Редакция таңдауы
Сартап дала, жусанды қырдың сыбдырымен сырласып өскен Қуандық Шолақ шын мәнісінде қаланың емес, даланың ақыны. Иә, ол ауылда, далада өскен ақын екені рас. Бәлкім, содан да шығар, ақынның шығармалары – таудың, құмның, даланың, бастысы табиғаттың көркем құбылыстарымен үндесіп, тілдесіп тұрғандай болады. Жүрегін жыр жолдарымен әлдилеген Қуандық қазақтың кестелі тілін мықтап меңгерген. Ол – табиғат тамыршысы.
22 Ақпан, 2022
Тиімсіз делдалдыққа тоқтау салынса игі
Ресми статистика отандық нарықтағы инфляция өсімін қалыпты деңгейде деп көрсеткенімен, бағаның құбылуы бұқараның қалтасына салмақ салып отырғанын ашық айтуымыз керек. Қазір ел Үкіметі нарықтағы баға тұрақтылығын сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Алайда тұтыну тауарларының құны арзандар емес. Керісінше, аймақтарда құнның күрт көтерілуі, әсіресе азық-түлік тауарлары бағасының өсуі байқалуда.
22 Ақпан, 2022
Қазақ – сөздің парқын білген халық. Сол арқылы адамның да нарқын айырып, бағасын берген. Қазақ сөзге тоқтаған халық еді. Сөздің астарын түсінбеген, бетімен сөйлегенді бәлдір-батпақ, сарала-сатпақ деген. Сөз үдесінен шықпағанды, уәдесінде тұрмаған шалағайды шалды-бұтты деген. Сөздің сұрауы болады, сұраусыз сөз жоқ, оның сұрауы антты ақтау секілді дейтін көнекөздер.
22 Ақпан, 2022
БЕРЛИН. Еуропадағы XXI ғасырдағы соғыс енді ақылға қонымсыз емес. Бірнеше аптаға созылған «Ресей Украинаға басып кіреді» деген болжамдардан кейін Еуропалық халықаралық қатынастар кеңесі (ECFR) жақында жалпыеуропалық сауалдама жүргізді. Оған қатысқан респонденттердің басым көпшілігі соғыс өрті тұтануы мүмкін және Еуропа бұған жауап беруі керек деп есептейді.
22 Ақпан, 2022
Қоғамға өзіңнің керексіз һәм қызықсыз екеніңді сезіну, әсіресе шығармашыл адамдарға өте ауыр. Ал бұл шындықпен бетпе-бет келсеңіз, тіпті сұмдық. Герман Гессенің «Авторлық кешіндегі» жазушы-кейіпкердің Квербург қалашығына жасаған сәтсіз сапары есіңізде болар. Оқырмандармен кездесуге барған жас автор бүкіл қала өзін күтіп отыр деп ойлайды, алайда ол кешке ешкім келмейді. Әңгіме ғасыр бұрын жазылса да, бүгінгі қоғаммен бір ұқсастығы бардай көрінеді. Әлқисса.
22 Ақпан, 2022
Сайлау бюллетеньдерінде «барлығына қарсымын» бағаны пайда болады
Ортсайлауком ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау бойынша сайлау құжаттарының нысанына өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Ақпан, 2022
Биыл қазақстандықтарға 34,6 млрд теңге жәрдемақы төленді
2022 жылғы қаңтар айында республикалық бюджеттен мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 27,2 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты 7,4 млрд теңге бағытталды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Ақпан, 2022
Қаңтар қасіреті: Қамалғандардың ішінде шетелдік азаматтар да бар
Қаңтар айында елімізде болған жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты Қазақстанда 18 шетелдік азамат қамауда отыр. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Ақпан, 2022
Утиль алымының жаңа мөлшерлері ертең жарияланады
Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев кәдеге жарату алымының жаңа мөлшерлемелері белгіленгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Ақпан, 2022
Жанайқай: Абзал Әжіғалиев Қазақстанда спортшыларға кедергі көптігін айтты
Қытай астанасы Бейжің қаласында өткен Қысқы Олимпиада ойындарында ұлттық құрама сапынан ең жоғары нәтиже көрсетіп, төртінші орынға табан тіреген Шорт-трек шебері Абзал Әжіғалиев ащы шындықтың бетін ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Ақпан, 2022
Өңірде жыл басынан бері ондаған жол-көлік оқиғасы орын алып, апаттың салдарынан 14 бала жарақат алды. Олардың төртеуі жаяу жүргінші болса, қалғандары көліктегі жолаушылар. Осы бір деректерді жалғастыра зерттеп, тиісті мамандардың пікірін безбендесеңіз, ең бірінші себеп бейқамдық екен. Бала біткеннің қауіп қайдан деп ойлап, қаперлеріне іле бермейтіні де бар. Демек, ата-аналар мен ұстаздары айтып келмес апаттың, орны толмас өкініштің алдын алуы керек.
22 Ақпан, 2022
Агроөнеркәсіпті қаржыландыру көлемі ұлғайды
Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың стратегиялық маңызы зор. Ол ең алдымен елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте «Аграрлық несие корпорациясы» мен «ҚазАгроҚаржы» компаниялары іске асыратын қаржыландыру бағдарламаларының тиімділігі жоғары.
22 Ақпан, 2022
Кәсіптік білімге басымдық берген жөн
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qazaqstan» ұлттық арнасына сұхбат берген кезде жастар үшін маңызды үш мәселе айтылды. Соның алғашқысы – еліміздегі реформалар жөнінде болып отыр. Ел Президенті бүгінде Үкіметпен бірлесіп көптеген реформаны қолға алып жатыр. Алайда реформа жүргізу – барлығын бір күнде түбегейлі өзгерту деген сөз емес. Мемлекет басшысы сұхбатта осыны анық айтты.
22 Ақпан, 2022
Күн энергиясын тұтынудың тиімді әдісі
Отандық жас ғалымдар ойлап тапқан күн энергиясын тұтынудың инновациялық әдісі еліміздегі шалғай орналасқан елді мекендерге пайдасын тигізіп, қалалы жерлерде экологиялық ахуалдың жақсаруына ықпал етеді.
21 Ақпан, 2022
Тагиевтің жүз жылдық тапсырысы
Мына бір асқақ болмыс, паң бітім, сырт келбеті сұсты болғанмен ішкі рухынан мейірім нұры төгіліп тұрған текті тұлғаның суретіне көзі түсіп кеткен кез келген адам оның өмірде жай адам болмағандығын бірден мөлшерлейтіні анық.
21 Ақпан, 2022
Қыз Жібек, Тебальдо, Джанетта...
Осыдан бес жыл бұрын «Астана Опера» театрында қазақ операсының інжу-маржанына айналған «Қыз Жібек» туындысының премьерасы қойылып, сондағы басты рөлді жас өнерпаз Назым Сағынтай ойнап, талғампаз көрермендердің қошеметіне бөленді.
21 Ақпан, 2022
Амангелді Айталы: «Жаңа Қазақстан» – жаңа қоғамның бастауы
Қоғамда қордаланған мәселелердің аражігін ажыратып, жұртты мазалаған сауалдарға жауап іздеу – журналистің басты міндеті. Осы орайда философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталыға көпшілік көкейіндегі сұрақтарды қойған болатынбыз.
21 Ақпан, 2022
Украинадағы түйткілдің түйінін тарқату ісінің шеті көрінбейді. Соғыс басталып кете ме деп алаңдаған жұрт Шығыс Еуропаға көз тігіп отыр. Осыған байланысты таяуда Франция президенті Эммануель Макрон ресейлік және америкалық әріптестерін шақырып, мәселені бейбіт жолмен шешуге үндеді.
21 Ақпан, 2022
Жасандылықты қаламайтын жазушы
Қазақтың белгілі жазушысы Молдахмет Қаназ сексеннің сеңгіріне көтерілді. Қаламгердің әр жылдары жарық көрген «Ақ тайлағым-ай», «Құм қойнау», «Армандай алыс жағалау», «Қияндағы күн нұры», «Чика-Дабылдың баласы» және басқа кітаптары көзі қарақты оқырманның көңілінен шыққанын білеміз. Біз бүгін мерейтой иесі туралы жазылған мынау әсерлі эссені көпшілік назарына ұсынғанды жөн көрдік.
21 Ақпан, 2022
Гүлшара Әбдіхалықова Президентке есеп берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қызылорда облысында 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Ақпан, 2022