Редакция таңдауы
Алты облысқа ауа райына байланысты ескерту жарияланды
11 қарашада еліміздің 6 облысында ауа райы күрт құбылады, қар жауып, көктайғақ болады, жел күшейіп, жаяу борасын соғады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
10 Қараша, 2021
Ауғанстанда журналистер жұмыссыз қалды
Жұмыссыз қалған кейбір ауғанстандық журналистер қазір Кабул көшелерінде жеміс-жидек сатып, жан бағуға мәжбүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қараша, 2021
Вакцина салдырмағандар ойын-сауық орталығына кіре алмайды
Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шыққан соң «Ashyq» жүйесінде «көк» мәртебеге ие адамдардың ойын-сауық орталығына кіруіне тыйым салынады. Бұл туралы қала әкімдігінде айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қараша, 2021
Бас прокуратура Ресей нөмірімен жүрген көліктерге қатысты пікір білдірді
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Ресей нөмірімен жүрген көліктерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қараша, 2021
ЕО: Лукашенко мигранттарды пайдаланғанды доғаруы керек
Мигранттардың екі үлкен тобы Беларусь пен Польша шекарасынан өтіп кеткен. Әйткенмен олардың біразы кері қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қараша, 2021
Балаларға коронавирусқа қарсы вакцина мектептерде жүргізіледі
Балаларға коронавирусқа қарсы вакцина мектептерде жүргізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қараша, 2021
Балалар мен жүкті әйелдерді вакцинациялау қалай жүргізіледі?
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында балаларды қалай және қайда вакцинациялайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қараша, 2021
Ағайынның татулығы – ұлттың олжасы
«Egemen Qazaqstan» газетінде 29 қыркүйек күні жарияланған Бекен Қайратұлының «Қазақтың ағайынгершілігі» атты мақаласын қызыға оқып шықтым. Маған қатты әсер етті. Автор қазағымыздың қанына сіңген жақсы қасиеттерді дәлел-дәйекпен тамаша баяндап берген.
10 Қараша, 2021
Қазақ халқының дара тұлғасының құрметіне ұйымдастырылған салтанатты жиында Димекеңнің «Ақиқаттан аттауға болмайды», «От Сталина до Горбачева» деген мемуарлық жинақтары ресми түрде таныстырылды.
10 Қараша, 2021
Кітапхана жұмысын жетілдіру керек
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Кітапхана - өңірдің мәдени саласын жаңғырту жолында» атты халықаралық форум өтті. Жиынға Мәскеу, Новосібір, Барнаул, Моңғолияның Баян-Өлгей аймағының және жергілікті өңірдің кітапханашылары қатысты. Онлайн форматында өткен жиын Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, облыстық кітапхананың 125 жылдығына арналды.
10 Қараша, 2021
Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының 92 пайызы мемлекеттік тілді меңгерген. Жақында жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижесін жария еткен облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Светлана Ғаниева осылай деп мәлімдеді.
10 Қараша, 2021
Малдың жаппай қырылу мәселесінің шешімін ұсынды
Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің оқушысы Дарья Петина малдың жаппай қырылу проблемасына байланысты өз шешімін ұсынды. Оқушы хлорелла балдырларынан құрғақ жемшөп қоспасын дайындады.
10 Қараша, 2021
Қандай компаниялар түлектерді жұмысқа алады?
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық жоғары оқу орындарының білім бағдарламаларына талдаулар жүргізіп келеді. Палата көбіне түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетіне қарай талдайды. Жақында «Бизнес және менеджмент» бағыты бойынша бакалавриат бағдарламалары түлектерінің жұмысқа орналасу жайын саралады. Нәтижесінде, шетелдік және отандық ірі компаниялардың қай университет бітірушілерін жұмысқа жиі алатынын анықтады.
10 Қараша, 2021
«Азаматтарға арналған үкіметтің» жұмысы өз деңгейінде ме?
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-та мемлекеттік қызмет көрсету сапасы Nur Otan партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесте қаралды.
10 Қараша, 2021
«Болашақ» бағдарламасы 11 мыңнан астам маман даярлады
Егемендікті еншілеп, еңсе тіктегенде ең алдымен білімге көңіл бөлінгенін бағамдаймыз. Өйткені отандық оқушылар мектеп бітіре салысымен шетелдердегі таңдаулы университеттерде білім игеруге мүмкіндік алды.
09 Қараша, 2021
Есімін әлемдік деңгейдегі сыншылар әспеттеп, түсірген фильмдері халықаралық белді кинофестивальдарда үнемі топ жарып жүрген режиссер Дәрежан Өмірбаевтың шығармашылық қоржыны тағы бір қомақты жүлдемен толықты. Суреткердің XXXIV Токио халықаралық кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысқан «Ақын» фильмі «Үздік режиссер» жүлдесін жеңіп алды.
09 Қараша, 2021
ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды ТМД-ның халық шығармашылығы және мәдени мұрасы жылы деп жариялады. Осыған орай туындаған оймен бөліскім келді. Себебі ХХІ ғасыр – той тойлаумен емес, ой ойлаумен, сөзден іске көшетін кезең. Қарап отырсақ, 20 жылдан астам уақыт театр саласында еңбек етіп келе жатыр екенбіз.
09 Қараша, 2021
Қоғамның қай саласын алмаңыз, өз көшбасшысы, үздігі, жүзден жүйрігі, мыңнан тұлпары болады. Бұл – ықылым заманнан бері келе жатқан заңдылық. Бұларсыз дүниені қара түнек басар еді. Ілгерілей даму, бәсекелік қабілет, ұлттық ерекшелік дегендеріміздің кілті осынау топжарғандардың қолында. Кеңестік дәуірдің соңғы ширек ғасырында, тәуелсіздігіміздің алғашқы он жылында отандық тарих ғылымында топжарған деуге лайық зерттеушілер шоғыры ерекше көзге түсті. Олар – Манаш Қозыбаев, Рамазан Сүлейменов, Оразақ Ысмағұлов, Кеңес Нұрпейісов. Бәрі ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында дүниеге келгендер.
09 Қараша, 2021
Есте жоқ ескі заманнан бері мың бұралып қатар аққан Әму мен Сыр Аралдың алып айдынын толассыз толтырып тұрыпты. Өткен ғасырдың белортасынан ауа осы тепе-теңдік бұзылды. Қос дарияның жағасын қоныс еткен халық көбейіп, соның салдарынан теңізге құйылатын су мөлшері жыл санап сарқыла берді. Бей-берекет бөгелген өзен сулары көлемі ұлғайып келе жатқан күріштік пен мақталық алқаптарға жұмсалып жатты.
09 Қараша, 2021
Тұйыққа тірейтін сұйық отын немесе бензин бағасы қалай қалыптасады?
Бензин бағасы неге көтеріледі? Мұнайдың үстінде отырып мұндайға неге жол береміз? Жанар-жағармай қымбаттаған сайын көпшілікті толғандырған осы бір сауалдарға жауап іздеп көргенді жөн санадық.
09 Қараша, 2021