Оқи отырыңыз
Шаруасы – далада, саудасы – қалада
Азамат Шадиев Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылындағы «Азат» шаруа қожалығына жетекшілік етеді. Оның бұл кәсіппен айналысқанына он бес жылдай уақыт болды. 2007 жылы қолда бар мал басын көбейтуді, сөйтіп, шаруашылық құруды алғаш рет ойластырды. «Осындай ойым бар, сіздерден көмек, жәрдем бола ма?» деп кеңселерді де жағалаған жоқ. Өз-өзін сынап көргісі келеді. Жай-күйін жасап еді, мал басы да көбейіп шыға келді.
19 Қараша, 2024
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірге шетелдік инвесторларды тарту жұмысы Жамбыл жерінде жүйелі түрде жалғасып келеді. Әсіресе өңірде өндірісті өркендету бойынша ауыз толтырып айтарлықтай шаруалар атқарылып жатыр. Мұны ауыл шаруашылығы, химия өнеркәсібі мен энергетика саласынан да байқауға болады.
19 Қараша, 2024
«Мен келдім кербез Көкше бауырынан»
Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында киелі Көкше топырағында туған таланттардың бірі Мұса Асайыновтың туғанына 95 жыл толуына арналған «Асқақ әнші, ақтаңгер ақын» атты рухани-танымдық кеш өтті.
19 Қараша, 2024
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Alaqan Technologies» стартапымен бірлесіп, мемлекеттік мекемелерде алақан іздері бойынша биометриялық верификация жүйесінің қанатқақты «Alaqan» жобасын енгізді.
19 Қараша, 2024
Жас инженер Құдайберген Орынбаев – жасанды интеллект пен технологиялық кәсіпкерлік саласында жетістікке жеткен талантты отандасымыздың бірі. Ол Назарбаев университетінде роботтехника мамандығы бойынша білім алып, өзінің алғашқы жобасын студенттік жылдарында іске асырған. Қазіргі уақытта Құдайберген спорттық іс-шараларды түсіруге арналған автономды роботтандырылған камера жасап шығаратын париждік стартаптың тең құрылтайшысы.
19 Қараша, 2024
Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде белгілі журналист, ғалым, Бас редакторлар клубының бірінші вице-президенті, «Құрмет» орденінің иегері Мұратбек Тоқтағазиннің асқаралы алпысқа толған мерейтойына орай «Журналистика мен қазіргі медиакоммуникация парадигмалары: теориялық және практикалық мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
19 Қараша, 2024
Облыс орталығы Тараз қаласында кейінгі уақытта ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Осыдан 15 жыл бұрын қала халқының саны шамамен 350 мыңның ар жақ, бер жағында болса, қазіргі кезде Әулиеата өңірінде 433 мыңнан астам халық қоныстанған. Тұрғындар саны артқан сайын жергілікті атқарушы билік тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға басымдық беріп отыр.
19 Қараша, 2024
Келесі жылы өтетін футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу аясындағы алғашқы матчта 19 жасқа дейінгі еліміздіңжастар құрамасы Украина жастарын 2:1 есебімен жеңді.
19 Қараша, 2024
Теннис: Жаһандық додаға жолдама алды
Астанада теннистен Билли Джин Кинг кубогі аясында еліміздің әйелдер құрамасы Оңтүстік Корея теннисшілерімен тартысқа түсіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті.
19 Қараша, 2024
Еліміздің ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңін сәтсіз аяқтады. Футболшыларымыз қарымды қарсыластарына тойтарыс бере алмады. Ресейлік маман Станислав Черчесов бас бапкерлік тізгінді ұстағалы ұлттық құрама қатарынан 5 матчта ұтылды.
19 Қараша, 2024
Аудандар алға басса, ел өркендейді
Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау, Ақжар аудандары кейінгі жылдары әлеуметтік-экономикалық тұрғыда едәуір алға басып келеді. Өндіріс, кәсіп көлемі артып, өнім түрлері ұлғаюымен қатар, тұрғындардың әл-ауқаты да жақсара түскен.
19 Қараша, 2024
Қазақстан - BTR бойынша әлем чемпионы
Қазақстан СОР29 аясында БҰҰ РКИК құрамына кіретін 197 елдің ішінен тек 9-ы ғана ұсынған Транспаренттілік бойынша екі жылдық есепті (Biennial Transparency report-BTR1) ұсынған ел болды, деп хабарлайды Egemen.kz
18 Қараша, 2024
Алматыда XVII «Еуразия» кинофестивалі өтеді
Осы айдың 24-30 күндері XVII «Еуразия» халықаралық кинофестивалі шымылдығын түреді, деп жазады Egemen.kz.
18 Қараша, 2024
Жыл басынан бері 14 «жалған полицей» ұсталған
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті жыл басынан бері 14 «жалған полицейді» ұстаған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
18 Қараша, 2024
Ғылым мен өндірістің байланысы әлсіз
Соңғы кездері ғалымдарды ғылыми-зерттеу жобаларының нәтижесін өндіріске енгізу мәселесі көп алаңдатады. Түрлі форумдар, конференция, көрмелерде өнертабысты «Қазақстан брендімен шығарсақ» деген үмітін арқалап жүрген ғалымдар шетел тәжірибесіндегідей жоғары технологиялық инновациялық кластер құрудың уақыты келгенін, ол үшін елімізде толыққанды мүмкіндіктің бар екенін алға тартады.
16 Қараша, 2024
Елімізде қазіргі таңда стоматолог, дипломат, денешынықтыру мұғалімі сынды мамандықтар сұранысқа ие. Мұның дәлелі – биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысында талапкерлер арасындағы ең үлкен бәсеке былтырғыдай тіс дәрігері мамандығына болған – бір орынға 35 адамнан келеді. Екінші орында «Халықаралық қатынастар және дипломатия» – бір орынға 11 адам үміткер. «Денешынықтыру мұғалімі» мамандығына – 10, «Психология» мамандығына 9 талапкерден келеді.
16 Қараша, 2024
Теңге тарихынан сыр шертетін көрме
Алматы қаласында «JusanVibe» арт-кеңістігінде Ұлттық банк теңге банкноттары мен коллекциялық, инвестициялық монеталар көрмесін өткізді. Келушілер барлық сериялы банкнот үлгілерімен танысты.
16 Қараша, 2024
Қазақстанның халық суретшісі, Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, өнертану кандидаты Нағымбек Нұрмұхаммедовтің туғанына 100 жыл толуына орай Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Суретші және ғалым. Дәуір бейнелері» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Көрмеде алуан түрлі тақырыпты толғаған суретші шығармашылығындағы ең таңдаулы туындылар ұсынылды. Н.Нұрмұхаммедов – қырық жылға жуық шығармашылығында өнімді еңбек еткен, соңына үлкен мұра қалдырған талантты қылқалам шебері.
16 Қараша, 2024
Арқа жеріндегі декоративтік қолданбалы қолөнер шеберлерінің бірі – Төлеуғазы Дүйсенбеков. Бұл кейіпкерімізбен Қарағандыда өткен «Ортеке» фестивалінде туындыларымен танысқан едік.
16 Қараша, 2024
Біржан салдың белгісіз қырлары
Біржан салдың туғанына 190 жыл толуына арналған өнер кеші Қызылжардың С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өтті. Біржан салдың атасы Қожағұлдың қыстауы кейін «Есенейдің бүркеуі» атанған құйқалы жер қазіргі Жамбыл ауданындағы Жаңажол ауылының маңында. Бұл – сөз зергері Ғабит Мүсіреповтің де туған жері.
16 Қараша, 2024