Оқи отырыңыз
Telegram-bot жедел жұмыс істеді
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының әзірлеуші командасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елдік офисімен ынтымақтастықта жаңа коронавирустық инфекция бойынша telegram-bot-ты іске қосты.
11 Мамыр, 2020
Кезекті алдын ала броньдай аламыз
Қарағанды, Ақтау және Орал қалаларындағы бірнеше халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысын қайта жандандырып, жаңа форматта қызмет көрсете бастады. Алғашқы жұмыс күні осы ХҚО-ларда 2038 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олардың 70%-дан астамы алдын ала брондау арқылы қамтамасыз етілген. Қалғандары сол жерде бронь жасаған немесе операторлардың босауын күткен.
11 Мамыр, 2020
Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай «Қазақфильм» киностудиясы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен түсірілген, режиссер Алексей Каменскийдің «Нүркен Әбдіров. Ұлдарымның кенжесі» деректі фильмінің премьерасы өтті.
11 Мамыр, 2020
Бұрынғыша өмір сүру енді мүмкін емес
Індет бүкіл әлемді жайлап кетті. Бір сәтте өмір тоқтағандай... Үлкен қалалардың көшелері қаңырап бос қалды. Көкейде күдік пен үрей де жоқ емес. Мемлекет тарапынан атқарылып жатқан батыл қадамдар мен нақты шараларға түсіністікпен қарап, оларға қолдау көрсеткеніміз жөн.
11 Мамыр, 2020
«Ауыл» партиясының «Біз – мақтааралдықтармен біргеміз» атты қайырымдылық автокеруені Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен ауылдарға аттанды.
11 Мамыр, 2020
Коронавирустың салдарынан бұл күндері барлық спорттық шаралардың тоқтатылғаны белгілі. Солардың қатарында дзюдо да бар. Ең бастысы, күрестің бұл түрі бойынша балуандардың осыған дейін жиған ұпайлары толықтай сақталып қалады. Енді пандемияға байланысты осы үзілісті пайдалана отырып, әлемдік рейтингке тағы бір көз жүгірту артық етпейді деп ойлаймыз. Сол арқылы қай мемлекет өкілдерінің қарқыны күшті немесе кімдердің тегеуріні баяу екенін анық байқауға болады.
11 Мамыр, 2020
Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) коронавирус пандемиясына байланысты 2019/20 маусымды мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр болған соң, биыл ҚХЛ-дің және Гагарин кубогының жеңімпазы анықталмайтынын мәлімдеді.
11 Мамыр, 2020
Алматы гарнизонының әскери қызметшілері Қарулы Күштердің алматылық ардагерлер кеңесінің өкілдерімен бірге Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында соғыс ардагерлерінің жағдайларын біліп, мерекемен құттықтады.
11 Мамыр, 2020
Павлодарда Кеңес Одағының батырларына бюст орнатылады
Кеңес Одағының Батыры Серікбай Мүткеновке, Бақыт Қайдаров, Василий Христенко, Жылбек Ағаділовке бюст орнатылады. Бұл жайында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов онлайн-брифингте мәлім етті.
09 Мамыр, 2020
Павлодар облысында әскерге аттанатын 511 сарбаз дайындалған
Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің мәліметінше, өткен жылы көктемгі әскерге шақыру кезінде 810, күзде 766 жас жігіт әскерге аттанған.
09 Мамыр, 2020
Майдандас досын 35 жыл іздеген
1980 жылдың 13 наурызында Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облыстық «Приуралье» газетінде «Өзбекстанда тұратын Сарыбаев Ғафуржан Абдувахобович майдандас досы Сәрсенғали Оспановты іздейді» деген шағын ғана хабарландыру жарияланады. Бес-алты сөйлемнен тұратын хабарландыруда Ғафуржан мен Сәрсенғали екеуі 1944 жылы Чкалов қаласының (қазіргі Орынбор) госпиталінде бірге емделіп, дос болып кеткені, кейіннен жолдары екі айырылғаны, тек Сәрсенғалидың Орал облысынан екені ғана есінде қалғаны жазылыпты. «Осы хабарландыруыма Сәрсенғали немесе оның туған-туыстары үн қатады деп ойлаймын. Менің мекенжайым: 702519, Ташкент облысы, Ангрен қаласы – №19, Танғатопты селосы» деп аяқтапты сөзін өзбекстандық майдангер.
09 Мамыр, 2020
Қайраткер тұлға Оразалы Қозыбаев пен академик Манаш Қозыбаевтың туған қарындасы Сәулеш Қошпанова бүгінде Қостанай облысының Меңдіқара ауданында тұрады. Әжейдің балалық шағы соғыс жылдарына дөп келіпті. Сұрапыл кезеңдегі ауылдың ауыр тұрмысы мен тыл еңбеккерлерінің жанкештігі кейуананың күні бүгінге дейін көз алдында.
09 Мамыр, 2020
Қараңғы дүниенің жарық бір сәулесі (Ғұмырының 60 жылын суқараңғылықта өткізген жауынгер)
Бүгінде менің тағдырымда үлкен із қалдырған әкем, Ұлы Отан соғысының І топтағы мүгедегі, І және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендері мен «Ерлігі үшін» медалінің иегері Есмұхан Өмірбаев жайлы терең бір тебіреніс пен толғанысқа түсемін. Ол 2006 жылы 16 желтоқсан күні 82 жасында дүниеден озды. Осы ғұмырының 60 жылын екі көзі де бірдей көрмей, суқараңғы жағдайда өткізді. 1944 жылдың 30 қаңтарындағы қырғынды және жан алысып, жан беріскен бір шайқасында әкем екі көзінен айырылған екен.
09 Мамыр, 2020
«Тағзым-5» кітабының тұсауы кесілді
Маңғыстауда облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен Жеңістің 75 жылдық мерекесіне орай шығарылған «Тағзым-5» кітабі таныстырылды.
09 Мамыр, 2020
«Аяла» ардагерлерге қамқорлық жасайды
«Аяла» қайырымдылық қоры соғыс ардагерлеріне 2010 жылдан бері көмектесіп келеді. Сол кезде техника, мүгедектер арбасы және қаржылай қолдау түріндегі көмекті 20 адам алса, 2015 жылы осы сауапты іске Samsung компаниясы да қосылды.
09 Мамыр, 2020
Күні кеше Президенттің пәрменімен «Ардагерлер туралы» заң қабылданғанын оқыдым. Айтулы заңда саны азайып, саптан шыққан біз секілді соғыс ардагерлерін, бейнетпен белдесіп, тылда тынымсыз тер төккен бейнеткерлерді барынша қолдауға арналған оң бастамалар бар екен. Бұл Ұлы Жеңіс мерекесінің 75 жылдық тойы аясында көңілімізге қуаныш сыйлаған айрықша жайттың бірі болды.
09 Мамыр, 2020
Қарағанды облысы: Батырлар аллеясы жаңа есімдермен толықты
Кеншілер астанасындағы «Мәңгілік алау» жауынгерлік даңқ мемориалдық кешені Ұлы Отан соғысына қатысқан Кеңестер Одағы Батырларының есімдері жазылған тағы да 14 тақта белгісімен толықты.
08 Мамыр, 2020
Өзбекстан Түркістан облысына инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруға ниетті
Түркістан облысының әкімдігі мен Өзбекстан Республикасы құрылыс министрлігі екіжақты өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
08 Мамыр, 2020
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 4800-ден асты
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 40 жағдай тіркелді.
08 Мамыр, 2020