Оқи отырыңыз
Әділетті Қазақстан мемлекеттің құқықтық ұстанымымен, қоғамның ізгілікті мәдениетімен қалыптасып, дамиды. Бұл ретте Мемлекет басшысының елдік дәстүр мен тәжірибе сабақтастығына қатысты айтқан ой-пайымдары орта білім жүйесіндегі тәрбие ісіне көздің қарашығындай қарауды талап етеді.
09 Ақпан, 2023
Мақсат – «Абай мектебін» танымал ету
Хакім Абайдың 175 жылдығы қарсаңында абайтанушылармен жүздескен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз ана тіліміз бен төл әдебиетіміздің қадір-қасиетін балаларға мектеп жасынан бастап сіңіруіміз керек. Бұл бағытта бірыңғай ұстаным қажет. Осыған орай Алматыдағы Абай атындағы мектеп-интернаттың мүмкіндіктерін толық пайдаланған жөн. Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын бұл мектептің оқу үдерісі басқа мектептерге үлгі болады деп ойлаймын. Оны заманауи талапқа сай жан-жақты жетілдіріп, «Абай мектебі» деп аталатын ең үздік білім ордасына айналдыру қажет» деген еді. Газетіміздің 11 қаңтар күнгі санына «Абай мектебі желісін дамытуға не кедергі?» деген мақала жарияланып, авторды тарихы терең білім ошағының болашағына қатысты кейбір мәселелер алаңдатқанын көзі қарақты оқырман жақсы біледі. Мәселенің мән-жайына үңілу үшін Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының директоры Ержан ӨМІРХАНОВТЫ әңгімеге тартқан едік.
09 Ақпан, 2023
Ардагер спортшыға – Президент алғысы
Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кентінде тұратын 73 жастағы спортшыға Президенттің Алғыс хаты, сыйлыққа сағат және Бурабай демалыс үйіне жолдама табысталды.
09 Ақпан, 2023
Архивке барудың да әдебі бар. Мұны бұрнағы жұрт жақсы бағамдайды. Ал бүгінгі ұрпақ ше? Қайтсек біз бабадан қалған құнды мирасты бала санасына сіңіре аламыз? Ол үшін не істеу керек? Мұны Астана қаласының мемлекеттік архивінің мамандарынан сұрау керек шығар. Оқушылармен бірлесе жұмыс істеген мекеменің оқырманы көп.
09 Ақпан, 2023
Теннистен Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Александр Бублик Францияның Монпель қаласында өтіп жатқан ATP турнирінің алғашқы айналымында жеңіліп қалды.
09 Ақпан, 2023
Осы аптада қандай мәдени іс-шаралар өтеді?
Оқырман назарына Астана мен Алматы қалаларында өтетін мәдени шаралар тізімін ұсынамыз.
09 Ақпан, 2023
Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі
Синоптиктер 10 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Ақпан, 2023
Ғалымдар жаңа сақина жүйесін тапты
Ғалымдар Күн жүйесінің шетіндегі ергежейлі планетаның айналасынан жаңа сақина жүйесін тапты. Сақина жүйесі басқа жүйелерден қарағанда әлдеқайда алыс айланады. Бұл жаңалықты Шеффилд университеті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Ақпан, 2023
Геннадий Головкиннің жаңа қарсыласы белгілі болды
Геннадий Головкин алдағы уақытта чемпиондық атағын қорғайтын болады. Дүниежүзілік бокс қауымдастығының мәліметінше, орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) кубалық Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Ақпан, 2023
Беларусьтен халықаралық іздеудегі адам экстрадицияланды
Бүгін Қазақстан Бас прокуратурасының қызметкерлері Интерполдың көмегімен Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан күдіктіні Беларусьтен Қазақстанға экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Ақпан, 2023
Рудныйда бірқатар үй тағы жылусыз қалды
Рудныйда құбыр жарылып, 24 көпқабатты тұрғын үй мен 59 жеке үй жылудан ажыратылды, деп хабарлайды Egemen.kz «Наша газета» басылымына сілтеме жасап.
09 Ақпан, 2023
Биыл 15 ақпанда кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толады. Бұл әскери қақтығыс XX ғасырдың қаралы тарихының белгісі болып қалады. Өмір мен өлімнің ортасында азаматтық борышын өтеген сан мыңдаған жас өркеннің тағдырына көп өзгеріс әкелген де осы Ауған қасіреті еді. Дерекке жүгінсек, елден 22 мың сарбаз аттанып, олардың 10 мыңға жуығы қаза тапқан, ал 21 жауынгер із-түзсіз кеткен екен.
09 Ақпан, 2023
Мәшһүр Жүсіп балалары мехатрониканы меңгеріп жүр
Ауыл балаларының темір-терсекке үйірсек екені рас. Балалық шақта әкеміздің жанында жүріп, машина мен трактордың руліне жайғасқанды үлкен мәртебе көретін едік. Ал қазіргі жас буынның қызығушылығы заманға сай өзгеріске түскен. Соның бір жарқын мысалын Мәшһүр Жүсіп ауылындағы мектептен байқадық. Жергілікті оқушылардың роботтехникаға әуестігі көрген жанды тамсантады.
09 Ақпан, 2023
Беларусь астанасы Минскіде өтіп жатқан футболдан жасөспірімдер арасындағы «Даму кубогі-2023» халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы қатарынан екінші матчта жеңіске жетті.
09 Ақпан, 2023
Әскери тәрбие мен құқықтық сауаттылыққа баулуды бала кезден бастаған нәтижелі болмақ. Осы бағытта Алматы облысының Ұйғыр ауданында «Жас шекарашылар» мен «Жас полицейлер» әскери-патриоттық клубтары ашылды. Клуб мүшесі ретінде 5 мектептің 85 оқушысы Шонжы ауылының Мәдениет үйінде ант қабылдады. Сондай-ақ жас полицейлерге арнайы куәліктер табыс етілді.
08 Ақпан, 2023
Павлодарда трамвай паркінің дамуына басымдық беріліп отыр. Экологиялық жағынан қауіпсіз әрі қаладағы жолаушылар қозғалысын тиімді етуде рельсті көлік бүгінде ең қолайлы саналады. Қазір кәсіпорында жаңа вагондар сатып алудың жоспары жасалып жатыр. Бұған қоса, алдағы жылдары қаланың шеткі ықшам аудандарының бірі – Екінші Павлодарға дейін рельсті жол тартылмақ.
08 Ақпан, 2023
Жылдар бойы сәби армандаған жандарға «Аңсаған сәби» бағдарламасы бақыт сыйлағаны рас. Бұл – перзент сүюден күдер үзгенде көп көңілге жұбаныш пен қуаныш бұйыртқан бағдарлама. Биыл Қарағанды облысында мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры аясында ЭКҰ-ға 403 квота бөлінді.
08 Ақпан, 2023
Осынау жер бетіндегі әрбір халықтың ұлт болып қалыптасуының қайнар көзі тағылымға толы дәстүр-ғұрпы, салт-санасы, ұлттық мәдениетінен бастау алары сөзсіз. Ал қазақ руханиятының бір шыңында атадан балаға мирас болып, бүгінге жеткен халық аспаптық, ұлттық музыка өнері тұр. Ұлттық аспаптар арқылы халқымыздың саналуан мәдениетін, асқан даралығын көрерменге паш етіп, танытып келе жатқан өнер ордалары аз емес.
08 Ақпан, 2023
Былтыр Балалар жылына орай қолға алынған «Балалар тегін ұшады» (Kids go free) бағдарламасы биыл да жалғасын табатын болды. Балғын балалық шақтан бастап өз елін тануға, таным көкжиегін кеңейтуге, саяхаттау мәдениетін арттыруға арналған жобаның игілігін былтыр 1,5 мың бала көрді. Биыл бұл көрсеткіш екі есеге дейін өседі деген болжам бар. Өйткені ішкі туризмді дамыту мақсатында жүзеге асырылған аталған бағдарламаның талаптары биыл бірқатар туроператор үшін қолжетімді бола бастады.
08 Ақпан, 2023
Басқа-басқа, жамбылдық жастар жыл сайын «Өңірімізде қыста демалатын орын жоқ» деген мәселені айтудан ешқашан жалықпайтын. Түбі бір нәтижесі болар деп топшылайтын. Жуалы ауданында «Көксай» этно-туристік демалыс аймағы ашылады деген әңгіменің шыққанына да біраз уақыт болған еді. Ақыры пайдалануға берілді.
08 Ақпан, 2023