Оқи отырыңыз
Онлайн-тапсырыс көмірден тарықтырмайды
Таяуда Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров жылыту маусымына дайындық аясында көмір сату бекеттерінің жұмысын тексеріп қайтты. Мұндағы басты мақсат – қамсыз отырған ағайын қар түскенде жапа-тармағай жүгіріп, содан ұзын-сонар кезек туындап, айғай-шу болмасын дегені еді.
23 Қыркүйек, 2019
Жылу беруге дайын, қабылдау жағы қиындау
Облыстың орталығына жылу беретін «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС-нің соңғы мәліметіне қарағанда, қаладағы балабақша, аурухана, мектеп сияқты әлеуметтік нысандарға жылу беру 16 қыркүйектен басталып кетті. Тұрғын үйлерге жылу беру 20 қыркүйекке жоспарлаған-ды. Алайда күздің мизамшуағы әзірге суық туралы ойлатар емес.
23 Қыркүйек, 2019
«Қыс шанаңды жазда сайла» дегенде, еліміздегі қысы қаһарлы өңірде жылыту маусымына дайындық ерте басталды. Бүгінге дейін облыстағы 105 қазандық, 736 дербес жылыту жүйесі толық дайын. Оның сыртында 18 шақырымнан астам жылу құбыры желісі, 91 шақырым су және кәріз құбырлары жөнделді.
23 Қыркүйек, 2019
«Мен ең алдымен істеген жұмысымда сапаға баса мән беремін. Жасаған затым тапсырыс берген адамдарға ғана емес, өзіме де ұнаса, жұмысымнан кәдімгідей ләззат аламын». Бұл – Алматы облысының Балқаш ауданындағы Бақанас ауылында тұратын дәнекерлеуші келіншектің сөзі. Жалпы Әдеміні ерекше таныстырып жатудың қажеті жоқ шығар. Кәдімгі қазақтың қаракөз қызы. Оны өз замандастарынан бөліп алып қарауға себепкер болған жеке таңдауы ғана. Иә, екі баланың анасы қазір темірді теріше илеп, гүл орнына электрод ұстап дәнекерлеуші болып жүр. Кейіпкеріміз Әдемі ЕСЕНШОРАЕВАМЕН әңгімеміз осыдан басталды.
23 Қыркүйек, 2019
Ақбота Кәдірбек: Ерікті болу – еріккеннің ісі емес
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Волонтерлер жылы» деп жариялағаны мәлім. Бұл жаңалыққа ел арасында екпінді еңбек етіп жүрген ерікті жастар елең ете қалғанын да білеміз. Сондай жастардың бірі – Ақбота Кәдірбек.
23 Қыркүйек, 2019
Диқан Думан сервистік-дайындау орталықтарының тиімділігіне тәнті
Сервистік-дайындау орталықтары Алматы облысындағы аграрлық саланың дамуына серпін беріп отыр. Көктемгі егіс пен күзгі жиын-терін кезінде шаруаға шын жанашыр болып, нақты көмек көрсететін осы орталықтарға өңір диқандары дән риза. Өйткені мемлекеттік қолдаудың арқасында шаруалар жыл сайын ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемін ұлғайтып, өнім өндіру көлемін арттыруда.
23 Қыркүйек, 2019
Бюджет тиімді жоспарлануы тиіс
Бүгінде елімізде бюджеттік тәртіпті күшейту, оның атқарылуын жүйелеу және бюджетті жоспарлаудың тиімділігін арттыру өзекті мәселеге айналып отыр. Әсіресе еліміздің ірі орталықтары үшін қазынадан бөлінген қаржының дұрыс, орынды жұмсалуы басты назарда.
23 Қыркүйек, 2019
Спорт саламатты өмір салтын қалыптастырады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғашқы Жолдауында «Елімізді реформалаудың жаңа кезеңіне қадам бастық!» деп шегелеп тұрып айтты.
23 Қыркүйек, 2019
Қазақ тілі – елімізді тұтастандыратын қуатты құрал
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауында Қазақстан Республикасының даму жолы, бағыт-бағдары туралы бірқатар маңызды мәселені көтеріп, мемлекетті тиімді жетілдіру үшін атқаруға тиісті міндеттерді белгілеп берді.
23 Қыркүйек, 2019
Халық пен биліктің арасын жақындататын құжат
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында өркениет көшіне ілесудегі білімді қоғам, оның ішінде мұғалімнің мәртебесі мен еңбекақысы туралы келелі міндеттерді көтерді. Осы орайда мұғалімдердің білім сапасына талапты күшейту қажеттілігі туындайды.
23 Қыркүйек, 2019
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің активі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылады. Жиынға облыстық мәслихат депутаттары, қала және аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен департамент басшылары, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, кәсіпорындар мен мекемелердің, саяси партиялар филиалдарының, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының жетекшілері қатысты.
23 Қыркүйек, 2019
Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері Әсел Мәмбетовамен кездесті
Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты Әсел Мәмбетовамен кездесті.
23 Қыркүйек, 2019
Бояулармен бедерленген «Ботай»
Бұл күндері Солтүстік Қазақстан облысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша көптеген шаралар өткізіп жатыр. Соның ішінде Айыртау ауданындағы «Ботай» мемлекеттік музей қорығында «Ботай – Ұлы дала мәдениеті» деген тақырыпта суретшілердің халықаралық симпозиумы басталды.
23 Қыркүйек, 2019
«Жібек сатыны» Санкт-Петербург сахнасында қояды
«Астана Опера» шығармашылық ұжымы Нева өзені бойындағы қалаға гастрольге аттанады. IV Халықаралық камералық опера фестивалі аясында елордалық труппа Дж.Россинидің «Жібек саты» опера-фарсын ұсынады.
23 Қыркүйек, 2019
Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Үлкен залында белгілі жазушы, журналист, қоғам қайраткері Балғабек Қыдырбекұлының 90 жасқа толуына арналған салтанатты жиын өтті.
23 Қыркүйек, 2019
Сарыарқаның төрінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақын-жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған халықаралық айтыс жоғары деңгейде өтті. Екі күнге созылған жыр сайысында Қырғызстан, Моңғолия, Қытайдан және еліміздің түпкір-түпкірінен келген 18 айтыскер өнер жарыстырды.
23 Қыркүйек, 2019
«Астана» велокомандасының өкілі Алексей Луценко Италия тасжолында өткен «Мемориал Марко Пантани» біркүндік веложарысында топ жарды. Бұл отандасымыздың осы маусымдағы 10-шы жеңісі.
23 Қыркүйек, 2019
Елорданың «Астана» футбол клубы Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойынын атақты «Олд Траффорд» стадионында «Манчестер Юнайтед» командасына қарсы өткізіп, 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Алғашқы таймда алаң иелерімен тең дәрежеде ойнаған жерлестеріміз екінші таймда күтпеген жерден гол өткізіп алды.
23 Қыркүйек, 2019
Елорданың «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) аясындағы кезекті тур ойынын тағы да Алматыда өткізіп, қарсыласынан басым түсті. Бұл жолы Челябінің «Трактор» командасын қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті.
23 Қыркүйек, 2019