Редакция таңдауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ауыл шаруашылығын дамыту барысында жер қатынастарының маңызды рөл атқаратынын айта келе: «Биыл Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторийдің мерзімі аяқталады. Осыған орай, Жер жөніндегі комиссияның жұмысын қайта жандандыру қажет. Ұсыныстар байыппен талқыланып, түбегейлі шешім қабылдануға тиіс. Үкіметке биылғы қараша айына дейін Жер кодексіне түзетулер енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын», деді.
11 Ақпан, 2021
Жанғали Жүзбай: Дала күйшілерінің үлгі-мәнерін үйрендім
– Биыл алпыс жасқа толған екенсіз. Көңіл күйіңіз жақсы ма? – Алпыс – өткенге есеп беретін жас екен. Осы уақытқа дейінгі кезеңімді еске алсам, маңызды дейтіндей ешнәрсе істемеген екем. Әйтеуір жастықтың жалынымен өнерге талаптандық, күй деген киелі дүниеге ғашық болдық. Дәулескер күйшілерге еліктедік, «болмасаң да ұқсап бақ» дегендей, солар шерткен күйдің қайырымын қал-қадерімізше көкірекке тоқуға тырыстық. Жастық ауанымен әрненің басын бір шалған әурелі күндеріміз де көп болды.
11 Ақпан, 2021
Пандемия Жетісу өңіріндегі медицинаның дамуына оң ықпал етті ме?
Жаһанды жайлаған жұқпалы індетпен күрес отандық медицинаға үлкен сынақ болғаны белгілі. Пандемия кезеңінде туындаған қиындық пен күрделі ахуал денсаулық сақтау саласының жұмысын түбегейлі өзгертуге мәжбүр етті. Оның ішінде дәрігер мәртебесі мен біліктілігі және емхана, ауруханалардың талапқа сай жабдықталуы өткір мәселеге айналды. Қазір бұл бағыттағы бастама жанданып, орасан іс атқарылуда.
11 Ақпан, 2021
Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Елімізде алты облыс аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.
11 Ақпан, 2021
БЖЗҚ салымшыларға маңызды ескерту жасады
БЖЗҚ салымшылары алаяқтар тарапынан фишинг шабуылдарға ұшырады.
11 Ақпан, 2021
Грекияда вирустың мутацияланған түрі жылдам тарап жатыр
Әлем бойынша вирус жұқтырғандардың саны 108 миллионға жетіп қалды. Қайтыс болғандардың саны 2 миллионан асады, деп хабарлайды Egemen.kz
11 Ақпан, 2021
Қазақстанның толық тарихын жазу үшін жобалық кеңсе ашылады
Қазақстанның толық академиялық тарихын жазу үшін «Халық тарихы» атты жобалық кеңсе ашылуы мүмкін.
11 Ақпан, 2021
Алматыда зейнеткерлерді өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Алматыда екі зейнеткерді пышақтап өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты. 81 және 89 жастағы қарт кісілерді тонап, айуандықпен өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
11 Ақпан, 2021
2021 жыл – «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» деп жарияланды
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» тақырыбында онлайн брифинг өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 Ақпан, 2021
Қазақстан мен Өзбекстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті
Өзбек тарапының бастамасымен Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Ақпан, 2021
Шайбалы хоккейден Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан «Qazaqstan Hockey Open-2021» турнирінің тұсаукесер кездесуінде Қазақстанның ұлттық құрамасы Беларусьмен күш сынасты.
11 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда «Дене шынықтыру және қалпына келтіру диспансері» ашылады
Нұр-Сұлтан қаласы спортшылары үшін жеке Дене шынықтыру және қалпына келтіру диспансері ашылады. Елорда спортшыларына физикалық диспансер қызметін 2014 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №5 қалалық емхана жүзеге асырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Ақпан, 2021
Аяулым Белгібаева: Ғалымның дәрежесін жетістігі анықтайды
БҰҰ-ның шешімімен 11 ақпан Халықаралық ғылымдағы әйелдер мен қыздар күні ретінде аталып өтеді. Соңғы зерттеулер көрсеткендей, ғылым жолындағы зерттеушілердің тек 30 пайызы ғана әйелдер. Әсіресе жаратылыстану, технология, инженерия және математика саласында еңбек етіп жүрген әйелдердің табысы аз әрі қызметте көтерілуі де қиын. Осы ретте Токио Технологиялық институтында білім алып жүрген замандасымыз Аяулым Белгібаеваны әңгімеге тартып, Жапониядағы оқу мен өмір, ғылымдағы әйелдердің жағдайы жөнінде сұрап көрдік.
11 Ақпан, 2021
Таразда қапқа салынған адамның мәйіті табылды
Таразда канал жиегін тазалау кезінде қапқа салынған адамның сүйектері табылды, деп хабарлайды Egemen.kz
11 Ақпан, 2021
Ақтөбеде әріптесін пышақтап өлтірген мұғалім сотталды
Ақтөбе облысы, Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық ауылында екі мұғалім төбелесіп, біреуі мерт болған еді. Сот үкімімен әріптесін өлтірген педагог 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
11 Ақпан, 2021
Қарағандыда өндірілген вакцина қашан қолжетімді болатыны айтылды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қарағанды фармацевтикалық кешені базасында өндірілетін «Спутник V» вакцинасының алғашқы дозасы шамамен қай уақытта шығатындығын жария етті.
11 Ақпан, 2021
Сенаторлар дипломатиялық қызмет туралы заңды Мәжіліске қайтарды
Бүгін Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Сенат отырысы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Ақпан, 2021
Токиодағы ойындарды ұйымдастыру комитетіне жаңа басшы тағайындалады
Ёсиро Моридің отставкасынан кейін Токио қаласындағы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің жаңа басшысы болып Олимпиада кентінің мэрі Сабуро Кавабути тағайындалады.
11 Ақпан, 2021
Елімізде жұмыртқа мен құс еті қымбаттап жатыр
Елімізде жұмыртқа мен құс етінің бағасы қымбаттап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
11 Ақпан, 2021
Батыс Қазақстан облысы еліміздің қиыр батысында Ресей Федерациясының бес облысымен шектесіп жатыр. Жайық бойын жалпақ жайлаған жасампаз жұрт ежелгі Алтын Орда, Ноғайлы, Қазақ хандығы жерінің асыл топырағында отырғанымен, өңірде кейінгі ғасырлардың отарлық ізі – орыстанған атаулар жетерлік.
11 Ақпан, 2021