегі ағалар асыра жазады. Сол қарагөз қаламгер біз сүйіп оқитын Фариза Оңғарсынова еді. Әрине, сіз қой болсаңыз, өзіңіздің қораңызда еркін ойнақтауыңыз мүмкін! Бірақ сіз қой емессіз ғой...
02 Тамыз, 2022
Белгілі һәм белгісіз «Ақсақ құлан»
Жердегінің көбі армандайтын қанат деген жеке-дара ұғым бар. Құстан көреміз аспандап ұшқан. Жылқының жүйрігіне тән деп естиміз. Ертеректе ауылда соғым сойып жатқанда арагідік айтылып қалатын. «Жүйрік екен, қанат шықты» деп. Кейбір атқұмарлар ондай жабағылар сойылып кеткенде, өкінгендей кейістік танытатын.
02 Тамыз, 2022
Айналайын, Жетісу! Табиғатыңды қалай мақтасақ та Тәңірдің мерейі өн бойына құйылып түскендей жараса кетеді. Анау Алакөл, мынау Балқаш көлі, таулы аңғарлар, қызылды-жасылды желектер, тарихи нысандар – бәрі-бәрі жанға сая, көңілге мерей. Жаз басталса жапатармағай көлге асығатын халықтың әу бастағы ойы – жұрт тамсанған туризм саласы. Бұл ретте өңірдің өрісі кең, айдарынан жел есіп тұр. Оның үстіне жылдан-жылға түрленіп те келеді. Бүгінгі біздің әңгімеміз осы жайында.
02 Тамыз, 2022
Өнер мен жанкештілік бір ұғым іспетті. Жанкештілік жоқ жерде өнер адамының өрісі жіңішкермек, тынысы тарылмақ. Қайбір жолы Мұхтар Әуезовтің өмірдерегіне көз жүгірте отырып, қуғын-сүргін мен мехнаттан көз ашпаған жылдарына куә болдық. «Апыр-ай, осындай аласапыран дәуірде, керуені кері айналған заманда қалайша кесек-кесек, қадау-қадау шығармалар қалдырған?» деген ойға қалғанбыз. Бақсақ, мұның астарында жанкештілік атты алып ұғым жатыр.
02 Тамыз, 2022
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде сан ғасырлық тарихы бар жәдігерлер жетіп артылады. Олардың басым көпшілігі көне Тараз топырағында жүргізілген қазба жұмыстарының кезінде табылған.
02 Тамыз, 2022
Өнер әлемінен өз өрнегін іздеген жас суретші Сабина Сұлтанбаеваның қаламындағы жарқын палитра, тақырып таңдаудағы батылдық өмірдің арайлы сәттерін қанық түске бояп, бағалай білген жанға тіршіліктің әр минуты қайталанбас қуаныш екенін паш етеді.
02 Тамыз, 2022
«Бейсен және Болмыс» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасындағы дәріс залында автордың қатысуымен «Бейсен және Болмыс» кітабының презентациясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Тамыз, 2022
Әскерилерге қашықтан бақылайтын білезіктер тағылуы мүмкін
Әскерилер арасындағы суицидпен күресу үшін ҚР Қарулы Күштерінің жеке құрамына қашықтан бақылайтын білезіктер берілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Тамыз, 2022
Әскердегі суицидтің бір себебі – несие
Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев әскерилер арасындағы суицидке төленбеген несиелер де себеп болып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Тамыз, 2022
Үкімет басшысы коронавируспен күресті күшейтуді тапсырды
Коронавируспен күрес бойынша барлық мәселені ведомствоаралық комиссия отырыстарында жедел қарау керек. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Тамыз, 2022
Коронавирус тамыз айында өршиді
Тамыз айында коронавирус инфекциясының орташа тәуліктік көрсеткіші 4 мың жаңдайға дейін өседі. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Тамыз, 2022
Баспана сатып, пайда тапқандар салықтан жалтара алмайды
Қазақстанда тұрғын үйді сатқан кезде баспана бағасының 10%-ы көлемінде ұсталатын салық бар. Кезінде Үкімет бұл салық түрін енгізген кезде сарапшылар ел азаматтарының қалтасына айтарлықтай салмақ салатынын айтқан еді. Шынымен де тұрғын үй бағасы қымбаттаған қазіргі заманда жылжымайтын мүлік салығы тұрғындарға ауыр тиіп тұр.
02 Тамыз, 2022
Кейінгі уақытта елімізде сарбаздардың өлімі жиілеп кетті. Жазатайым оқиға болса бір жөн. Өз-өзіне қол жұмсап, ажалы өзге сарбаздардың әлімжеттік әрекетінен келіп жатыр. Жұртшылықты алаңдататыны да сол. Бейбіт күнде жалғыз ұлынан айырылу оңай емес, әрине. Осы ретте, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясындағы әскери қызметшілер арасында өлім-жітімнің жиілегеніне ерекше назар аударып, арнайы комиссия құруды тапсырған болатын. Президент келеңсіздіктердің себебін тергеп-тексеру, әскери қызметшілер арасындағы заңсыздықтарды жою және келешекте әскердегі мұндай теріс іс-әрекеттерді болдырмауды нақтылап, осындай жағдайға жол берген офицерлер жазаланатынын ескерткен еді.
01 Тамыз, 2022
Қалтафон қоңыраулатты. «Махмұт Базарқұлұлы жақында жетпіс жасқа толатын еді... Сізден...» деп басталған өтініш-тілек таңданта қойған жоқ. Талайдан жолдас, дос болып келе жатқан азаматқа мерейжасы тұсында бірауыз жылы сөзін арнайтын шығар деп күту әбден-ақ табиғи. Несі бар, арнаймыз. Қарайлайтын, алаңдайтын ештеңе жоқ. Жетпістің аты – жетпіс. «Бір күн дәмдес болғанға қырық күн сәлем» дейді ғой біздің қазақ. Ал біздің өз кейіпкерімізбен етене аралас-құраласқанымызға биыл дәл отыз бес жыл толады екен. «35 күз. 35 қыс. 35 көктем. 35 жаз. Осал өмір емес-ау 35 жас» деп Мұқағали жазғандай, отыз бес жыл деген – біраз уақыт. Әйтеуір, бір адамды танып-білуге жететін уақыт екені анық.
01 Тамыз, 2022
Қантты да «қару» еткен алаяқтар
IT-технология дамыған сайын интернет-алаяқтықтың да жаңа түрлері пайда болуда. Ішкі істер министрлігінің айтуынша, еліміздегі қылмыстардың басым бөлігі шекараның арғы шетіндегі қулардың әккі әрекетінен орын алады. Пысықайлар шетелде отырып, Қазақстаннан «әріптестерін» іздейтін көрінеді. Қылмыстық топтың көбі осылай жасақталады екен.
01 Тамыз, 2022
«Қаздырып берді Ызбанов, «Ақжар» атты жарманы»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жолдаған үндеуінде тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырған болатын. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыс белсенді жүзеге асып жатыр. Осы орайда Кеңес Одағы тұсында тоталитаризмнің зардабын тартқан, жала жабылып, итжеккенге айдалып, атылып кеткен жандар оңтүстік өңірде де аз емес. Солардың бірі – Түркістан аудандық партия комитетінің хатшысы қызметін атқарған Аққозы Избанов.
01 Тамыз, 2022
Осыдан біраз уақыт бұрын «Атамекен» ҰКП Төралқасы жанындағы Агроөнеркәсіп кешені комитетінің төрағасы Жигули Дайрабаев Агробанк құру арқылы фермерлердің қолайлы несие алуына жағдай жасау жөнінде ұсыныс айтқан еді. Бірақ бұл ұсыныс кезінде Үкімет тарапынан да, қаржы секторын бақылаушы органдар тарапынан да қолдау таппаған болатын. Жақында Ж.Дайрабаев тағы бір бұйымтайдың шетін шығарып, «ӨКМ операторы» қаржысы есебінен 50 млрд теңге қаржыландыру көлемінде ауыл шаруашылығы техникаларын жеңілдетілген лизингпен беру бағдарламасын іске қосу жөнінде Мемлекет басшысына тікелей өтініш білдірді.
01 Тамыз, 2022
«Магиялық реализм» терминін алғаш рет неміс өнертанушысы Франц Ро сурет өнеріне қолданды. Одан соң Ортега-и-Гассет магиялық реализмнің әдебиеттегі орны жайлы сөз қозғады. Латын Америкасы прозасында XX ғасырдың орта тұсында термин бірегей бағытқа айналып, әлем оқырмандарының жоғары қызығушылығына ие болды.
01 Тамыз, 2022