Оқи отырыңыз
Қытайлық Tencent Еуропада төлем жүйесін іске қосты
«Қытайлық интернет-гигант Tencent Alibaba тобына тиесілі Alibay-мен бәсекелестікті кеңейту үшін дүйсенбіден бастап Еуропада WeChat Pay төлем жүйесін іске қосты», деп хабарлайды CNBC. WeChat - бұл ай сайынғы аудиториясы 938 миллион адамды құрайтын үлкен әлеуметтік желі, негізінен Қытайда және басқа да Азия елдерінде тарайды. «Сонымен бірге, 600 миллион адам ол арқылы төлемдерді пайдаланады, - деп жазады CNBC.
31 Мамыр, 2020
Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандар саны 17 адамға өсті
30.05.2020 жылғы, 09:30 уақыты бойынша аймағымызда "Covid-19" вирусын жұқтырғандар қатары 357-ге жетті, - деп хабарлады Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
31 Мамыр, 2020
Шымкентте 22 адамнан Covid-19 анықталды
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша Шымкент қаласының 22 тұрғынына COVID-19 диагнозы қойылды. Олардың 14-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 2-і пневмония диагнозымен стационарға жатқызылған, 2-і ақылы түрде қаралған, 1-і стационарға жоспарлы түрде жатқызу алдында тексерілген, 3-і скрининг нәтижесінде анықталған. Барлығы тиісінше жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды.
31 Мамыр, 2020
Түркістан облысында тағы 6 адам коронавирус жұқтырған
Скринингтік тексеру барысында COVID-19 инфекциясы Төлеби ауданының 1989 жылғы, Сарыағаш ауданының 1986, 1987 жылы туған, Сайрам ауданының 1965 жылғы және Ордабасы ауданының 1955 жылғы тұрғындарынан анықталған.
31 Мамыр, 2020
Әке рухынан қуат алған қайсар жан
Осынау, орта бойлы, қайыңның безіндей берік, қайсар жүзді, өткір көзді, түсі сұсты, көзқарасы салқын ақсақалды ұзақ жылдардан бері білемін. Ол аяғын нық басып, әр қадамына салмақ салып, үнемі бір ой үстінде кетіп бара жатады. Алған бетінен қайтпайтын қайсарлық, айнымайтын табандылық, оған қоса жаратылысынан берілген қажырлылық бұл кісінің өмір бойғы жолдасы болып келеді. Қазір 85 жасқа аяқ басқан бұл ақсақалдың аты-жөні Болат Мағазұлы Сағындықов.
31 Мамыр, 2020
Асанбай аға! Жұрт: «Асекең!» – деп құрметпен атап кеткен бұл абзал жанды оқырманға таныстырып жатудың қажеті жоқ. Аға ұрпақ өкілдерінің бірі академик Кеңес Нұрпейсов айтқандай ол «Өмірі тек өнегеден ғана тұратын адам» еді. Бітімі мен болмысынан парасаттылық лебі ескен сол Асекең, Асанбай Асқараовтың өткен ғасырдың 60-70 жылдарында Алматы облысын басқарып тұрған кезіндегі еңбегі ерекше. Әсіресе аймақтың ғылыми-техникалық, мәдени-әлеуметтік, экономикалық әлеуетіндегі қол жеткен биік деңгейді атап айтпасақ болмайды.
31 Мамыр, 2020
Қасіретті жылдар. Тауқымет тартқан аналар
Қылышынан қан тамған солақай саясаттың символындай болып XX ғасыр да жылдар жылғасымен алыстап барады. Соған кері бұрылып қараған сайын алапат аштық пен қисапсыз қырғынның ізін әлі де анық аңғаруға болады. Қазақтың жұлындары үзіліп, бұрымдары қиылған аяулы аналарының, қадірлі қыз-келіншектерінің қасіретті көз жасы төгілгенін Ұлы дала аз көрген жоқ. Сол бір азапты жылдардың белгісіндей, дәлеліндей болып Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданының Ақмол ауылында Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені тұр...
31 Мамыр, 2020
Алматыда блок-бекеттер алынғанымен, санқауіпсіздік ережесі сақталады
Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында 1 маусымға қараған түні қала периметрі бойынша орналасқан кедергілердің алынатынын хабарлады. Сондай-ақ ол блок-бекеттерде жұмыс істеген барлық қызметкерлерге алғысын білдірді.
31 Мамыр, 2020
Орал губерниясындағы ашаршылық ақиқаты
Тәуелсіздік тізгінін өз қолымызға алып, егемен ел болғалы, тарихымызды жан-жақты зерттеп, белгісіз тұстарын ашу мүмкіндігі пайда болды. Кеңес өкіметі кезінде зерттеп, жариялау қиын болған, архив қорларында шаң басып жатқан құжаттарды көпшілікке таныстыруға қазір мүмкіндік мол.
31 Мамыр, 2020
Архив деректеріндегі ашаршылық жылдары
1932 жылғы ашаршылық қазақ халқының тарихындағы ең бір асқан зұлмат, адам жаны түршігерлік қасірет болғаны ақиқатқа айналды. Бұл зұлмат жылдарды зерттеуші Дж. Беккер «Қазақтардың бірнеше ұрпақтарының есінде жазылмайтын жара болып ұжымдастыру және оның салдарынан болған 1931-1932 жылдардағы ашаршылық туралы естелік қалды», деп жазды. Кеңес қоғамындағы өзгерістер өткен ғасырдың 20-30 жылдары қалыптасқан әкімшілдік-әміршілдік жүйенің қыспағымен, халықтың белгілі бір бөлігін құрбан ету арқылы іске асырылды.
31 Мамыр, 2020
Қайраткерге лайық құрмет көрсетсек
Биыл ғұмырын Түркістан халқының теңдігі мен тәуелсіздігіне арнаған қайраткер Мұстафа Шоқайдың туғанына 130 жыл толады. Шүкір делік, азаттықтың алғашқы жылдарынан-ақ түркінің түгелдігін көксеп өткен, осы идеяны өмірінің мәніне айналдырған тұлға туралы аз жазылған жоқ.
31 Мамыр, 2020
Ұлы нәубет: қасіреті мен тағылымы
Кеңес дәуірінде орын алған қазақ халқының тарихында қара әріптермен жазылып қалған осы нәубеттің себебі неде, ол қаншалықты зардабын тигізді және мұндай сұмдықты болдырмау үшін не істеу қажет еді. 30-жылдардағы ашаршылық пен саяси қуғын-сүргіннен қазақ халқы үштен бірінен айырылды деген дерек бар. Мұның себебі неде, саяси қателік пе, әлде қасақана қазақ халқына қарсы жасалған коммунистік партия көсемдерінің зұлымдығы ма?
31 Мамыр, 2020
Қазақстанда 163 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 5220 адамға жетті. Бүгін қауіпті инфекция жұқтырған тағы 163 науқас жазылып, үйлеріне оралды.
30 Мамыр, 2020
Аида Балаева еріктілердің республикалық штабына барды
Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Нұр-Сұлтан қаласындағы ЭКСПО аумағында орналасқан еріктілердің республикалық штабы мен Қазақстан жастары конгресінің кеңсесінде болды.
30 Мамыр, 2020
Covid-19: 3 науқас реанимациядан палатаға ауыстырылды
Коронавирус жұқтырған 3 пациент интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды.
30 Мамыр, 2020
Шымкентте қала көшелерімен қатар көпірлер де көбейеді
Шымкенттің бас жоспарына сәйкес қала көшелерімен қатар көпірлері де ретке келтірілуде. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Д.Қонаев даңғылымен жалғасатын «Бадам» өзені үстінен өтетін өткелдің құрылыс жұмыстарымен танысты.
30 Мамыр, 2020
Алматыда қаланы залалсыздандыру ісі жалғасады
Бүгін 30 мамырдағы жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындарды дезинфекциялау ісі толық атқарылды.
30 Мамыр, 2020
Шымкенттік оқушы халықаралық ғылыми жобаның жеңімпазы атанды
Жалпы білім беретін пәндер бойынша «Ғылым әлемін ашамыз» халықарылық ғылыми жобалар конкурсы әлемде болып жатқан жағдайға байланысты онлайн режимде өткізілді. Дарын орталығының ұсынуымен Шымкент қаласынан бірнеше жұмыс жіберілді.
30 Мамыр, 2020
Алматы: Балабақшаға баланы кімдерге әкелуге болмайды?
Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 33 «Нысанның жұмысын ұйымдастыру тәртібі туралы» Қаулысына сәйкес, ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап Қаулыдағы нұсқаулыққа сәйкес күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтаған жағдайда балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдарда (жасы бойынша) кезекші топтар ұйымдастырылатын болады.
30 Мамыр, 2020
Шымкентте төрт айда 48 миллион дана жұмыртқа өндірілді
Шымкент қаласында биылғы жылдың төрт айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 7,4 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда едәуір артқан. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 1 миллиард теңге, мал шаруашылығы – 6,2 млрд. теңгені құраған. Осы уақыт ішінде 4 мың тоннадан астам ет, 13,3 тонна сүт және 48,6 млн. дана жұмыртқа өндірілді.
30 Мамыр, 2020