Оқи отырыңыз
Түркияда көз жұмған Қазақстан азаматының жеке басы анықталды
Өткен жексенбіде Түркияда жол апаты болып, зардап шеккен қазақстандықтардың бірі ауруханада көз жұмғаны хабарланған еді. Қайғылы оқиға салдарынан Маңғыстау облысының тұрғыны қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Тамыз, 2023
Уланып қайтыс болған баланың отбасына көмек беріледі
Қарағандыда болған оқыс оқиғаға байланысты облысқа Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният барды. Қазір бұл жағдайға байланысты шұғыл брифинг өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Тамыз, 2023
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.
01 Тамыз, 2023
Балалардың жаппай улануы: тағы екі бала ауруханаға түсті
Бүгін, 1 тамызда Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан тағы екі бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Тамыз, 2023
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам көз жұмды
Ақтөбе облысында Mercedes жүк көлігі мен ВМW автокөлігі соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
01 Тамыз, 2023
Белгілі геолог пен оның екі баласы жол апатынан көз жұмды
Қайғылы хабарды ҚР ИИДМ Геология комитеті жария етті. Қазақстанның геология саласының көрнекті өкілі Асқар Шаменов пен оның екі баласы жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Тамыз, 2023
Қарағанды облысында балалар жаппай уланды: бір бала көз жұмды
Қарағанды облысында арнайы орталықтан 12 бала уланып ауруханаға жеткізілді. Бір бала медициналық мекемеде қайтыс болды, тағы алтауы жансақтау бөліміне жатқызылды. Балалардың уланғаны туралы ақпаратты облыс әкімдігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Тамыз, 2023
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау аяқталды
Қазақстанда 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау мерзімі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
01 Тамыз, 2023
Криштиану Роналду рекордын жаңартты
Португалия құрамасы мен саудиялық «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду баспен соғылған гол саны тұрғысында рекорд орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Тамыз, 2023
Көкшетау мен Атбасар арасын жалғап жатқан күрежолдың жағдайы көптен бері жұрт аузында жүр еді. Өткен аптада оны жөндеу жұмыстары басталып кетті.
01 Тамыз, 2023
Автомагистральдер бойындағы қызмет көрсету орындары жыл сайын көбейіп келеді. Өткен аптада тағы бір жолаушыға қызмет көрсететін нысан өз есігін жұртқа айқара ашты.
01 Тамыз, 2023
Алматының өткенінен сыр шертетін тарихи нысандар замана сыпатына сай сән түзеген зәулім ғимараттардың тасасында қалмауы қажет. Мемлекет басшысы көне шаһардың тарихи келбетін сақтау «бармақ басты, көз қысты» қарайтын мәселе емес екенін қала билігіне шегелеп тапсырған болатын.
01 Тамыз, 2023
Мемлекеттің ономастикалық саясатын іске асыруда Солтүстік Қазақстан облысындағы қызметшілер аса белсенділік таныта алмай отырғаны жасырын емес. Оның басты себебі – басқа этностардың қалыптасқан атауларға қарсы шығатын консервативтік көзқарастары.
01 Тамыз, 2023
Жұмысшы өмірінің басты кепілі – еңбек қауіпсіздігін сақтау. Алайда жұмыс берушінің бәрі бұған көңіл аудармайды. Сол себептен құқығы бұзылғандықтан, еңбек инспекциясына жүгінетіндер аз емес.
01 Тамыз, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың соңына дейін сапалы ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз ету туралы Үкіметтің алдына міндет қойды. Соның негізінде Ақтоғай ауданындағы шалғай ауылдарға су тартылып, тұрғындар сапалы тіршілік көзін тұтынып отыр. Қуаныш ауылы да қуанышқа кенелді. Енді мұндағы ағайын қыр асып, құдыққа қауға салып, су тасымайды.
01 Тамыз, 2023
Аптап ыстық бүгін де сақталады
1 тамыз күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде күн райының құбылмалы сипаты сақталып, найзағай мен жаңбыр болжанады. Тек батыста, оңтүстік пен солтүстік-шығыста жауын-шашын болмайды. Барлық өңірде жел тұрады. Солтүстікте түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
01 Тамыз, 2023
1 тамызға арналған доллар бағамы
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 443 – 447 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Тамыз, 2023
Алдымызда Мәскеу, шегінерге жол жоқ!
Қазақстандағы білікті театр сыншылары «отандық театрдағы сана төңкерісі» деп баға берген «Ұждан» қойылымы алдағы күзде Ресей астанасында өтетін «Подмосковные вечера» VII халықаралық театрлар фестиваліне шақырту алды. Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театрының ұжымы тамыз айынан қызу дайындыққа кірісіп кетуді жоспарлап отыр.
01 Тамыз, 2023
Қарқара!Құр Қарқара!Жел Қарқара!Талайды тамсандырған өр Қарқара!Төсіңе кіндігінің қаны тамған,Қабыл ал, төл перзентің келді ортаңа, –деп Асанқадыр ақынның жыр шумақтарымен шашу шашылып, тиегі ағытылған «Қымыз фестиваліне» қарақұрым халық жиналды. Тарихы терең, сыры мол, жасыл кілемдей құлпырған жайлау төріне ақшаңқан үйлер тігіліп, атакәсібіміз салтанат құрды. Мәңгілік мұраға айналған қолөнердің түр-түрі көптің назарына ұсынылды. Әр ауылдық округтің өкілдері халық әндерін тамылжыта шырқап, жүн сабап, көрпе құрау, сырмақ басып, кесте тігу, келі-келсап, диірменмен тары-талқан тартып, жент жасау, күбі пісіп, қымыз ашыту шеберліктерін паш етті. Сөйтіп, Мыңжылқы жайлауында әп-сәтте ата-бабамыздың сан ғасырлық салт-дәстүр, әдет-ғұрпы жаңғырып, елдік пен ерліктің рухы асқақтап, көгінде халықтық ән-күй қалықтады. Жайлауға жиналған жұрт суретшілердің, ауыл шаруашылығы көрмесімен танысып, рухани азық алды.
01 Тамыз, 2023
Жылыой – сан ұрпаққа мекен болған, етек-жеңі мол пішілген, сәулет өнерінің сан түрлі архитектуралық ескерткіштеріне бай, Қарашүңгіл қауымы маңында, қазақ жерінде тұңғыш мұнай бұрқағы атқылаған мұнайлы аудан. Бұл өңір сәулет өнерінің сан түрлі архитектуралық ескерткіштеріне бай десек, сәулет өнерінің сан түрлі қолтаңбасы – Ақмешіт қауымы, Дәдем ата, Ұшқан ата, Жұбан тамы мазары, Дүйсеке ата, Құлшан әулие, тағы да басқа қауымдар көп ұшырасады. Асан Қайғы, Доспамбет, Шалкиіз жыраулар жырға қосқан ардақты мекен.
01 Тамыз, 2023