Оқи отырыңыз
Қазақ жерінен мұнай алынғалы 125 жылдан асты. Ғасырдан да ұзақ мерзімде бірнеше мұнайшы династиясы қалыптасты. Қазір Авров, Балғымбаев, Балжанов, Бөлекбаев, Қарамұрзиев, Мырзағалиев, Бешімов, Оржанов, Өтебаев, Өтеғалиев, Шырдабаев, Марабаев, Досмұхамбетов, Жұмағалиев, Огай әулеттерінің еңбек жолын ұрпағы абыройлы жалғастырып келеді.
28 Қыркүйек, 2024
Өскеменде жыл басында ғана жұмыс бастаған «Cassaқ» тігін цехы халыққа сапалы киім-кешек ұсынып отыр. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» арқылы 15 млн теңге несие алып, жоба-жоспарларын жүзеге асырып жатқан кәсіпорынның келешегі жарқын. Олай дейтініміз, шығыста ұлттық бренд қалыптастыру бағытындағы кәсіпті қолға алғандар некен-саяқ.
28 Қыркүйек, 2024
Мароккоға визасыз сапарлауға болады
Қазақстан мен Марокко визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды. Бұл екі ел азаматтарының сапарларын жеңілдетуге бағытталған, екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
28 Қыркүйек, 2024
Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Пайғамбар – ізгі қоғам жаршысы» атты Мәуліт кеші өтті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Қыркүйек, 2024
Елордада Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді
Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан 2024 жылдың 3-5 қазаны аралығында «Denis Ten Memorial Challenge 2024» V халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қыркүйек, 2024
Головкин ҰОК жаңа бас хатшысын тағайындады
Бүгін, 27 қыркүйекте Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Бас Ассамблеясының кезектен тыс жиыны өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
27 Қыркүйек, 2024
Үндістанда діни рәсімді орындау кезінде 46 адам қайтыс болған
Үндістанда діни рәсімді орындау мақсатында өзенге түскен 46 адам көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters-ке сілтеме жасап.
27 Қыркүйек, 2024
Ақтөбе тұрғыны өзінің ағза мүшелерін сатпақ болған
Ақтөбе облысының прокуратурасы адам ағзасын заңсыз сату әрекетін анықтап, қылмыс жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қыркүйек, 2024
Үсік жүріп, екпінді жел соғады: Жұма күніне арналан ауа райы болжамы
«Қазгидромет» синоптиктері бүгінге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, кей өңірде қар жауып, 2 градусқа дейін үсік жүреді, деп жазады Egemen.kz.
27 Қыркүйек, 2024
Қабанбай ауылының тұрғыны Бақыт Ақмолда көне заттарды ауласындағы қос бөлмелі қоңыр үйдің ішінде сөрелеп, жинастырып, музей етіп қойғанына таңғалдық. Екі иығына екі жігіт мінгендей өзі де Қабанбай батырдың кескін-келбетінен айнымайды екен.
27 Қыркүйек, 2024
Атырау облысының фермерлері тауарлы несие беру бағдарламасына қолдау білдірді. Енді олар несиеге 990 бас мал ұсынуды көздеп отыр.
27 Қыркүйек, 2024
Тізгінсіз Telegram: Желінің жаңа ережесі қылмысты жоюға көмектесе ме?
Қолданушылардың құқығын қорғау деген желеумен әлемдегі ең «жабық» желіге айналған Telegram мессенджері өзінің құпиялылық саясатын өзгертетін болды. Бұдан былай билік тарапынан тиісті сұратулар болған жағдайда заңға қайшы әрекет жасаған, қосымшаны қолдану ережелерін бұзған арналар мен боттардың IP-мекенжайлары, сондай-ақ телефон нөмірлері құқық қорғау органдарына берілмек. Бұл туралы 23 қыркүйекте цифрлық платформаның негізін қалаушы Павел Дуров мәлімдеді.
27 Қыркүйек, 2024
Өңір билігінің қазіргі уайымы – тұрғындар мен бюджеттік ұйымдарды көмірмен уақтылы қамтамасыз ету. Жеке үйлерді жылытуға алдағы қысқа 326 мың тонна отын қажет. Көмірмен қамтуға қатысты барлық өңір бірдей белсенді жұмыс жүргізіп жатқан жоқ. Мәселен, Ақсу қаласының теміржол тұйығында көмір табылмай тұр.
27 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Жол апаттары қоғамның зор алаңдаушылығын туғызып отыр. Жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан 1300-ден астам адам қаза болып, 16 мыңнан астам азамат зардап шекті. Адамдар күн сайын жол үстінде қазаға ұшырап жатыр. Олардың арасында тұтас отбасылар да бар», деген болатын.
27 Қыркүйек, 2024
Қайтарылған кеніштің «қара алтыны»
Тәуелсіздіктің елең-алаңында еліміздің мұнай-газ өнеркәсібіне шетелдік инвесторлар қызығушылық танытты. Бұл алдымен әлем назарын аударған «Теңіз» кенішінің игеріле бастауымен байланысты еді. Шетел инвесторларының аңсары ауған кен орындарының бірі – Кенбай.
27 Қыркүйек, 2024
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру міндеті
Жетісуда азық-түлік бағасының күннен-күнге қымбаттап бара жатқаны белгілі. Бұл үдеріс өзге де өңірлерде байқалып отыр. Дегенмен облыс көлемінде күнделікті тұтынатын тауар құнын тұрақтандыруға қатысты түрлі жоба қолға алынып жатыр. Мәселен, тауар өндірушілермен 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бойынша келісімшарт жасалған. Оның жалпы көлемі – 21 мың тонна.
27 Қыркүйек, 2024
Жедел жәрдемге мұқтаждық көбейіп тұр
Батыс Қазақстан облысында биыл жедел медициналық жәрдем шақыртушылар саны көбейіп тұр. Осы жылдың сегіз айында жедел жәрдем стансасына 230 мыңға жуық қоңырау соғылыпты.
27 Қыркүйек, 2024
1959 жылы Қаныш Сәтбаев Баянауылдағы туған ауылына келіп, ата-анасының рухына тағзым етіп, ас береді. Бұл ғұламаның туған еліне деген сағынышын басқан соңғы сапары екен. Сол сапарында кіндік қаны тамған Айрықпен қимай қоштасқан Қанағаң Жанақ ақынның «Баянтау» дастанын кең даланы жаңғырықтыра жатқа айтып, көзі шарасына толып, қатты толқыпты.
27 Қыркүйек, 2024
Алматы облысы әлемдік білім беру аренасында өз орнын нығайтып, «Сапалы білім» аталымы бойынша «World Innovation Award 2024» жүлдесін жеңіп алды. 128 ел қатысқан бұл байқауда облыстың жетістіктері білім саласындағы инновациялық тәсілдер мен тиімділікті көрсете білді.
27 Қыркүйек, 2024
Балаларды бүлдіргі кеңістіктен қалай қорғаймыз?
Күні кеше Алматыда тағы бір отбасы баласынан айырылып, қара жамылды. Бұл соңғы екі аптада болған жетінші қайғылы жағдай. Өткен аптада 2 оқушы қыз белгісіз жағдайда көпқабатты үйдің төбесінен құлап, осы жағдайдың ізін ала тағы бір жасөспірім көз жұмды. Қазіргі кезде қоғамды алаңдатып, ата-аналардың үрейін ұшырған қайғылы жағдайдың себептерін Ішкі істер департаменті тексеріп жатыр. Деректерге сүйенсек, жыл басынан бері елімізде 134 бала өз-өзіне қол жұмсаған.
27 Қыркүйек, 2024