Оқи отырыңыз
Тәжтажалдың басты соққысы сәлемдесуге келіп тигенін қараңызшы. Қол беріп амандасу қорқынышқа айналып, кісімен кезіксе, үркіп қашатын әдет келгелі адамдар да амандық-саулық сұрасудың жаңа түрлеріне бейімделіп, кейбірі күлкі шақырса да, микробтан қорғанудың ең дұрыс шешімі ретінде түрлі баламаларды ойлап тауып, қабылдауға мәжбүр болып отыр.
22 Сәуір, 2020
Азияның хоккей лигасы құрыла ма?
Қазіргі таңда Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) Азияның екі командасы бақ сынауда. Бірі – Қазақстанның «Барыс» командасы, екіншісі – Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» клубы. Екі ұжымның да құрылған кездегі негізгі мақсаты өз елінде хоккей спортын кеңінен насихаттап қана қоймай, ұлттық құраманы күшейту және жастарды осы спортқа баулу болатын. Әзірше жоба екі елде де өзін ақтап жатыр деп айтуға негіз бар. Тіпті екі клубтың ҚХЛ-да өнер көрсетуі Азия құрлығындағы басқа елдерге де оң әсер етіп жатқандай.
22 Сәуір, 2020
Карантин басталғалы әншейінде үй бетін көрмейтін бала-шаға төрт қабырғаның ішіне қамалған. Бестен жаңа асқан Айтуар қонақ бөлмедегі диванның жұмсақ жақтауын ат қып мініп, құйғытып шауып барады.
22 Сәуір, 2020
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының қай-қайсысы да қазақ руханияты үшін үлкен мәнге ие. Бұл бағытта атқарылатын мемлекеттік деңгейдегі іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба беретіні сөзсіз.
22 Сәуір, 2020
Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз
Қазақ режиссурасы көптеген тарихи үдерістерді бастан кешірді. Ұлттық өнеріміздің қанаты қатайып, биікке өрлеуіне сүбелі үлес қосқан жандар тарлан тарихымызға алтын әріппен жазылғаны белгілі. Саналы ғұмырын театр өнеріне арнаған қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз – Ғайни Хайроллақызы еді.
22 Сәуір, 2020
Хоум-кеңсе үрдіске енуі мүмкін
Карантинге байланысты Қазақстанның көптеген ірі компаниясы мен мемлекеттік корпорациялары қашықтан жұмыс істеу режіміне көшті.
22 Сәуір, 2020
Рамазан – сауап пен кемелдену айы
Әлем жұртын әуреге салған індеттің кесірінен биылғы Рамазанда мұсылман қауым арқа-жарқа болып ауызашарға, топ болып тарауыққа қатыса алмайды. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты мешітте жамағатпен оқылатын намаздарға уақытша шектеу қойылғанын атап өтті.
22 Сәуір, 2020
Көмек алып, көңіліміз жайланды
Әкімдіктің қызметкерлері әуелі жағдайыммен танысып, содан кейін жеке есепшотыма бір айға жететін азық-түлік алуға қажетті ақша аударды.
22 Сәуір, 2020
Балаларға базарлық. Өгіз бен жылқы неге таласты?
Кезекті шығарылым саха халқының ертегісіне арналады. Өгіз бен жылқы неге келіспей қалды? Мән-жайды бірге анықтайық. Алдымен YouTube арнамызға жазылуды ұмытпаңыз!
21 Сәуір, 2020
Туысқан ұлт ғалымдары пандемияны тізгіндеуде тізе қоспақ
Қазір жер бетін жайлаған індетті бүкіл адамзат баласы бірлесіп жеңуге кіріскен. Дамыған елдерде COVID-19 вирусына қарсы препараттар дайындалып, вакциналар әзірленуде. Әрине, жұмыла көтерген жүк жеңіл. Осындай қиын-қыстау кезде туысқан ұлттардың ғалымдары да тізе қоса отырып, пандемияны тізгіндеуге дайын. Кеше Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен өткен Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағы президиумының онлайн отырысында осы мәселе қаралды.
21 Сәуір, 2020
Алматы облысы: Көпбалалы отбасылар кепілді әлеуметтік көмек алды
Жұқпалы індет қауіпі ел ішін әбігерге салды. Карантинге байланысты өндірістегі жұмыс уақыты қысқарып, базардағы сауда-саттық тоқтады. Адамдардың табысы азайды. Бұл сынақ әсіресе көпбалалы отбасыларға салмақ болып түсіп тұр.
21 Сәуір, 2020
Қытай дәрігері: Індетпен күресте әр ел ұлттық танымына сүйенуі керек (видео)
Әлем елдерін тығырыққа тіреген аты жаман тұмаумен күш біріктіре күресудің маңызы зор. Бұл ретте алапат қасіреттен ең көп зардап шеккендердің бірі Қытай мемлекеті. Бірнеше күннен бері қытайдың білікті 10 дәрігері Алматыға келіп онлайн сабақтар өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісіп жатқаны белгілі.
21 Сәуір, 2020
Рамазан айында күніне бір сағат арнайы онлайн-хатым оқылады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты.
21 Сәуір, 2020
Карантиндік режимді біртіндеп жеңілдету бойынша тиісті шешім қабылданады - Асқар Мамин
Премьер-Министр Асқар Мамин Үкімет отырысында эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантиндік режимге өзгерістер енгізілетінін айтты.
21 Сәуір, 2020
Өткен тәулікте ең көп науқас Алматы мен Шымкентте тіркелген
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысында айтты.
21 Сәуір, 2020
Ерекше қамқорлықтың екінші толқыны басталды
Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен мұқтаж адамдарға тікелей атаулы көмек көрсетуді көздейтін «Біз біргеміз!» акциясының екінші толқыны бастау алды. Осылайша Jas Otan волонтерлері тағы да 10 000 отбасын азық-түлікпен қамтуды көздеп отыр.
21 Сәуір, 2020
Қазір коронавирус індетіне байланысты әр өңірде сақтық шаралары барынша күшейтіліп, адамдар мен көлік қозғалысы шектеліп тұр. Бірақ карантиннен кейін де өмір бар, шектеулер аяқталысымен сан саладағы тіршілік қайтадан қалыпты арнасын табуы тиіс. Сондықтан да қара күзде ел несібесінің ортаймауын ойлаған Сыр диқандары сақтық шараларын барынша күшейтіп, көктемгі егіс науқанына шықты.
21 Сәуір, 2020
Қашанда «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», иыққа түскен жүкті бірлесе көтеретін халқымыз пандемия кезінде де өзара көмектен тартынып қалған жоқ. Biz birgemiz акциясы аясында республикамыздың түкпір-түкпірінде волонтерлер штабы құрылып, мұқтаж жандарға, қариялар мен зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға көмек қолын созуда.
21 Сәуір, 2020
Мен өзімді өзім жұмыспен қамтыған адаммын. Қорада азын-аулақ малымыз бар. Бұған дейін соның сүт, май, кілегей, құрт, ірімшігін базарға саудаға шығарып, нәпақамызды айырып жүрген едік.
21 Сәуір, 2020
Қазір кімге оңай дейсіз? Көпшілігі табысынан айырылды. Бәрі де отбасын, балаларын асырау үшін табыс тапқысы келеді.
21 Сәуір, 2020