Редакция таңдауы
Миладтың медалі қандай болады?
Спорттық гимнастикадан жалғыз өзі жеті жолдама жеңіп алған Милад Карими Олимпиаданың іріктеу сынында үш жаттығу бойынша финалға өткен болатын. Бұрнағы күні көпсайыстың ақтық сайысында сынға түскенімен, жүлдегерлер қатарынан көріне алмады.
29 Шілде, 2021
Уинстон Черчилльдің қылығын айтып бір, қайсарлығын айтып екі қайран қаламыз. Даңқты тұлға дәуірден көшсе де, тарих тұғырынан тайған жоқ. Қайта есті естеліктерімен елдің назарын әлі де өзіне аударып келеді. Айта берсең, қызық енді.
29 Шілде, 2021
Токио Олимпиадасына жолдама алған қазақстандық атлеттердің арасында Ольга Рыпакованың шоқтығы биік. Оны қалың оқырманға таныстырудың қажеті шамалы. Бұған дейін қатысқан Олимпиадаларда алтын (Лондон-2012), күміс (Бейжің-2008) және қола (Рио-2016) медаль еншілеген Ольга төртінші додадасына да жүлде алу үшін келгені анық.
29 Шілде, 2021
Бензин бағасы: Қымбаттататын – делдалдар
Маусым айының басынан бастап, мұнай нарығы тұрақтала бастады. Елде жеткілікті бензин қоры бар екені ресми органдар тарапынан айтылып жатыр. ОПЕК Бас хатшысы Мохаммед Баркиндо маусым айының басында мұнайға деген сұраныс тәулігіне 96,5 млн баррельге дейін өсетінін мәлімдеді. Көптің көкейінде мұнайға сұраныс өссе, бензин неге арзандамайды деген заңды сауал тұр.
29 Шілде, 2021
Ұйқыдағы әлем әдебиеті орнынан бір аунап тұрған шығар. Неге десеңіз, даңқты Дантенің қолжазбалары табылды. Ендігі жерде әдебиетшілердің ермегі сол болмақ. Қазақтың әдеби кеңістігіне ақиық ақын Мұқағали Мақатаев арқылы жол салған «Құдіретті комедияның» иесі тоғыз жүзжылдықты төбесінен аунатып, дүниеге қайта дүмпу салды. Баға жетпес мұра – XIII ғасырдың еншісі. Ал оны тапқан Флоренция тақуа әйел Джулия Болтон Холлоуэй екен. Ең ғажабы сол, бұл данышпан ақынның мектеп қабырғасында жазған еңбектері көрінеді.
29 Шілде, 2021
Токио-2020: Боксшы Әбілхан Аманқұл ширек финалға өтті
Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл Токиодағы Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады, деп жазады Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
29 Шілде, 2021
Режиссер Болат Атабаев өмірден озды
Белгілі режиссер, қоғам қайраткері және драматург Болат Атабаев 70 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Шілде, 2021
Токио-2020: Бүгін қай спортшылар бақ сынайды?
Ұлттық олимпиада комитеті Токио Олимпиадасының 29 шілдедегі жарыс күнінде сынға түсзетін спортшылар тізімін ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
29 Шілде, 2021
Турист салығы: Жағдай талапқа сай ма?
Қазір келсеңіздер, Баянауылда туристік маусымның нағыз қызған шағы. Демалыс орындары түгел туристерді қабылдауда. Пандемияның «пайдасы» осы ішкі туризм әжептәуір серпіліп қалды деуге болады. Қазақстанның қай тұсында болсын, туристер үшін көрікті жерлер жетерлік.
28 Шілде, 2021
Жеңіске сан емес, сапа жетелейді
Гәп санда емес, сапада екеніне Токио төрінде әбден көзіміз жетті. Екі миллионға жетер-жетпес халқы бар Косовоның спортшылары төрт күннің ішінде Олимпиаданың 2 алтын медалін алып, елінің әнұранын асқақтата шырқатты. Ал бар болғаны 9 спортшымен Олимпиада қалашығына ат басын тіреген түрікмендік спортшылардың ішінен зілтемірші Полина Гурьева күміс медаль иеленді. Ал 90-нан аса спортшымен Токиоға барған Қазақстанның еншісінде 3 қола ғана бар...
28 Шілде, 2021
Бүгінде қоғам алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі – адамдардың кітап оқудан қалып бара жатқаны. Оған түрлі себеп-сылтаулар айтылады. Уақыттың тапшылығы, өмір сүрудің қиындап бара жатқаны, ең соңында қолдағы телефонға, яғни әлеуметтік желілерге деген тәуелділік кітап ұстауға мұрша бермейді-міс. Зиялы қауым өкілдері (оның ішінде мұғалімдер қауымы) газет-журнал көрсе бөжей кездестіргендей тітіркенеді екен. Шындығында солай ма? Адамзат кітаптан жеріп отыр ма?
28 Шілде, 2021
Бикеш Құрманғалиева: Цифрлық таңбалау бағаны қымбаттатпайды
Елімізде тауарларды міндетті цифрлық таңбалау ісінің басталғанына біршама жыл болды. Жүйелі жұмыстардың, жан-жақты шаралардың қолға алынғанына куәміз. Содан бері не өзгерді? Алда қандай өзгерістер болмақ? Біз бұл жайлы цифрлық таңбалаудың Қазақстандағы бірыңғай операторы – «Қазақтелеком» АҚ Цифрлық экономиканы дамыту орталығының бас директоры Бикеш Құрманғалиевадан сұрап білдік.
28 Шілде, 2021
Қазақстанның Ұлттық банкі базалық пайыздық мөлшерлемені 9 пайыздан 9,25 пайызға қымбаттатты. Базалық пайыздық мөлшерлеме – орталық банктің екінші деңгейлі банктерге несие берер кезде қолданатын пайыздық ставкасы. Осыған сәйкес қаржы институттары орталық банктен алған несиесін заңды және жеке тұлғаларға таратып, одан пайда көру үшін базалық ставканың үстіне тағы пайыз үстемелейді. Сөйтіп өз пайдасын ажыратады.
28 Шілде, 2021
Еліміздегі «Рухани жаңғыру» аясында іске асырылып жатқан іс-шараның бірі киелі жерлерді анықтау екені белгілі. Бұл, туған жерді қатты қадірлейтін қазақ халқына тән қасиеттің бірі. Сондықтан топономикалық атаулар тек геотерминдік қана сипатқа ие жай сөздер емес, олар – тұрғылықты этностың рухани мәдениетінде зор рөл атқаратын киелі символға ие лингвомәдени құбылыстар.
28 Шілде, 2021
Аса көрнекті халық ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай ғибратты ғұмыр иесінің өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау әрі дәріптеу мақсатында Мемлекеттік орталық музейде «Ұстаз ұлағаты» атты арнайы көрме ашылды.
28 Шілде, 2021
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуі және КВИ дертінің асқынуы туралы хабарлады, вирустың таралуына қарсы тұру үшін қалалықтарды белсенді түрде вакциналануға шақырды.
28 Шілде, 2021
Еліміздің мектептері Ashyq жүйесіне қосыла ма?
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова жаңа оқу жылының басынан бастап мектептерде Ashyq қосымшасын пайдалану мүмкіндігі туралы мәселеге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Шілде, 2021
Токио-2020: Елена Рыбакина жартылай финалға шықты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
28 Шілде, 2021
Instagram жасөспірімдерді қорғау шараларын күшейтеді
Instagram-дағы жаңа ереже бойынша енді 16 жасқа дейінгі барлық желі қолданушылардың жеке парақшалары (кейбір елдерде 18 жасқа толмаған) жабық болады, деп хабарлайды Egemen.kz korrespondent.net сілтеме жасап.
28 Шілде, 2021
Токио-2020: Баландин финалға шыға алмады
Қазақстандық спортшы ерлер арасында 200 м қашықтықты брасс әдісімен жүзуден финалға шыға алмады, деп хабарлайды, Egemen.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 Шілде, 2021