Оқи отырыңыз
Ақтауда 1 жасар баладан Сovid-19 инфекциясы анықталды
Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған жаңа бір жағдай тіркелді. Ол - 2019 жылы туған Ақтау қаласының тұрғыны. Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.
28 Сәуір, 2020
Бүгін Есіл өзені тасуының барысы туралы кезекті брифинг болып, оны ТЖ департаментінің табиғат апаттардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы бастығының уақытша міндетін атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Серік Наурызбаев берді.
28 Сәуір, 2020
Ломбардтардың 90%-ы нарықтан кетуі мүмкін
Карантин кезінде мемлекет кәсіпкерлікті қолдауға арналған көмек шаралары қабылдаған болатын. Бірақ еліміздегі ломбардтар бұл кезеңде аренда төлеп, салықтық жеңілдікке іліге алмай отыр екен.
28 Сәуір, 2020
Шағын қаржы ұйымдарында жылдық мөлшерлеме 56 пайыздан аспайды
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржы ұйымдарын оның ішінде ломбардтарды және онлайн-кредиторларды тексеруді бастады. Бұндай ұйымдар көптеп шоғырланған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы 1100 ломбард тексерілмек.
28 Сәуір, 2020
Маңғыстау: Жыл соңына дейін 1 млн 200 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі
Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрлыбай Аққұлов мәлімдеді.
28 Сәуір, 2020
Қостанай облысы: Майдангерлер миллион теңге жәрдемақы алды
Жеңістің 75 жылдығына орай аймақта тұратын соғыс ардагерлерінің әрқайсының есепшотына 1 млн теңге аударылды. Сонымен қатар, соғыс кезінде фашистік азап лагерлерінде тұтқында болған, кеңес әскері құрамында ерікті түрде қызмет атқарған 48 адам 100 мың теңгеден, Ленинград құрсауында болған 9 адам 60 мың теңгеден алды.
28 Сәуір, 2020
ҰХЛ-дың ойыншысы «Барысқа» келуі мүмкін
Ұлттық хоккей лигасында (ҰХЛ) өнер көрсететін «Анахайм Дакс» клубының ойыншысы Сэм Кэррик алдағы уақытта «Барыстың» жейдесін кию мүмкін.
28 Сәуір, 2020
Пробация инспекторы қиналғанды қағажу қалдырмады
Қазір төтенше жағдайға байланысты түрлі мекемелер, іскер азаматтар материалдық жағынан қиналып қалған азаматтарға қолдау таныту шараларын бастап кетті. Ешкімге жария қылмай осындай жақсылық жасап жүрген жеке адамдар да аз емес. Солардың бірі, Қызылорда қалалық пробация инспекторы. Аты-жөнін атамауды жөн көрген азамат өз қаражаты есебінен мұқтаж жандарға азық-түлік алып берді.
28 Сәуір, 2020
М.Әйтенов: Алдағы үш жылда жол мәселесі толығымен шешіледі
Алдағы үш жылда Шымент қаласында жол мәселесі толық шешімін тауып, биыл қала шетіндегі топырақ жолдарға шағал тас төселеді. Бүгін Абай ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысып, жергілікті халықпен жүздескен қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді.
28 Сәуір, 2020
Сенатор Талғат Мұсабаевқа марапат қаруы табыс етілді
Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында еліміздің ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев сенатор Талғат Мұсабаевқа марапат қаруын табыс етті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
28 Сәуір, 2020
Елімізде тағы 29 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Қазақстан Республикасында тағы 29 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Нұр-Сұлтан қ. – 2, Ақмола облысында – 27.
28 Сәуір, 2020
М.Әйтенов кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетуді айтты
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы қызметкерлерімен жұмыс барысында кездесу өткізді.
28 Сәуір, 2020
Шымкент: 1 мамырдан бастап бірқатар кәсіпкерлік нысандар жұмысын бастайды
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 27 сәуірдегі мәлімдемесіне сәйкес, Шымкент қаласы аумағында іске қосылатын нысандар бойынша брифинг өтті.
28 Сәуір, 2020
Кәсіпкерлер Алматы әкіміне алғыс білдірді
Алматылық кәсіпкерлер қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа өндіріс орындарының қызметін қалпына келтіруге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді. Бұл жөнінде әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
28 Сәуір, 2020
Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа кезеңіне өтеді — А. Мамин
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тауар сүйемелдеу жүйесін құру мәселелері қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
28 Сәуір, 2020
Адам адам болғандағы алғашқы қарым-қатынас құралы қандай болды? Дұрыс амандасу. Мысалы, туристердің бір қағидасы – кездескен кез келген адаммен амандасу. Біздің ата-бабаларымызда да солай болған. Өйткені сәлемдесу – ізгі ниеттің ашықтығын көрсету.
28 Сәуір, 2020
Салықтық демалыс – маңызды қадам
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирусқа байланысты жариялаған мәлімдемесінде азаматтар мен бизнесті қолдау үшін 6 трлн теңгеге жуық қаржы бөлініп отырғаны айтылды.
28 Сәуір, 2020
Дәрігер жанын да, жүрегін де, білімін де аямайды
Медицина қызметкерлерінің карантин жағдайындағы қызметі мен олардың қосып жатқан үлесін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған үндеуінде ерекше атап өтіп, орынды баға берді. Медицина қызметкерлері өздерінің денсаулығын, тіпті өмірін қауіп-қатерге тігіп отырғандарын елеп, мемлекет қолдау, қамқорлық көрсетіп отырғаны белгілі.
28 Сәуір, 2020
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы Әділхан Әшірбаев өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы 11 мониторинг жүргізілгенін мәлімдеді.
28 Сәуір, 2020
Төтенше жағдай кезінде жұмыс тәртібін өзгерткен еліміздегі соттар күн сайын 4,5 мыңға жуық істі онлайн режімде қарайды. Қашықтан өтіп жатқан сотқа адвокаттар мен олардың қорғауындағы азаматтар – бір жерден, прокурорлар – екінші жерден, куәлер – үшінші жерден, судьялар өз кабинетінен заманауи технологиялар арқылы қатысады. Алайда істің іркіліссіз қаралуына септесетін байланыстың сапасы сыр беріп тұр. Осы мәселелердің мән-жайын Жоғарғы сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Наиль Ахметзакировтен сұрап білген едік.
28 Сәуір, 2020