Оқи отырыңыз
Сүйенішіміз - бірлік, мақсатымыз - өрлеу
«Тірегіміз – тәуелсіздік, байлығымыз – бірлік, мақсатымыз – өрлеу». Шымкентте қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының V сессиясы осындай тақырыппен өтті. Жиында ҚХА төрағасының орынбасары –Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Мемлекет басшысының ХХХІІІ Ассамблея сессиясында жүктеген міндеттерді жергілікті жерде жүйелі іске асыру жөнінде айтты.
25 Мамыр, 2024
Құлсарылықтарға өтемақы беріліп жатыр
Жылыой ауданының Құлсары қаласындағы «Болашақ» шағын ауданында 150 үйдің құрылысы басталғалы отыр. Мұнда жаңа үйлер бой көтеретін аумақ тегістеліп, іргетасын қағуға дайындық жүріп жатыр. Бұған үш мердігер компаниядан 30 жұмысшы мен 20 арнайы техника тартылды.
25 Мамыр, 2024
Премьер-министр Олжас Бектенов Түрікменстанда өткен ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысты.
25 Мамыр, 2024
«Ақтастың» өніміне көршілер де қызығады
Халқы тығыз орналасқан Қордай ауданында жұмыс істеп тұрған өндіріс орындары жеткілікті. Қолға алған қандай да бір кәсібін дамытқысы келетіндер дәл осы ауданға қарай бет бұрып жатады. Қазақ пен қырғыз елінің шекарасында орналасқандықтан да болар, мұнда сауда-саттық мықты дамыған. Кәсіпкерлер де осы жағын ескеретіндей көрінеді.
25 Мамыр, 2024
Тағы бір оқу жылы аяқталды. Биыл облыс бойынша 11-сыныпты 8 240 түлек тәмәмдап, 6–14 мамыр аралығында тестілеудің үшінші кезеңіне қабылданған өтінішке сәйкес олардың 89,7 пайызы ҰБТ-ға қатысады. Бесінші шілдеге дейін созылатын басты білім сынағында түлектер Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандарындағы тестілеу пункттерінде тест тапсырады.
25 Мамыр, 2024
Мелиорация мамандарын даярлаудың жаңашыл жүйесі керек
Былтыр Президенттің тапсырмасына орай Мелиорация және су шаруашылығы министрлігі құрылды. Барлық ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігіне мүмкіндік беретін Ұлттық геологиялық қызмет іске кірісті. Парламентте Су кодексі әзірленіп жатыр. Белгілі гидротехник, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Әмірхан Кеншім осындай жүйелі жұмыстар жүзеге асатын болса, су шаруашылығын біртіндеп қалпына келтіруге болады деген пікірін білдірді.
25 Мамыр, 2024
Мәдениет майталмандары марапатталды
Мәдениеттің көшін алға оздырып жүрген әрбір маманның, талант иесінің тағдыр шұғыласының бір парағы сән-салтанатымен айшықталды. Көздің нұры мен көкіректің жырын қатар аңғартқан сол мәдениет саласының қызметкерлері Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында әсем әнмен шалқып, күймен қалқығандай сезілді. Кейбір ардақтылар омырауына еңбегінің өтеуіндей көрінген төсбелгілерді тағынса, кейбір жерлестеріміз әртүрлі марапатқа ие болды. Ал Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы үздік мәдениет мекемесі атанып, ұжымға автокөлік сыйға тартылды.
25 Мамыр, 2024
Су тасқыны: Малынан айырылған құлсарылықтарға өтемақы төленді
Жылыой ауданының Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі тұрғындардан келіп түскен 101 өтініш негізінде мал шығынын өтеді, деп жазады Egemen.kz.
24 Мамыр, 2024
Астанада қар жауады - синоптиктер
Мамандар Астана тұрғындары мен қонақтарына алдағы үш күнде жауын-шашын, соның ішінде қар жауатынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz
24 Мамыр, 2024
Олимпиадаға жолдама: Қазақ боксшылары Бангкок рингіне қашан шығады?
23 мамыр күні Таиланд астанасы Бангкокте олимпиада жолдамасы үшін шаршы алаңға шығатын отандастарымыздың алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталды, деп жазады Egemen.kz Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.
24 Мамыр, 2024
Қазақстанның 8 қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары
Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбдуәлиев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Мамыр, 2024
Талдыкөл тұрғындары Атырауға қайықпен қатынайды
Атырау облысы, Махамбет ауданындағы Талдыкөл ауылында жолды су басуына байланысты тұрғындарға қайық тасымалы ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
24 Мамыр, 2024
Қазақстан мен Түркияда Жошы хан туралы деректі-драмалық телехикая түсіріледі
«Дара» президенттік бастамалары қоры «Karga Seven Pictures» компаниясымен бірлесе отырып, Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы ханның өміріне арналған алты бөлімнен тұратын ағылшын тіліндегі гибридті деректі драманы түсіруді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz «Dara» президенттік бастамалар қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Мамыр, 2024
«Мас деп ойлаған»: Инсульт алған науқасқа дер кезінде көмек көрсетілмеген
Шымкент қаласында жолда өзін жайсыз сезінген әйелді көшедегі бейтаныс адамдар №1 ауруханаға жеткізген. Миына қан құйылған науқасты дәрігерлер мас деп ойлап, көмек көрсетуден бас тартқан, бірақ науқастың құсқанын көрген кезекші дәрігер ішімдікке тойып алған деп, ұйықтатып тастаған, деп хабарлайды Egemen.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
24 Мамыр, 2024
Құтқарушылар Атырау облысы тұрғындарына алыс жолға шықпауды ескертті
24 мамыр күні Атырау облысы аумағында дауыл соғады. Осыған байланысты аймақтағы төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындарға алыс жолға шықпауды ескертті, деп жазады Egemen.kz.
24 Мамыр, 2024
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы әлі де жалғасып жатыр. Бүгінде облыс тұрғындары, волонтерлер, жастар ұйымдары, медициналық және білім мекемелерінің қызметкерлері, сонымен қатар өңір спортшылары мен өнерпаздары, жалпы 117 мыңнан аса адам атсалысып, 860 техника жұмылдырылды.
24 Мамыр, 2024
Қазақстан мен Корея өкілдері білім берудегі цифрлық сауаттылық пен киберқауіпсіздікті дамыту мәселелерін талқылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Талқылауға Оқу-ағарту вице-министрі Арай Оразова, Кореяның білім және зерттеу мәселелері жөніндегі ақпарат қызметінің (KERIS) мамандары қатысты.
24 Мамыр, 2024
«Superpave»: Ғалымдар сапалы асфальт жобасын жүзеге асырады
Ғылымды дамытуға әуелі дұрыс көзқарас, сосын барып қана ауқымды жоба-жоспар қажет. Қуантарлығы, кейінгі бірнеше жылдың шамасында мемлекет ғалымдардың мәртебесін арттырып, ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізуге ынталы екенін байқатты. Ғылым және жоғары білім министрлігі құрылғалы саланы қаржыландыруға, ғалымдарды қолдауға көп көңіл бөліне бастады.
24 Мамыр, 2024
Батыс Қазақстан облысына қарасты Қаратөбе ауданының қиыр шетінде шағын ғана Аққозы деген ауылдық округ бар. Орталығы Қоржын деп аталады. Осы ауыл биыл наурыз айының соңында су тасқынының астында қалып, бүкіл елге мәлім болды. Ауыл тұрғындарымен кездесуге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы келді.
24 Мамыр, 2024
Мақталы аймаққа апаратын магистраль
Өзбекстан іргесіне орын тепкен Дарбаза теміржол стансасынан Мақтааралға тартылатын шойын жол құрылысы өткен жылдың қараша айында басталды. Қазір жалпы ұзындығы 152 км болатын магистралдың астыңғы жол төсемдерін төсеу жұмысы қызу жүріп жатыр. Жаңа теміржол желісі қандай мүмкіндіктерге жол ашады? Біздің ел одан не ұтады?
24 Мамыр, 2024