Редакция таңдауы
Коронавирусқа қарсы вакцина жыл сайын салынуы мүмкін – ДДСҰ
Жылына бір рет коронавирусқа қарсы екпе қажет болуы мүмкін. Бұл пікірді Дүниежүзілік медицина қауымдастығының төрағасы Франк Ульрих Монтгомери немістің Funke редакциялық тобының газеттерде жарияланған сұхбатында айтты, деп жазады Egemen.kz.
29 Қараша, 2021
«Егеменге» жазылыңыз – сыйлық ұтып алыңыз!
Ел тарихын ежелден тасқа басып, ұлт ұраншысына айналып келе жатқан газет-журналдардың, соның ішінде жүз жылдан астам жасампаз тарихы бар, отандық ақпарат кеңістігіндегі орны айрықша басылым «Egemen Qazаqstan» мен «Казахстанская правда» газеттерінің жөні тұрақты оқырмандары үшін тіптен бөлек. Осыны ескере отырып, газет редакциясы 2022 жылға арналған баспасөзге жазылу науқанында өз оқырмандары мен жанашырлары үшін тарту-таралғысын әзірлеп отырғанын хабарлаймыз.
29 Қараша, 2021
Экономиканың нақты секторының соңғы жартыжылдық мерзімінде өсім көрсете бастағаны белгілі. Үкіметтің ресми дерегіне сүйенсек, 2021 жылдағы 9 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсімі 3,4 пайызға ілгерілеген. Нақты сектордағы өсім 3,5 пайызды құраған.
29 Қараша, 2021
Ауылға салынған инвестиция қысқарды
Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпке бұрынғыдай аста-төк инвестиция құю қазір азайған. Биыл 9 айдағы көрсеткішті зерделер болсақ осыған көз жеткіземіз. Қаңтардан қыркүйекке дейінгі аралықта ауылдық жерлердегі негізгі капиталға 3,9 трлн теңге инвестиция салыныпты. Бұл бір жыл бұрынғы деректен 12,4 пайызға төмен.
29 Қараша, 2021
Қызылжарда қазақ драма театры тұңғыш рет 1935 жылы ашылып, республикадағы алғашқы сауық орындарының бірі болған еді. Ол кездегі халық бала-шағасына дейін шұбырып барып, ойынды қызықтайды екен. Алайда олардың өнерге деген сусауы қанбады. Кеңес өкіметі театрды 1938 жылы толықтай жауып, барлық труппасын тұтастай сол кездегі Гурьев, қазіргі Атырау қаласына көшіріп жіберген. Сылтаулары – «Петропавлда қазақтың саны аз, аз халыққа театр керек емес» болған. Осының өзі қуғын-сүргіннің адамдарға ғана қатысты емес, халықтың өнеріне, тіліне, әдебиетіне, тарихына да қатысты болғанының бір көрінісі.
29 Қараша, 2021
Құрбандарды ақтау мәселесі ғылыми тұрғыда зерделенді
Қызылордада облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі өңірлік комиссия отырысы өтті. Жиынға өңірлік комиссия мүшелері, облыстық жұмысшы тобы мамандарымен қатар қала және аудандық жұмысшы топ өкілдері онлайн режімде қатысты.
29 Қараша, 2021
Ошақ – қазақ баласы үшін қадірлі ұғым. Кейде «ошағыңның оты өшпесін» деген бір ауыз тілек тұтас өмірдің мәні ме дейсің. Көмейіне отын салсаң гүр етіп, үй ішін құс ұясындай жылылыққа толтыратын бұл бұйым балалық шағымыздың ең аяулы естелігіндей. Осы ошақта анамыз шәйін қайнатып, сүт пісіріп, тіл үйірер тәтті тамағын әзірлеп, үстел үстін жайнатып жіберуші еді. Ойын баласы қыстың суық күндері бүрсеңдеп үйге енгенде жан дауасын қызуы күшті пеш түбінен табатын. Алыста қалған мөлдір шаққа қиялмен сапар шеккенде де барлық береке осы ошақтың айналасында екен ғой деген ойға қаламыз. Жылылық та, мейірім де, тазалық та, сағыныш та сонда...
28 Қараша, 2021
Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол – қазақ тілі
Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында отыз жылдық белесті елмен бірге өткерген Елбасы жас ұрпаққа жолдаған Үндеуінде тарихымызға құрметпен қарап, мемлекеттілігімізді көздің қарашығындай қорғау – әрбір қазақстандықтың міндеті екендігін баса айтты. Елбасы: «Жер жүзінде өз алдына дербестігі жоқ қанша ұлт пен ұлыстың барын ескерсек, еселі еңбекке арналған отыз жыл ұлт тарихында алтын әріппен жазылары анық. Конституцияны қастерлеу, мемлекеттік тілді білу, ұлттық құндылықтарды қадірлеу – әр азаматтың парызы. Бірлігімізді арттырып, ынтымағымызды күшейтсек қана елдігіміз нығайып, егемендігіміз баянды болады», деді.
28 Қараша, 2021
Үшінші сектор: тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Азаматтық альянсының ұйымдастыруымен өткен «Қоғам мен мемлекеттің тұрақты даму мүддесіндегі әріптестікке 30 жыл» Х Азаматтық форумы Алматы қаласында қорытындыланды. Отыздан астам пікірталас алаңында үкіметтік емес ұйым өкілдері, халықаралық сарапшылар адамзат дамуының түйткілді мәселелерін талқылады.
28 Қараша, 2021
Ақтөбе облысында жоғалған геологтар табылды
Ақтөбеде жоғалған геологтарды іздеу жұмыстары аяқталды. Олардың жағдайы жақсы, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қараша, 2021
«Омикрон»: Әлем елдері шекараларын жауып жатыр
Женевадағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шұғыл отырысында коронавирус мутанты ресми VOC (қауіп тудыратын нұсқа) деп жіктелді, деп хабарлайды Egemen.kz ВВС-ге сілтеме жасап.
27 Қараша, 2021
Қазақстандық қыздар Азия біріншілігінің чемпионы атанды
Қазақстан қыздар құрамасы «Дәулет» теннис орталығында 12 жасқа дейінгілер арасында мәреге жеткен Азия командалық біріншілігінің (ITF Asian 12&Under Team Championships 2021) чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Қараша, 2021
Димаш «Виктория-2021» музыкалық сыйлығына үміткер
Ресейдің «Виктория» ұлттық музыкалық сыйлығына үміткерлердің шорт-парағы жария етілді. Онда Димаш Құдайберген «Жыл әншісі» аталымына кандидаттар қатарына қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Қараша, 2021
Шетелдік интернет-компаниялар енді ҚҚС төлейтін болады
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан аумағындағы жеке тұлғаларға сатылған тауарлар, көрсетілген қызметтер бойынша қосымша құн салығын (ҚҚС) төлеу бойынша шетелдік интернет-компаниялардың міндеттемелері туралы Салық кодексінің нормалары күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Қараша, 2021
«Канелоның» командасы Головкинмен трилогия бойынша келіссөздер бастамақ
Екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы, мексикалық былғары қолғап шебері Сауль Альварестің командасы отандасымыз Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жекті өткізу мәселесі бойынша келіссөздерді бастауға ниетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Қараша, 2021
Экология – азаматтық қоғам назарында
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев X Азаматтық форум аясында үкіметтік емес ұйымдар және азаматтық сектор өкілдерімен кездесіп, қоршаған ортаны қорғау, геология, су ресурстары, орман шаруашылығы және жануарлар әлемінің өзекті мәселелерін талқылады.
26 Қараша, 2021
Қоқыс өңдеу зауытының құрылысы қарқынды
Күнделікті тұрмыста пайдаланатын полиэтилен пакет, пластмасс бөтелкелердің табиғатқа төндіріп тұрған зиянын білеміз. Біле тұра шашамыз. Қоқыс контейнерлеріне түскен полиэтилен қалдықтар да полигонда жайрап жатады. Ұйытқыған желмен қала аспанында қалықтап жүретінін де көзіміз шалған. Бұдан былай бұл көріністен біржола арылатын шығармыз. Олай дейтініміз, Өскеменде қоқыс сұрыптайтын зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Зауыт іске қосылғаннан кейін тұрмыстық қалдықтардың 30 пайызы қайта өңдеуге жөнелтіліп отырады.
26 Қараша, 2021
Мектепке Смағұл Сәдуақасұлы есімі берілді
Мемлекет қайраткері Смағұл Сәдуақасұлының есімі жас ұрпақтың жадында қайта жаңғырғандай. Еліміздің бас газетін «Еңбекшіл қазақ» болып тұрған тұста басқарған тұлғаның аты елордадағы №78 мектеп-гимназиясына берілді. Мектеп ұжымы бұл үшін біраз кедергіден өтіп, тер төккен көрінеді.
26 Қараша, 2021
Әлем халқы жылына 120 мың тоннадан астам ұлуды таңсық ас ретінде тұтынады екен. Мұның өзі жалпы сұраныстың 60-70 пайызын ғана жабатын көрінеді. Тобыл өңірінде тұңғыш ұлу фермасын ашқан ерлі-зайыпты Старковтардың айтуынша, оны өсіру көп қаржыны керек етпейді және бәсекесі аз әрі табысты бизнес болып саналады.
26 Қараша, 2021
Ербол Өстеміров: Бизнесті қорғау «таза парақтан» басталады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында реттеушілік саясаттың базалық қағидаттарын өзгертіп, соның аясында бизнесті «таза парақтан» реттеуді тапсырды. Қазір осыған байланысты заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұл құжатты кәсіпкерлер де күтіп жүргені анық. Өйткені заң ең бірінші солардың құқын қорғауға тиіс. Осы жөнінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміровке бірнеше сауал қойған едік.
26 Қараша, 2021