Оқи отырыңыз
Бүгін асық атудан 8 спортшы ел намысын қорғайды
Асық атудан жеребе тартылып, 12 елден келген 39 спортшының қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қыркүйек, 2024
Көшпелілер ойындарының бағдарламасын қайдан көруге болады
Астанада бүгін, 8 қыркүйекте басталатын 5 Дүниежүзілік көшпелілер ойындары үш түрлі бағдарламаға бөлінген, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қыркүйек, 2024
Жаңбыр, жел, тұман: 8 қыркүйекте күн райы қандай болады
Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 8 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп жазады Egemen.kz.
08 Қыркүйек, 2024
12 қыркүйек - «Астана опера» сахнасында «Бәріне ортақ жауһарлар» камералық музыка кеші өтеді.
07 Қыркүйек, 2024
Ғалам ғажаптары: Робот та самғайды
Италия ғалымдары ұшатын робот жасады. Адамнан аумайтын құрылғыға 4 реактивті қозғалтқыш орнатылған. Екеуі арқасында, екеуі қолдарында тұр.
07 Қыркүйек, 2024
Тау тұлғалы талант Әбіш Кекілбайұлы «Ұйқыдағы арудың оянуы» шығармасында мұнайлы Маңғыстаудағы Жаңаөзенді «...Теңізден алыста, жан-жағын тақырлар мен алапат қазан шұңқырлар қоршаған мидай жазықта жергілікті ұлутастан салынған қырмызыдай құлпырған қызғылт қала тұр. Бұл – Жаңа Өзен қаласы. Мұнайшылардың, барлаушылардың, газ өңдеушілердің астанасы» деп сипаттаған екен. Бүгінде 150 мыңдай халқы бар осы қаланың дүниеге келуіне негіз болған, елімізде «қара алтынды» өндірумен айналысатын 12 мыңнан аса мұнайшы еңбек ететін қала құрушы компаниялардың бірі «Өзенмұнайгаздың» құрылғанына биыл – тура 60 жыл.
07 Қыркүйек, 2024
Жүрсінәли ақсақал ұзап бара жатқан көліктің соңынан ілескен шаң сейілгенше есік алдында тұрды. Жылда жан-жақтан жиылған балалары қосағы Рахима екеуінің көңілін бір аулап кететіні бар. Құдды бір түу қияннан қанатын талдырып ұясына оралатын қарлығаштар секілді. Бұрын немерелердің қылығын қызықтайтын, қазір шөберелердің шеті көрінді. Қазақ әдетте жан санамайды ғой. Сонда да Құдай берген 9 перзентінен 35 немере, 46 шөбере сүйіп отырғанына іштей шүкірлік айтатыны бар. Көлік көзден таса болғанда үйге қарай бұрылды. Іштей «Аман болыңдар, балапандарым» дегенді сан қайталап барады.
07 Қыркүйек, 2024
Біз – әкенің қабағына байланып өскен ұрпақтың өкіліміз. Әкенің қабағы өзгеріп бара жатса, белбеуді тартып, жинала бастайтынбыз. Бұл бізді ер-азамат ретінде жеке жауапкершілікке, отбасы ішіндегі сыйластыққа үйретті. Бала өр мінезді, асқақ рухты, намысты болып ер жетсе, әке діңгегінің мықты болғаны.
07 Қыркүйек, 2024
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп ата-бабамыз тегін айтпаған. Қай елде болсын, қай заманда болсын ел болашағы жастардың қолында екені анық.
07 Қыркүйек, 2024
Әлеуметтік саладағы ілкімді өзгерістер
Жуырда Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева брифинг өткізіп, жыл басынан бері салада атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.
07 Қыркүйек, 2024
Ойыл ауданы Ақкемер ауылы Жамбыл мектеп-балабақшасының бастауыш сынып мұғалімі, 39 жастағы Кәмшат Абылғазина – көпбалалы ана. Отбасындағы 9 баласының үлкені – 18 жаста, Ақтөбе медицина колледжінің 3-курс студенті. Екінші қызы биыл Қарағанды медицина университетінің фармацевтика факультетіне оқуға түсті. Екеуі де грантта оқиды. Алты баласы мектеп жасында болса, ең кенжесі – бір жаста.
07 Қыркүйек, 2024
Энергетикалық тәуелділіктен арылу қажет
Өндіріс қуаты өскен сайын энергияға сұраныс арта бермек. Ел аумағындағы энергия өндіретін ірілі-ұсақ 222 стансаның қуат көзі қажетті сұранысты толық қамтуға қауқарсыз. Осылай деген Алматы қаласы кәсіподақтар орталығының мүшелері Президент Жолдауында айтылған бірқатар мәселені талқылап, атом энергия стансасын салудың өзектілігі жайлы өз ойларын ортаға салды.
07 Қыркүйек, 2024
Су тасқыны: Ақтөбеде 51 отбасыға баспана берілді
Президент тапсырмасымен Ақтөбе облысында тасқын зардабын тартқан отбасыларға қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Осы орайда Ырғыз ауданы орталығы – Ырғызда бүгін 51 үй қолданысқа берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қыркүйек, 2024
Ерғали Шамей Еуропа чемпионын жеңді
Бүгін пара дзюдодан жарыстар жалғасып жатыр. 73 келіде татамиге шыққан Ерғали Шамей бірінші белдесуін жеңіспен түйіндеді, деп жазады Egemen.kz.
06 Қыркүйек, 2024
3 градусқа дейін үсік жүреді: Демалыс күндері ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» синоптиктері алдағы демалыс күндері - 7 және 8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қыркүйек, 2024
7 қыркүйек - Музыкалық жас көрермен театрында Қ.Мұраттың «Махаббат бар ма?» лирикалық комедиясы сахналанады. Режиссері – А.Ғұмаров.
06 Қыркүйек, 2024
Ғалам ғажаптары: Су велосипеді
Француздық «Seabike» компаниясы адамға жүзуге көмектесетін құрылғы жасады. Оны су астындағы велосипед десек те болады.
06 Қыркүйек, 2024
Атырау облысынан V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына 3 спортшы қатысады. Ұлттық спортты серік еткен олар осы кезге дейін республикалық чемпионатқа қатысып, үздік атанып жүр.
06 Қыркүйек, 2024
Сұңқарлар сайысының жөні бөлек
Дүбірі жақыннан естілетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының инфрақұрылымы да барлық талапқа сай жабдықталған. Дүбірлі дода өтетін нысандарға жөндеу жұмысы жүргізіліп, талапқа сай жаңартылды. Төрткүл дүниенің әр тарабынан келетін қатысушылар үшін барлық жағдай жасалмақ. Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына арнайы соғылған атқора, құстарды ұстайтын орын, жануарлардың жемшөбі мен суын сақтайтын қойма, жарақаттанған жағдайда емдік шарасын көрсететін ветеринарлық клиника доданы қабылдауға дайын.
06 Қыркүйек, 2024
Димаш Құдайберген Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының ашылуында өнер көрсетеді
2024 жылдың 8-13 қыркүйегі аралығында Астанада Орталық Азияның көшпелі халықтарының дәстүрлерінен келе жатқан этникалық спорт түрлеріне арналған ірі халықаралық шара – V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары өтеді. Бұл ойындар Қазақстанның мәдени-тарихи мұрасын паш ететін маңызды алаңға айналады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
06 Қыркүйек, 2024