Оқи отырыңыз
Жаңа мектеп ғимараты ауылдың ажарын аша түсері анық. Сыртқы келбеті де, ішкі дүниесі де заманауи үлгідегі нысанның көркін балалардың риясыз күлкісі еселейді. Түлкібас ауданындағы Еңбекші ауылында тозығы жеткен мектептің мәселесі бірнеше жылдан бері шешімін таппай келген болатын. Биыл оқушылар жаңа оқу жылын жаңа мектепте бастауға мүмкіндік алды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған мектеп ел игілігіне пайдалануға берілді.
05 Қыркүйек, 2023
Тапсырма тиянақты орындалуға тиіс
«Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауына партия активімен кеңес өткізді.
05 Қыркүйек, 2023
Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 3477 әскери бөлімінің Дағдарысқа қарсы оқу-жаттығу орталығы базасында Ұлттық ұлан тәрбие құрылымдары офицерлерін тәжірибелік даярлаудың үш күндік жиыны өтті.
04 Қыркүйек, 2023
Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Мен қазақша сөйлеймін» акциясы барысында үздік шыққандарды онлайн марапаттау рәсімін өткізді.
04 Қыркүйек, 2023
Қорғаныс өнеркәсібін нығайту мүмкіндігі
Геосаяси ахуал құбылып тұрғанда Мемлекет басшысының қорғаныс өнеркәсібіне назар аударғаны жақсы болды. Жолдауда бұл мәселенің айтылуы бірден назарымды аударды. Қысқаша айтсақ, Президент қорғаныс өнеркәсібі кешенін жан-жақты нығайтуды тапсырды. Импортқа тәуелділікті азайтуға септігі тиетіндей етіп өнеркәсіпті локолизациялау да айтылды.
04 Қыркүйек, 2023
Студенттер игілігіне – заманауи жатақхана
Еліміздің үшінші мегаполисінде жылдан-жылға студент жастардың саны артып келеді. Осыған байланысты жатақхана тапшылығын шешу өзекті мәселелердің біріне айналған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақстан халқына Жолдауында аталған мәселеге айрықша тоқталып өткен еді. «Келесі маңызды мәселе – студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету. Бұл түйткілді шешу үшін жоғары оқу орындарымен және құрылыс компанияларымен мемлекет-жекеменшік серіктестік орнату тәсілін барынша енгізу керек» деген болатын Президент.
04 Қыркүйек, 2023
Қасым ханның отбасылық қолжазбасы табылды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетіне қарасты Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары Франциядан табылған Қасым ханның әйелі Айша ханымның қолжазба көшірмесін басып шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қыркүйек, 2023
Ұлттық спорт түрлерінен VI фестиваль басталды
Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы директоры Бақдаулет Сәбитов аталған фестиваль нәтижесінде үздік үш өңір анықталатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz Орталық коммуникациялар қызметі сайтына сілтеме жасап.
04 Қыркүйек, 2023
АҚШ валютасы 3 теңгеге жуық қымбаттады
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,94 теңгеге қымбаттап, 459,52 теңге болғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
04 Қыркүйек, 2023
Қазақстан теннисшілері ширек финалға шықты
Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында үстел теннисінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасы ширек финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
04 Қыркүйек, 2023
Түркияда қазақ журналисі көз жұмды
Түркияда көлік апаты салдарынан қазақ журналисі мен қызы қайтыс болды. Суық хабарды Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қыркүйек, 2023
«Қазақстан» шахтасындағы өрт әлі толық сөндірілмеген
«Қазақстан» шахтасындағы апатты тергеу жөніндегі Үкімет комиссиясының жұмысы тағы 10 жұмыс күніне ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қыркүйек, 2023
Жібек Құламбаева − Чехия турнирінің чемпионы
Қазақ елінің теннисші қызы Жібек Құламбаева Чехияның Прага қаласында өткен халықаралық турнирдің жұптық сынында чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
04 Қыркүйек, 2023
Таиландта 18 жастағы қазақстандық қайтыс болды
Таиландта Қазақстан азаматы көз жұмды. Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қыркүйек, 2023
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектебінде өткен «World Robot Olimpiad-2023» әлем чемпионатында жас инженерлер теңізде және құрлықта қауіпсіздік пен тиімді логистиканы қамтамасыз етуге бағытталған инновациялық жобаларды ұсынды. Стартап авторлары цифрлық технологиялар арқылы әлемді жақсартуда заманауи мүмкіндіктердің көп екенін дәлелдеді.
04 Қыркүйек, 2023
Өңірде жол-көлік апаты салдарынан қаза болған жасөспірімдердің саны өткен жылмен салыстырғанда 46,2 пайызға артқан. Өзекті өртейтін өкініш те осы. Рас, кейінгі жеті айда облыста тіркелген жол-көлік оқиғасының саны 35,9 пайызға азайған. Алайда ажал құшқан өрімдей жастардың саны күрт көбейгені кімді де болса ойландырса керек.
04 Қыркүйек, 2023
Балаларды тамақтандыру жүйесіне реформа қажет
Кейінгі жылдары елімізде мектеп жасындағы балалардың толып кетуі, қант диабетіне шалдығуы белең алып отыр. Оның басты себебін балабақша, мектептерде, тіптен отбасында дұрыс тамақтанбау салдарымен байланыстырған мамандар саламатты ұрпақ тәрбиелеудің ұлттық бағдарламасын қабылдау қажеттігіне назар аударып отыр.
04 Қыркүйек, 2023
2020 жылы жариялаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауда Мемлекет басшысы кәсіби білім берудің маңызына тоқталып: «Кәсіби білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға бағыттағанымыз жөн», деген еді. Президенттің осы тапсырмасын іске асыру үшін Үкімет жастарды кәсіби білімге ынталандыру мақсатында қаражатты үйіп-төгіп бөлді. Осы бағытта білім алғысы келетін жас буын мемлекеттік грантпен тегін оқытып, жатақханамен тегін қамтамасыз етіліп, шәкіртақы да алып тұратын болды.
04 Қыркүйек, 2023
Өңірде мал өнімдерін молайту бағытында жағымды жаңалық жеткілікті. Мәншүк Мәметова атындағы елді мекенде тауарлы-сүт фермасының құрылысы жүргізіліп жатыр.
04 Қыркүйек, 2023
Мақсат – шикізатқа тәуелділіктен арылу
Президент Жолдауында баршаны толғандырған бірқатар проблеманы қозғады. Оның ішінде ел экономикасын одан әрі өркендету, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға басымдық беру, аймақтарды дамыту, қоршаған ортаны қорғау секілді қадау-қадау мәселелер бар.
04 Қыркүйек, 2023