Редакция таңдауы
Ерте кезде, ерте емес-ау, біздің жыраулар өмір сүрген тұста, Фудзи тауы етегінде, құз-қиялар аңғарында, топ жидек пен гүлшоғырлар арасында Басё деген ақын ғұмыр кешіпті. Жалт еткенге жан беріп, мөлт еткенге жас алар көңілшек екен. Өзі ширақ, өлең-сөзге жүйрік, бұйығы, томаға-тұйық болса керек. Әрине, сырдаң көңілге қалай сыр қонсын, сырғақ кеудеге қайдан кие ұяласын.
10 Шілде, 2022
Бүгінде әйгілі Мәшһүр Жүсіп ұрпақтары, «Мәшһүр Жүсіп» қоғамдық қорының мүшелері Мәшекеңнің үй-қорасын, тұтынған заттарын қайта жаңғыртып, ашық музей жобасын жасауға кірісті. Жобаның жай-жапсарын білу үшін Мәшһүр Жүсіптің шөбересі Абай Шарапиевпен хабарластық. Оның айтуынша, тәу етушілерді Ясная Полянадағы Лев Толстойдың ашық музейі сияқты дүние күтіп тұр екен.
10 Шілде, 2022
«Жеріне біздің жақтың лайық ері, Ер, палуан, аңшы, мерген, әнші, сері», деп қайырмай ма Сәкен?! Қазақтың тарихы мен мәдениеті тілінде сақтаулы десек, бұл сөз бұлжымас шындық болып шыға келеді. Ал әнге шөліркеп Арқаға жолың түссе, бұлақтың бастауына бас қойғандай аттың басын Ақтоғайға бұруға тура келеді. Мұнда сонау 1970 жылдары құрылғалы бері аудан, облысты ғана емес, қазақ даласын әнге бөлеп келе жатқан атақты «Тоқырауын толқындары» халықтық ән-би ансамблі бар. Ақтоғай, Тоқырауын өзені бойының өнердегі бір арқасындай, шырқап келіп жібергенде анау-мынау оркестріңді далада қалдырады. Бір емес, бірнеше дауыста құйқылжытып салғанда «Апырау, мынау Күләш пен Манарбектің елі әлі осындай екен-ау» дегізеді еріксіз.
10 Шілде, 2022
Қазақ әдебиетінің алып бәйтерегі Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығына қатысты кез келген қызықты дерек оқырманды бейжай қалдырмасы анық. Тіпті Шерағаның мектепті қандай бағамен аяқтағаны да елді елең еткізбей қоймасы сөзсіз.
10 Шілде, 2022
Қазақстан Қытай, Үндістан, Иран азаматтарына 14 күндік визасыз режим енгізді
8 шілдеден бастап Қытай, Үндістан және Иран азаматтарының елімізге 14 күнге визасыз кіруіне рұқсат берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Шілде, 2022
Жексенбіге арналған ауа райы болжамы
Бүгін, 10 шілдеде Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Шілде, 2022
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің чемпионы атанды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Шілде, 2022
Бас мүфти қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Шілде, 2022
Бүгін мұсылман қауым Құрбан айтты мерекелеуді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Шілде, 2022
Сенбіге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК-сы шілденің 9-ы күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
09 Шілде, 2022
Қаңтардан бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы өседі
Қаңтардан бастап балабақша тәрбишілерінің жалақысы 25 пайызға өседі. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Түркістан облысының тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Шілде, 2022
ЛРТ жобасы табыс әкелмейді - Алтай Көлгінов
Елорда әкімі Алтай Көлгінов ЛРТ жобасы экономикалық тұрғыда еш пайда әкелмейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Шілде, 2022
Азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бөлінген қаржы тиімсіз игерілген
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бөлінген 39 млрд теңгені тиімсіз игерген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов ведомствоның алқа отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Шілде, 2022
Бизнеске көбірек еркіндік беру қажет - Үкімет басшысы
Кеше Үкімет басшысы Әлихан Смайылов кәсіпкерлік қызметте «таза парақтан бастап» реттеуді енгізу және мемлекеттік бақылау мен қадағалауды автоматтандыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Шілде, 2022
Оқу жылының мерзімін ұзартуды ұсынды
Сарапшылар мен кейбір мектептердің өкілдері оқу жылын маусым айының соңына дейін ұзартуды ұсынып отыр. Бұл туралы 2022-2023 оқу жылындағы білім процесін ұйымдастыру мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде айтылды.
08 Шілде, 2022
Транзиттің жаңа бағыттары өзін ақтайды
Өзгеріс уақыты. Әлем өзгеріп жатыр. Экономикалық заңдылықтар да, шарттар да, бағыттар да өзгеруде. Не біз сол әлеммен бірге өзгереміз, не қиындықтармен бетпе-бет келеміз.
08 Шілде, 2022
Әр қадамды ойлап жасаған абзал
Мұнай – Қазақстан экономикасының «бел омыртқасы». Оны сындырып алсақ, мұнай-газ секторы ғана емес, тұтас елдің экономикасы зардап шегеді. Біздің экспортқа бағдарланған мұнайдың бәрі Каспий құбыр консорциумы арқылы өтеді. Сондықтан бұл мәселені жедел түрде оңтайлы шеше алмасақ, оның зардабын елдегі 19 миллион халықтың бәрі сезінетін болады.
08 Шілде, 2022
Каспий құбыр консорциумы жаңа бағыттарға жол аша ма?
Қазақстан мұнайы экспортының 82 пайызын (жылына 67 млн тонна) тасымалдап отырған «Каспий құбыр желісі консорциумының» (КҚК) қызметі 30 тәулікке тоқтады. Мұндай шешімді Новороссийск қаласының Приморье аудандық соты қабылдады. Ространснадзор мұнайдың апатты төгілуін жою жоспары бойынша бірнеше құжаттық бұзушылықты анықтапты. Сөйтіп, бірнеше жылдан бері басты экспорттық маршрутымызға айналған, халық арасында КТК атымен танылған консорциум тағы да тығырыққа тірелді. Осы орайда кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткізген еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі кеңесті айрықша атап өту керек. Мемлекет басшысы мұнай экспорты жолдарын әртараптандыруды тапсырды. Сонымен қатар транскаспий бағытына басымдық беру қажет екенін айтты.
07 Шілде, 2022
Теннистен Қазақстан құрамасының спортшылары биыл жарап тұр. Жылдың алғашқы жартысында үш бірдей (ерлер, әйелдер және жасөспірімдер) құрамамыз тарихта алғаш рет бір мезетте әлем чемпионатының финалына шығып, қазақстандықтарға үлкен қуаныш сыйлаған еді. Енді, міне, әйелдер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина тағы бір тарихи нәтижеге қол жеткізіп, қазақстандық жанкүйерлерді серпілтіп тастады.
07 Шілде, 2022
Біраз уақыт тынышталып қалған коронавирус қайтадан күшіне міне бастағандай. Кейінгі кезде вирус жұқтырғандар саны күрт артты. Осыған байланысты туристік орындар карантин талаптарын қайта күшейтуге кірісті.
07 Шілде, 2022