Оқи отырыңыз
Жыныстық бопсалау – адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғып, кемсітудің бір түріне жатады. Әйтсе де екінші жақтың қарсылығына қарамастан, жақындасуға емеурін танытып, қырындау дәл біздің қоғамда қалыпты саналатын нәрсе. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан заңнамасында жыныстық бопсалау ұғымы жоқ болғандықтан да әйел құқығы жиі бұзылып жатады.
20 Қараша, 2020
Қырандар хикаясы (этнографиялық этюдтар)
Халқымыздың ежелден келе жатқан бір өнері – құсбегілік. 1253-1255 жылдары қазіргі қазақ даласын көктей өтіп, шығысқа сапар шеккен еуропалық саяхатшы Гильом де Рубруктің күнделік жазбасында: «Көшпенділер бүркіт, сұңқар сияқты аңшы құстарды көп ұстайды. Оларды қолдарына отырғызып аң аулайды» десе, итальялық жиһанкез Марко Поло жазыпты: «Ұлы ханның (Құбылайды айтады) Баян және Минған атты ағайынды бектері бар. Халық оларды «Құсбегі» деп атайды. Себебі, олар ханның қол астындағы 20 мың құсбегілер мен аңшыларды басқарады. Минған басқарған 10 мың адам қызыл түсті киім киіп, Баян бастаған 10 мың адам көк түсті киім киіп, ханмен бірге саятқа шығады. 10 мыңдықтың 2 мыңы аңшы иттерді жетектеп жүреді. Екіге бөлінген аңшы-құсшылар күншілік жерден шеңбер жасап аң-құстарды қыспаққа түсіреді. Дәл осы сәтті көру керемет тамаша әсер береді» дейді. Көптеген этнограф зерттеушілер саятшылық Орталық Азияда пайда болып, кейін әлемнің басқа жерлеріне тараған дейді. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан жеріндегі «Шілікті» қорғанынан: басы артына қайырылған шеңгелі мен көзі перуза тастармен көркемделген 36 дана бүркіт тәрізді құстың құйма қапсырмасы табылса, Өскемен қаласының маңынан табылған Құрық қорғанынан (б.д.д ІV-ІІ ғ.ғ) мәйітпен бірге жерленген төрт бүркіттің қаңқасы шықты. Сол сияқты, ХVІ ғасырдың соңында қабылданған «Жеті жарғы» жорасында: «Қыран құсты өлтірген адам олардың иесіне бір құл немесе күңнің құнын төлесін» деген бап бар. Осы орайда, ел ішінде айтылып, бүгінге жеткен қыран құстар жайлы хикаяларды ұсынып отырмыз.
20 Қараша, 2020
Білім саласының инвестициялық әлеуеті артуда
Жаһандық экономикада ағымдағы «коронакризиске» байланысты едәуір өзгерістер орын алуда. Оның бір айқын дәлелі – әлем бойынша тікелей шетелдік инвестициялар көлемінің қысқаруы. Мысалы, инвестициялық тартымдылығы жоғары Еуропаның 47 елінде жоспарланған 6 мыңнан астам жобаның тек 65%-ы мерзімдеріне сәйкес жүзеге асырылса, қалған 35%-ы уақытша тоқтатылып, тіпті мүлдем жүзеге аспай қалуы мүмкін.
20 Қараша, 2020
COVID-19: Әлемнің әлі де әлі келмей жатыр
Пандемия кедей мемлекеттер түгілі алпауыт елдердің экономикасының да шәт-шәлекейін шығарды. Канада билігі осындай сәтте қиын жағдайға қалған кедей елдерге вакцина беруді қарастарып жатқан сыңайлы.
20 Қараша, 2020
«Қасиетті Қазақстан» бағдарламасы аясында соңғы жылдары жаңадан 300-ден астам нысан анықталды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы – қазақ ұлтының салт-дәстүрін, өткеннен келе жатқан мұраларын дәріптей отырып өркениетті қоғам құруға, ұлт ретінде дамуымызға бағытталған концептуалды құжат.
20 Қараша, 2020
Шекарадағы шепке шын жанашырлық керек
Екі ортаны тікенекті сым бөліп тұрғаны болмаса, Марқакөлден дүрбі салсаң, Қытайдың қызыл шатырлы ғимараттары ап-анық көрінеді. Олар да арғы беттен біздің жақтағы терезелері үңірейген жадау үйлерге қызыға-қызғана қарайтын шығар бәлкім. Кейде «көк шалғынды жон-жайлауым анау, мөлдіреген көлім мынау» деп лепіре мақтанғанымызбен, шекара шебіндегі ел сиреп кеткен бүгінде. Шамдансақ та шындық сол.
20 Қараша, 2020
Жастар ұйымдары қалай қаржыландырылады?
Үкіметтік емес ұйымдар бұқара мен билік арасындағы көпір іспеттес. Бүгінде көптеген өзекті мәселені көпшілік назарына ұсынып, талқыға салып жүрген де үкіметтік емес ұйымдар. Алайда азаматтық қоғамның бұл институты әзірге тек аралық көпір функциясын атқарып келеді. Әсіресе жастар ұйымдарының флешмоб пен акциялардан қолы босамайды. Жалпы, жастар ұйымдары қалай қаржыландырылады?
20 Қараша, 2020
Қалбаны қалмақтан қорғаған ерлер
Қонақ бөлмесінің қабырғасында атқа қонған найзалы батырдың майлы бояумен жазылған суретіне үңіле қарап: – Сізге ұқсайды екен, атаңыз ба? – деймін ғой. – Батыр бабамыз. Ерлігі тарихта қайталанбаған. Үлкен бір шайқаста бес қалмақпен айқасып, бәрін баудай түсіріпті. Естуімізше, осы Самар, Қалба өңірлерінде өмір сүрген, – деп Самархан Жотабаев тарихтан тартып әңгімесін бастаған.
20 Қараша, 2020
Платон данышпан: «Игіліктің төрт түрі бар», – деген екен. Олар: жүректілік, данышпандық, естілік және әдептілік. Осы қағиданың біз бүгін тек біреуіне ғана, яғни әдептілік жайына тоқталғымыз келіп отыр. Оған себеп, кейінгі кезде жақсы мен жаманның аражігін ажыратпай, мәселенің ақ-қарасын білмей тұрып, біреуді сырттай сыдырта сөге сөйлеу, сынап-мінеу, нәпсінің азғыруына еріп, жалған, лепірме, бос сөзге ерік беру секілді халықтық қалыбымыз бен қазақы әдебімізбен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын жат құбылыстар тым белең алып барады.
20 Қараша, 2020
Таразда 442 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Тараз қалалық полиция басқармасының бастығы Асылхан Зауырбеков елімізде карантин талаптары енгізілгелі тараздық полицейлер төтенше жағдай режімін бұзу бойынша 442 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz
19 Қараша, 2020
Алматы облысында қалаға өтетін қос көпір пайдалануға берілді
Бүгін Талдықорған қаласындағы "Қызылтас" және "Шайқорған" саяжайларында Қаратал өзені арқылы өтетін 2 көпір пайдалануға берілді. Осы көпірлер арқылы енді екі саяжайдың қалаға қатынасы жақсарады. Көпірлерді ресми іске қосу шарасына облыс әкімі Амандық Баталов, ардагерлер және жергілікті тұрғындар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz
19 Қараша, 2020
Алматы туристерге есігін қайта ашты
Коронавирустық пандемияға қарамастан, шетелдік туристер Алматыға баруға мүмкіндік алды. Бұл туралы Алматы қалалық туризм басқармасы басшысының орынбасары Марат Айнабеков мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz
19 Қараша, 2020
Пробация есебіндегі азамат жеке кәсіп ашты
Қазіргі таңда пробация есебіндегі азаматтардың басым көпшілігі жеке кәсіпке бет бұрған, деп хабарлайды Egemen.kz
19 Қараша, 2020
Халықаралық валюта қоры коронавирусқа қарсы шараларды жоғары бағалады
Халықаралық валюта қоры Қазақстандағы экономикалық жағдай, сондай-ақ пандемия салдарын азайту және халық пен бизнесті қолдау бойынша жүргізіліп жатқан саясат бойынша сараптамалық бағалауды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz
19 Қараша, 2020
Ордабасылық өнім косметика саласында үлкен сұранысқа ие
Түркістан облысы Ордабасы ауданында жаңа инновацияны қолдану арқылы 60 гектарға "BS-Agro Product" ЖШС суаруды қажет етпейтін "Сitrullus Lanatus" сұрыпты қарбыз көшетін отырғызып, 6,6 тонна өнім жинап алған. Дәл осы қарбыздың дәні шетелдік косметология саласында үлкен сұранысқа ие. Серіктестік жиналған өнімді Израйль мемлекетіне экспорттауды жоспарлауда, деп хабарлайды Egemen.kz
19 Қараша, 2020
Алматыда "Рухани жаңғыруға" арналған оқулық жарық көрді
Философия ғылымдарының докторы, профессор, ғұмырының соңына дейін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде қызмет атқарған ұлағатты ғалым Сапар Оспановтың "Рухани-жаңғыру-тану негіздері" атты концептуалды-монографиялық оқулығы жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz
19 Қараша, 2020
Адасқан әжей аман-есен табылды
Қазір Солтүстікте сақылдаған сары аяз болмаса да, ақ қар, көк мұзды қыс болып тұр. Мұндайда үйлерінен адасқан жандардың үсіп қалуы оп-оңай, деп жазады Egemen.kz
19 Қараша, 2020
"Junior Eurovision" халықаралық ән байқауынa 10 күн қалды
Коронавирус пандемиясына байланысты онлайн-форматта өтетін 18-ші "Junior Eurovision" халықаралық ән байқауының гранд-финалына 10 күн қалды. Биылғы жылы байқауда әлемнің 12 елінен 9-14 жас аралығындағы жас вокалистер бақ сынайтын болады. Финалдық шоуды 29 қараша күні сағат 22.00-де "Хабар" арнасы тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz
19 Қараша, 2020
Шымкент әкімі германиялық инвестормен кездесті
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Германияның "DiaFlux" компаниясының басшысы Теодор Морельмен онлайн форматта кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz
19 Қараша, 2020
Электролиз зауыты тұтынушылармен 11 келісімшарт жасады
Ағымдағы жылы Қазақстан электролиз зауыты бастапқы алюминийдің қазақстандық тұтынушыларымен 11 келісімшарт жасады, деп хабарлайды Egemen.kz
19 Қараша, 2020