Оқи отырыңыз
Орынборда бас басылымға ескерткіш тақта орнатылады
Бұл туралы «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі Facebook парақшасына жазды.
28 Қараша, 2019
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арбалар берілді
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, еліміздегі «Nur Otan» партиясы өңірлік филиалының бастамасымен мүмкіндігі шектеулі 7 адамға денсаулықтарын оңалтуға арналған арнайы арбалар берілді.
28 Қараша, 2019
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) сынға түсіп жатқан елорданың «Барыс» клубы Магнитогорскіде жергілікті «Металлург» командасымен ойнады.
28 Қараша, 2019
9-15 желтоқсан аралығында Италияның Риднау-Валь Риданн қаласында биатлоннан IBU кубогінің екінші кезеңі өтеді.
28 Қараша, 2019
Бүгін футболдан Еуропа лигасының топтық кезеңдегі 5-тур ойындары өтеді. «L» тобында өнер көрсететін елорданың «Астана» командасы ағылшынның атақты «Манчестер Юнайтед» клубын қабылдайды.
28 Қараша, 2019
Қазақ аруы Лондонда жүр – Мәдина Батық «Әлем аруы» байқауының үздік модельдері ондығына енді
Үлкен үмітпен үкілеп аттандырған «Қазақ аруы-2019» Мәдина Батық бұл күндері «Тұманды Альбионда» әлемдік деңгейдегі ақыл-парасат жарысына қосылып та кетті.
28 Қараша, 2019
Ұрпақты ұлттық негізде тәрбиелесе...
Балаға білім беріп, біліктілігін арттыруда түрлі тәсіл ұстануға болатынын ұстаздар қауымы жан-жақты дәлелдеп келеді. Әр алуан әдіснаманы пайдалана отырып, оқушылардың зейінін ашып, зеректігін оятуда. Шетелдік шеберлердің озат ойлары мен жоғары жобаларын мемлекетіміздің мектептеріне енгізіп, сапалы сабақтарын бастап кеткелі де көп болды.
28 Қараша, 2019
Алматыдағы жарысты ESPN арнасы көрсетеді
16 желтоқсанда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында керемет кәсіпқой бокс кеші өтеді. «MTK Global Kazakhstan» компаниясының мұрындық болуымен ұйымдастырылғалы отырған жарыста бірқатар мемлекеттен келген гүрзі жұдырықты жігіттер өнер көрсетеді. Сол саңлақтардың дені Қазақстанның өрендерімен күш сынасады.
28 Қараша, 2019
«Біз осы өңірге тұру үшін келдік» – дейді пәтер кілтін алған дәрігерлер
Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында Қостанай ауданында ақ түйенің қарны жарылды десе болғандай. Аудан орталығы – Затобол кентіне тиіп тұрған Заречный ауылында қаладағыдай көпқабатты зәулім үйдің соңғы шегесі қағылып, тұрғындарға берілді.
28 Қараша, 2019
Фермердің маусымдық табысы қанша?
Шаруалардың кооперативтерге бірігіп жұмыс істеуінің тиімділігі турасында мамандар жиі мәселе көтеріп жүр. Ұжымдасып еңбек етуге күмәнмен қарап жүргендерге қарағанда, білек сыбана іске кірісіп кеткен ұжымдар қомақты табыс таба бастады. Соңғы жылдарда жұмыс тәжірибесі жайын шаруалармен бөлісіп жүрген Алматы облысы Шелек ауданының фермерлері оңтүстік астанаға ат басын тіреп, көкөніс өсіру мен баптаудағы жетістіктерімен бөлісті.
28 Қараша, 2019
Өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Кеше Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Татарстанның Мемлекеттік Кеңесінің Төрағасы Фарид Мухаметшинмен парламентаралық өзара іс-қимылдың басым бағыттарын талқылады.
27 Қараша, 2019
Алдағы күндері қысқы спорт түрлері бойынша өтетін екі бірдей дүбірлі додада Қазақстанның ұлттық командасы қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды.
27 Қараша, 2019
Жанкелдин ауданындағы төрт түлік мал өргізген Аралбай ауылында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберіндегі «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, осы сұрапыл соғыстан оралмаған боздақтарға, қуғын-сүргін құрбандарына, 1928 – 1932 жылдары ашаршылықта қаза тапқан жерлестер рухына арнап, «Мәңгілік алау» ескерткіш-белгісі орнатылды.
27 Қараша, 2019
Ақтау тұрғынынан марихуана тәркіленді
«Көкнәр-2019» республикалық операциясы аясында жүзеге асырылған жедел-іздестіру шаралары аяқталуда. Еліміздің көптеген аумағында Шу алқабынан марихуана тасымалдаған азаматтар ұсталды.
27 Қараша, 2019
Жемқорлықтан азат қоғам құру тәжірибесі талқыланды
Соңғы үш жылда елімізде сыбайлас жемқорлық деректері азайған. Transparency Kazakhstan жүргізген сауалдама нәтижесіне сәйкес Қазақстандағы жемқорлықтың себебі көп жағдайда шенеуніктердің азаматтарды әуре-сарсаңға салуынан туындайды. Сондай-ақ қандай да бір мәселе тиісті органдардағы бөлім басшылары деңгейінде шешіліп, пара көлемі 500-ден 500 мың теңге аралығын құраған. Ал шағын және орта кәсіп иелерінің пікірінше, жемқорлық деректері салық, жер басқармасы, аудандық әкімдіктер, полиция, өртке қарсы қызмет, кеден саласында көп кездеседі. Дегенмен де сауалдамаға қатысқандар соңғы жылдарда жемқорлық деңгейі 54,4 пайызға төмендегенін атап өткен. Сұралғандардың әрбір оныншысы мәселенің пара беру арқылы ғана шешілетінін айтса, жетпіс пайыздан астамы бизнес саласының ашық жағдайда жұмыс істеу мүмкіндігі бар екендігін айтады.
27 Қараша, 2019
Өскемендегі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жетісулық жас ақын-жазушылармен кездесу өтті. Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған шараға тележүргізуші, жазушы Есболат Айдабосын, журналист Қозыбай Құрман, Мәулен Әнербай, Мұхтар Күмісбек, Медет Жұмабаев, Азамат Нұрмұхан сынды жас ақындар мен дәстүрлі әнші, «Заман-ай» термесінің әнін жазған, сазгер Әліби Бекайдар қатысып, оқырмандардың сауалдарына жауап беріп, руханият, әдебиет төңірегіндегі ойларын ортаға салды.
27 Қараша, 2019
С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың «Коворкинг» орталығында Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі «Тіл-Қазына» ұлттық орталығының бас директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, көптеген прозалық кітаптың авторы, жазушы Әлібек Асқаровпен кездесу өтті.
27 Қараша, 2019