Оқи отырыңыз
Ұшқан ұяда өткен тағылымды кездесу
Ұлағаттың ордасы, руханияттың жалғасына айналған қара шаңырақ – Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты 1957 жылы құрылғалы бері нағыз отаншыл азаматтарды тәрбиелейтін, қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын жалғыз мектеп-интернат ретінде еліміздің егемендік рухын оятуға ықпал етті. Өйткені бұл білім ордасының тарихы – бір ғана мектептің соқпағы емес, алдыңғы толқын ағалардың үлгілі соқпағын кейінгі толқын інілерге жалғайтын керуен, ұрпақтар тарихы. Сол себепті де біз осы мектепте оқып шыққан айтулы азаматтар мен толағай тұлғаларды есімізге түсіріп, санамалай бастағанда-ақ, оның қаншалықты абыройлы, қаншалықты киелі екенін сезіне түсеміз. Мектеп-интернатымыздың баптап, аламан бәйгеге қосқан құлагердей жүйріктерінің бірі – мемлекет және қоғам қайраткері, генерал-лейтенант Әділ Шаяхметов.
01 Шілде, 2019
Көп ғасырлық ортақ тарихы бауырлас түркі жұрты IV халықаралық этнофестиваль «Kóshpendiler álemi» аясында бас қосты. 28-30 маусым аралығында өткен кезекті жиынға 10 мемлекеттен 180-нен астам қатысушы атсалысты.
01 Шілде, 2019
«Адасқандардан» «Мөлдір махаббатқа» дейін
Қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың «Адасқандар» романы кезінде пікірталас туғызып, зерттеушілердің қызу талқылауына түскені белгілі. Қатал сынға ұшырап, кейіннен бірнеше рет өзгеріске түскен роман «Мөлдір махаббат» болып жарыққа шықты. Шынайы өмір шындығына негізделген шығарма бірнеше мәрте көптеген данамен басылды. Кезінде зерттеушілер өмірлік оқиғалардан өрілген романға деген сұраныстың жоғары болғандығы шығарманың өміршеңдігін дәлелдеді деп баға берген еді.
01 Шілде, 2019
Нұрзат Сабыров мажарстандық боксшыны нокаутқа түсірді
Тетфор Минде (Канада) Қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров (9-0, 8 КО) өнер көрсетті. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
30 Маусым, 2019
29 маусым күні күндізгі сағат 11:00 шамасында Атырау облысы Жылыой ауданындағы Теңіз қалашығында Сonsolidated Contracting Engineering and Procurement S.A.L Offshore компаниясының жұмысшылары жұмыс учаскесіне жиналып, Ливия азаматы Eli Daoud-тың Whatsapp мессенджеріне қойған суретіне наразылық білдірген. Әлеуметтік желіде кең тарап кеткен суретте Eli Daoud қолына рация құралын ұстап, антеннасын бір қызға бағыттап тұр.
29 Маусым, 2019
Бүгін елордада Ерболат Шалдыбековтың концерті өтеді
Бүгін сағат 19.00-де «Қазақстан» ОКЗ Камералық залында Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбековтың «Шырқа, даусым» атты концерті өтеді.
29 Маусым, 2019
Асқар Мамин Қызылорда облысының активіне жаңа әкімді таныстырды
Премьер-Министр Асқар Мамин Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қызылорда облысы мәслихатының кезектен тыс отырысына қатысты, онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қуанышбек Ысқақовты өңір әкімі лауазымына тағайындау туралы ұсынысы жазылған хатты оқып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
28 Маусым, 2019
Сенат басшысы журналистерді төл мерекесімен құттықтады
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева журналистерді Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтады. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
28 Маусым, 2019
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірнеше Елші қызметінен босатылды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен Қазақстанның Кувейт, Бангладеш, Пәкістан елдеріндегі Елшілері қызметінен босатылды.
28 Маусым, 2019
Қазақстанның Кувейт және Пәкістан елдеріндегі Елшілері тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстанның Кувейт және Пәкістан елдеріндегі Елшілері тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
28 Маусым, 2019
Нұрлан Нығматулин журналистерге «Парламент сөзі» сыйлығын тапсырды
Бүгін Мәжілісте Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин журналистерді Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
28 Маусым, 2019
Данияр Есин ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Есин Данияр Нұрашұлы Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.
28 Маусым, 2019
Батыс Қазақстан журналистері марапатталды
Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев өңірдегі журналистер қауымын қабылдап, кәсіби мерекемен құттықтады.
28 Маусым, 2019
Талдықорғанда қазақ-қырғыз зиялыларының ІІІ форумы өтіп жатыр
Талдықорғанда халықаралық Түркі академиясы мен Алматы облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен қазақ-қырғыз зиялыларының ІІІ форумы өтіп жатыр. «Ұлы даланың мәңгілік мирасы - Манас» атауымен жалауын көтерген жиынға екі елдің ғалымдары, ақын-жазушылар мен жыршылар қатысуда.
28 Маусым, 2019
Қорғаныс министрлігінің бөлімшелері Арыс қаласын жарылғыш заттардан толық тазартты.
Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
28 Маусым, 2019
Жәнібек Нөпіров Сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Жәнібек Мақсұтұлы Нөпіров Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
28 Маусым, 2019
Тал-теректі суарудың жаңа тәсілі оң нәтиже бере ала ма?
Ақтөбе қаласы мен оның маңайы жартылай шөлейтті аумақта орналасқаны жасырын емес. Бұл жәйт тал-теректердің көкке бой созып өсуіне теріс әсерін тигізбей қоймайды. Сондай-ақ табиғатты қорғау жөніндегі геодезист маман-ғалымдардың пікірінше мұндағы жерасты топырақ қабаттары мен шөгінділерінде жасыл желектің жайқалып, қаулап өсуіне ырық бере қоймайтын түзілістер де жоқ емес. Әйтсе де ұдайы күтім жасалып, суару нормалары дұрыс сақталған жағдайда кері табиғи факторларға қарамастан ағаштардың жақсы өсетіні ешқандай талас туғызбайды. Сондықтан да биылғы жылы Ақтөбе қаласында жасыл желекті суалтудың жаңа әдісін жүзеге асыру ісі қолға алынды. Израиль елінен жеткізілген жаңа технология тал-теректер мен саябақтарды тамшылатып суару әдісіне негізделген. Бұл істі облыс орталығындағы «КХ Эльмира» кәсіпорны қолға алып отыр.
28 Маусым, 2019
Арыстықтардың өз үйлеріне аман-есен жетуін мыңға жуық тәртіп сақшысы қамтамасыз етуде
Тәртіп сақшылары Арыс қаласы тұрғындарының үйлеріне аман-есен оралуын қамтамасыз етіп жатыр. Қазіргі таңда Шымкенттен 78 автобус жүріп кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
28 Маусым, 2019
Жағдайы төмен отбасыларға жасалған бірегей көмек
Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов Президенттің «Қазақстан азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлығын іске асыру бойынша атқарылатын жұмыстар жайын баяндады.
28 Маусым, 2019
Көз жасы арықтауға көмектеседі
Бұл туралы Stern апталық жаңалықтар журналы зерттеулерге сүйене отырып жазды.
28 Маусым, 2019