Оқи отырыңыз
Қазақстан Халық партиясынан Парламент Мәжілісіне кандидаттар Асхат Асылбеков, Эльмира Әуезова, Нұрсұлтан Шоқанов Алматы қаласындағы №40 және №145 орта мектептерде ата-аналармен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмысын жүргізді.
22 Ақпан, 2023
Әкім қонған ақбоз үй енді балаларды оңалту орталығына айналады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердегі Президент резиденцияларын балалардың қажеттілігіне беруді тапсырғаны белгілі. Осыған орай облыс әкімдігі Алакөл аудандық әкімдігінің Ақши ауылындағы резиденциясы балаларды оңалту орталығының балансына берілетінін жеткізді.
22 Ақпан, 2023
Ер есімі ескерусіз қалмаса екен
Адамзат баласының басына төнген Екінші дүниежүзілік соғыс алапатының ащы зардабы әлі де халық жадында. Бүгінде қиын-қыстау заманның қасіретін еске алатын ардагерлер де азайды. Бірақ біз, кейінгі ұрпақ миллиондаған адам тағдырын қыршыннан қиған соғысты, жаумен жанкештілікпен соғысып асқан ерлік көрсеткен әкелеріміз бен аталарымызды жадымыздан шығаруға қақымыз жоқ.
21 Ақпан, 2023
Оралдық Сәрсенбек Монтаев жақында «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2 пайызы» (World’s Top 2% Scientists) рейтингіне еніп, жер-жаһанға танылды.
21 Ақпан, 2023
Жаратушы жер бетіне жіберген әр пенденің көңіл түкпіріне адам болудың қасиеттерін шегелеп береді деседі. Ақын Абай айтпақшы, «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» – осы үш қасиет жұмыр басты тіршілік иесінің өмір бойы ұмтылатын миссиясы болуға тиіс. Қаламсап – өмірді қалай бағыттасаң, ғұмырдың түтіні солай түзіледі емес пе. Жер бетінде адам болып туу жеткіліксіз.
21 Ақпан, 2023
«Ажарың ашық екен атқан таңдай,Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай.Анаңнан сені тапқан айналайынКүлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай».Жарты ғасыр бұрын көрерменге жол тартқан «Гауһартас» фильмінің сырлы сазына, нәзік үніне айналған халық әні тұңғыш рет театр сахнасында шырқалды. Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры Дулат Исабековтің «Гауһартас» музыкалық драмасының премьерасын көрерменге үш күн қатарынан ұсынды.
21 Ақпан, 2023
Өмірі аңызға айналмаған алып тұлғалар некен-саяқ. Әсіресе әдебиетте шебер суреткердің жарық сәулесі шекара асып, түу шалғайға дейін түседі. Мәселен, қазақ әдебиетіне Горькийдің тигізген әсері ұшан-теңіз. Ең алғаш Горькийді танып, оның орасан ұлылығын, өмірдің өзіне ұқсайтын қарапайымдылығын, ұсақ ұлт әдебиетінің өсуіне деген адал ойын ұға білген қаламгерлер болды.
21 Ақпан, 2023
Журналистер мен блогерлерге қатысты заңсыз әрекет жасаған 18 адам ұсталды
2022 жылдың қыркүйек айынан бастап осы жылдың 20-шы ақпанына дейін Алматы және Астана қалаларында 6 журналист пен блогерге, сондай-ақ олардың қызметіне байланысты 1 адамға бірқатар құқықбұзушылық әрекет жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Ақпан, 2023
Академик Әбдімәлік Нысанбаев өмірден өтті
Ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Әбдімәлік Нысанбаев 86 жасында қайтыс болды. Қайғылы хабарды «Ғылым ордасы» РМК растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Ақпан, 2023
Түркияда үйінді астынан табылған Сабина Мамадиярованың жағдайы белгілі болды
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркияда үйінді астынан табылған Сабина Мамадиярованың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Ақпан, 2023
Түркияда іздеу-құтқару жұмыстарына қатысқан қазақстандық дәрігерлер
Төтенше жағдайлар министрлігі Түркияда адамдарды құтқарған қазақстандық дәрігерлер туралы жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Ақпан, 2023
Мажоритарлы жүйе: Мәні мен жолы
Биылғы сайлаудың дабылы әлеуметтік желіні жарып тұр. Әсіресе, мажоритарлы жүйе бойынша кімнің бәсі жоғары шығып, өз округтері бойынша сайланатыны көпшіліктің қызығушылығын туғызады. Сондықтан шығар, биылғы саяси бәсекеде азаматтардың белсенділігі жоғары.
21 Ақпан, 2023
Қойнауы құтты Қостанай облысы – тек егін шаруашылығы үшін емес, мал бағуға да аса қолайлы өңір. Алайда өрісі байтақ өлке қой саны жағынан облыстардың көш соңында келеді. Оған себеп көп. Біріншіден, жергілікті ет өңдеу зауыттары тек көктемге қарай болмаса, қыста ұсақ малдың етін сатып ала бермейді. Екіншіден, Тобыл өңірінде қойдың жүнін өңдеп, терісін илейтін кәсіпорын жоқ. Үшіншіден, әлемдік нарықта сұраныс жоғары бола тұра, шетелге қой сату мәселесі шешілмей тұр.
21 Ақпан, 2023
Мұрағат – мемлекеттің баға жетпес байлығы
Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңының 25 жылдығына орай Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Президент архивінің басшылары қатысқан брифинг өтті. Қазақстан Республикасы Президенті архивінің басшылығы ақпарат құралдары өкілдеріне Президент архивінің қоғамдағы рөлі мен міндетін және оның мақсаты мен жаңғырту бағыттарын баяндап, архив қызметімен үйлестіре өткізіп жатқан «Тарихи құжат – ұрпаққа аманат» архивтік марафоны туралы әңгімеледі.
21 Ақпан, 2023
Ғашық адамның көзі алдай алмайды. Бәрібір жан құпияңызды қарашығыңыз әшкерелеп қояды. Қарамаңыз, қарасаңыз қақпанға түстім дей беріңіз... Әрі қарай теңіз бетіндегі желкенсіз қайықтай тағдыр желі қайда айдаса, солай алып ұшасыз. Соңыңыздан үмітсіздігіңіз, өбектеген өкінішіңіз, сыпайы сәтсіздігіңіз қоса ілеседі. Дәл біз мысалға алған әндегідей…
21 Ақпан, 2023
Жемқорлықпен күрес – жауапты міндет
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына партиялық тізім бойынша кандидаттар – Нұрлан Әуесбаев, Мақсұт Насибулов, Мәкиля Тоқсамбаева «Қарағанды-Нан корпорациясы» ЖШС қызметкерлерімен, сондай-ақ Қарағанды облысы сайлаушыларымен кездесу өткізді.
20 Ақпан, 2023
Сенаттағы парламенттік тыңдау барысында Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасының бағыттары туралы баяндады.
20 Ақпан, 2023
Ғылым, білім биігінде орны бар
Жұртшылық жақсы біледі, Құралбек Құлажанов – көрнекті ғалым, білікті басшы, жоғары мектептің іскер ұйымдастырушысы, ұлағатты ұстаз. Сексеннің сеңгіріне шыққан осынау мәртебелі мерейжасына ол отандық ғылым мен жоғары білім беру ісінің ірі өкілі ретінде үлкен жетістіктерімен келіп отыр. Химия ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының, Ұлттық инженерлік ғылым академиясының, Ұлттық жоғары мектеп ғылым академиясының, сондай-ақ бірқатар халықаралық ғылым академияларының академигі Құралбек Сәдібайұлының елге сіңірген еңбегі зор.
20 Ақпан, 2023
Әртараптандыруды әріден бастау керек
Тоқсаныншы жылдардан кейін тоқырап қалған күріш өндірісі соңғы уақытта ғана еңсе тіктеп, шаруалардың тірлігі ширай түсті. Елдегі ағайынның ахуалын жақсартуда түрлі мемлекеттік қолдаулардың да көмегі көп болғанын айтпай кеткеніміз жөн болмас.
20 Ақпан, 2023
Батыстың жаңа «тамақтану үлгісі»
Биыл азық-түлік тұтынуға байланысты тың жаңалық елең еткізді. Бұл не десек, Еуропа құрт-құмырсқаны тағам ретінде пайдалану жайлы қарар қабылдады. Шешім кәрі құрлықта биыл қаңтар айының соңында күшіне енді. Жаңа шешім үй тарақандарын, құрттар мен жәндіктердің дернәсілдерін және шегірткелерді жеуге, тағамдық қоспа есебінде пайдалануға рұқсат беріп отыр.
20 Ақпан, 2023