Оқи отырыңыз
С.Омаров «Kaz Oil – 2019» халықаралық конференциясының ашылуына қатысты
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров «Kaz Oil – 2019» халықаралық конференциясының ашылуына қатысты. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
05 Қараша, 2019
Д.Назарбаева: Қазақстан мен Өзбекстанның өзара іс-қимылын одан әрі тереңдетудің келешегі зор
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Қазақстанға ресми сапармен келген Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
05 Қараша, 2019
Актриса Раиса Мұхамедиярова өмірден өтті
Кино және театр актрисасы, Құрмет орденінің иегері Раиса Мұхамедиярова 80 жасында қайтыс болды.
05 Қараша, 2019
Алматыда екі жаңа метро стансасын салуға 22 млрд теңге бөлінеді
Алматыда «Сарыарқа» және «Достық» метро стансасын салуға республикалық бюджеттен 2020-2021 жылдары 21,9 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті хабарлады.
05 Қараша, 2019
ШҚО-да «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы өз нәтижесін беруде
2019 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысында 30 866 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 20 171 адам жұмысқа орналастырылса, оның 14 332-сі немесе 71% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
05 Қараша, 2019
Беларусьтің Гродно қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Alexander Cup халықаралық турнирі қазақстандық спортшылар үшін сәтті өтуде. Жарыстың үшінші күнінде ерлер арасындағы бәсекеде Рио Олимпиадасының жеңімпазы Ниджат Рахимовке тең келер қарсылас табылмады.
05 Қараша, 2019
Олимпиадалық рейтингте жоғарылады
Бүкіләлемдік таэквондо федерациясы күні кеше Олимпиадалық рейтингті жаңартты. Жаңартылған рейтинг бойынша қазақстандық таэквондошы Смайыл Дүйсебай бір сатыға жоғарылады.
05 Қараша, 2019
Әлем кубогында қола медаль алды
Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) шорт-тректен Әлем кубогының бірінші кезеңі аяқталды. Қазақстандық спортшы Абзал Әжғалиев жарыстың қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
05 Қараша, 2019
Бүгінгі таңда Жамбыл өңірінің туризм саласындағы жетістіктері жетерлік. Тарихи аймақты туризм орталығына айналдыру басты назарда. Әсіресе Әулиеата жеріне саяхаттап келген шетелдік туристердің өңір тарихына деген құрметі жоғары.
05 Қараша, 2019
Солтүстік Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтарында орналасқан өңірлер арасындағы экономикалық, мәдени, рухани ынтымақтастықты дамыту бағдарламаларына орай іс-шаралар жүйелі түрде атқарылып келеді.
05 Қараша, 2019
Қазақ тіл білімінің темірқазығы
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен Қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен Алматыдағы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында ана тіліміздің анасы атанған, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Рәбиға Сыздықтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы дала тұлғалары: академик Рәбиға Сыздық және қазақ сөзінің құдіреті» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция болып өтті. Еліне еңбегі сіңген тұлғаға Мемлекет басшысының жарлығымен берілген I дәрежелі «Барыс» орденін Президенттің көмекшісі Мәулен Әшімбаев бұдан біраз уақыт бұрын мерейтой иесіне тапсырған болатын.
05 Қараша, 2019
Жерлестері ғалымға жаңа баспана тарту етті
Абайтанушы, профессор, филология ғылымдарының докторы Мекемтас Мырзахметұлы бүгінде Түлкібас ауданының Майтөбе ауылында тұрады. Табиғаты ерекше, атауы айтып тұрғандай, топырағына шыбық қадасаң, шынар өсетін ауылда өмірін ғылымға сарп етіп, көз майын тауысып жүрген ғалымға жерлестері баспана тарту етті.
05 Қараша, 2019
Омар Шипиннің туғанына 140 жыл толды
Жақында Алтынсарин ауданында халық ақыны Омар Шипиннің туғанына 140 жыл толуы аталып өтті. Әрине ұйымдастырушылар аста-төк етпей, ақынның көзін көрген ардагерлерді, немересін шақырып, жастарға олардың естелігін тыңдатты. Бүгінде 96 жасқа келіп отырған Ұлы Отан соғысына қатысушы, айтыс ақыны, қазақ журналистикасы ардагерлерінің бірі Қасымхан Алдабергенов 1959 жылы Қостанайда өткен облыстық ақындар айтысында Омар Шипинмен бірге болған екен.
05 Қараша, 2019
Сәкен бағалаған билер дәуірінің әдебиеті
Ұлт мәдениеті, сөз өнері, елтану тарихындағы би-шешендер мұрасы – халықтың көркемдік-философиялық энциклопедиясы. Хан заманы – билер институтының заманы. Сондықтан да 1930-жылдардағы ҚазПИ-дің доценті Сәкен Сейфуллин «Қазақ әдебиеті. Билер дәуірінің әдебиеті» (Қызылорда, 1932) деген еңбегінде шешен-билер мұрасын жинап, жүйелеп, талдап тексереді. «Билер дәуірінің әдебиеті», «Билер сөздері» деген терминдік атаулар ұсынады.
05 Қараша, 2019
Елордадағы Оқушылар сарайында ел тарихындағы елеулі тұлғалар – Сұлтанбек Қожанұлы, Хайретдин Болғанбай, Асылбек Сейіт, Телжан Шонанұлының 125 жылдық мерейтойлары аясында «Ұлылықққа тағзым» атты тарихи-танымдық кеш өтті. Кешті Нұрсұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен «Руханият» орталығы ұйымдастырды.
05 Қараша, 2019