Оқи отырыңыз
Қазақстанда заңсыз жүрген шетелдіктер елден шығарылды
Қазақстанда «Нелегал» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Төрт күн ішінде елде заңсыз жүрген 38 шетелдік анықталып, шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Қазан, 2022
Француздар қымбатшылыққа қарсы шеруге шықты
Парижде 150 мыңға жуық тұрғын күнкөрістің қымбаттауына қарсы наразылық шеруіне қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz Риа Новостиге сілтеме жасап.
17 Қазан, 2022
Қазақстанда балық 15%-ға қымбаттаған
Қазақстанда бір жыл ішінде балық 15%-ға күрт қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Қазан, 2022
Кеншілер қаласының жеткіншектері үшін қосымша білім беруге арналған мамандандырылған мектеп ашылды. Жас құтқарушылардың дағдысын жетілдіруді мақсат тұтқан оқу ұйымы Балалар жылы аясында өміршең етіліп отыр.
17 Қазан, 2022
Семейдегі физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Мектеп: жеке тұлғаны тәрбиелеу» облыстық семинар-практикумы өткізіліп, екі күнге жалғасқан іс-шарада Абай облысы білім басқармасының, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің мамандары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, кітапханашылар қатысып, білім берудің заманауи үрдісіне қанықты.
17 Қазан, 2022
12 мыңнан астам кәсіпкер бизнес-идеяларын іске асыруға грант алды
Биылғы 1 қазандағы есеп бойынша Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде өз ісін ашуға 400 АЕК-ке дейінгі мөлшердегі гранттарды 12,1 мың адам алды, оның 7,9 мыңы (65,3%) – ауылдық жерлердің тұрғындары.
17 Қазан, 2022
Абай облысында ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың қордаланған мәселесі аз емес. Барлығына теңдей қолайлы ортаны қалыптастыруға байланысты ұсыныстар мен тілектерді өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев тыңдап қайтты.
17 Қазан, 2022
Ел аузында қалған ескі сөздерде ұлттың қамын жеген асыл бабаларымыз аз болмаған.
17 Қазан, 2022
Қияндағы Запорожье ауылында тәулігіне 450 тоннаға дейін ұн тартуға қарымы қаптал жететін жаңа диірмен ашылды. Кәсіпорын өнімін еліміздің түкпір-түкпіріне жөнелтумен қатар, аудандағы сауда орындары арқылы халықтың ұнға деген сұранысын өтемек.
17 Қазан, 2022
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитінде түрлі елдердің өкілдері өздерін жалпы азиялық қауіпсіздікті қалыптастыру процесіне мүдделі қатысушылар ретінде көрсетті.
17 Қазан, 2022
«Sarap»: Жаңа саяси дәуірге қадам
«Sarap» эксперттік клубы Философия, саясаттану және дінтану институтының саяси зерттеулер орталығымен бірлесіп «Президент сайлауы: жаңа саяси дәуірге қадам» тақырыбында аймақтық отырысын Алматы қаласында өткізді. Кезектен тыс президент сайлауы, елдегі реформаларға қатысты өзекті мәселелерді арқау еткен жиында сарапшылар сайлаудың саяси жүйедегі рөлі, саяси науқан барысындағы инновациялар мен өзгерістер, ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
16 Қазан, 2022
«Amanat» партиясының орталық аппаратында Мұнай-газ саласы комитетінің алғашқы отырысы өтті. Жиын барысында комитеттің құрамы мен ережесі бекітілді.
16 Қазан, 2022
Жетісулықтарға Талапты ауылы жайлы әңгіме бастай қалсаңыз, тіл үйірер картобын бірден еске салады. Көксу ауданына қарасты елді мекеннің бір тірлігі сол көкөніспен байланысты. Қараңызшы, биылдың өзінде 11 510 гектар жерге картоп егіп, оның 500 гектарын жинап үлгеріпті. Одан 12 мың тоннаға жуық өнім алынған. Осы игілікті істің басында «Нұрдымақын» шаруа қожалығы тұр. Біз арнайы егін басына барып, бірнеше қожалықтың тыныс-тіршілігімен танысып қайттық.
16 Қазан, 2022
Биыл қыркүйек айында Қостанай облысы Әулиекөл ауданында болған алапат өртті сөндіруге белсенділік танытқандар Президент атынан мемлекеттік марапаттарға лайық деп танылды. Солардың қатарында Қарулы Күштердің жауынгері, әскерге борышын өтеуге келгеніне небәрі төрт ай болған Александр Флейтлинг те бар.
16 Қазан, 2022
Еңбек нарығы және цифрлық технология
Халықаралық еңбек ұйымының болжамына сәйкес әлемдік еңбек нарығындағы пандемиядан кейінгі ахуал жуық арада қалпына келе қоймайды. Пандемиядан кейінгі дағдарыс мемлекеттер мен әртүрлі санаттағы жұмысшылардың қаржылық және әлеуметтік жағдайына нұқсан келтіруде.
16 Қазан, 2022
Мемлекет және қоғам қайраткері Шәмша Беркімбаеваның туғанына 80 жыл толуына орай Алматыда бірқатар маңызды іс-шара өтті. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті жанындағы Студенттер үйіне, оқу орнындағы «Ақтұмар» мұражайына, Білім-инновация қыздар лицейіне ұстаз есімі берілді.
16 Қазан, 2022
Ұлтты жүрекпен сүйіп, оған тегеурінді мінезбен қызмет ету керек деген қағида Жиенхан ағаның бойына жарасып тұратын. Тірісінде қоғамнан лайықты бағасын алып, соңынан түгесілмес қазына түзіп кету – екінің бірінің басына бұйыра бермейтін бақ. Ақсу өлкесінің, тұтас Кереку өңірінің тәуелсіздіктен кейінгі рухани дамуында Жиенхан Қаманайдың қалдырған қолтаңбасы ерен.
16 Қазан, 2022
Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт – жас күнде көрген өнеге. Мұны қазақтың көрнекті қаламгері Жүсіпбек Аймауытұлы айтқан еді. Осы өнеге көрсетуде ұлт қандай қарекет етіп жатыр? Биыл жетісулықтар кішкентайларға арнап әртүрлі іс-шара ұйымдастырған. Бұл ретте Балалар жылына баса мән берген көксулықтардың үлесі мол.
16 Қазан, 2022
Паллиативті көмекке зәру балдырғандар
Адамзат үшін «Ахиллестің өкшесі» – бала. Тағдыр атты тарғыл ит осы жанды жерден қапқанда, өмірін сәбиінің садақасына байлап, Тәңірінен тек перзентіне ғұмыр сұрай жалбарынбайтын жұмырбасты пенде кем, сірә. Мойынға бұршақ тағып, тілеп алған шикіөкпенің дін амандығына мына дүниенің бар байлығы татымайды. Ал ауыр дертке шалдығып, жазмышы келте кембағал балаларға мойын бұрған біреу бар ма?
16 Қазан, 2022
Қолөнер – туризмнің ажырамас бөлігі
Алматыдағы Орталық мемлекеттік музейде өткен Халықаралық қолөнершілер форумы осы кәсіппен шұғылданатын еліміздің ең таңдаулы шеберлері мен шетелдік сарапшылардың басын қосты. Форумға Қазақстанның барлық аймағынан, сонымен бірге Еуропа мен Орталық Азия елдерінен 150-ден аса шебер-қолөнерші қатысты. Қазақстан қолөнершілерін толғандырар мәселе көп, сондықтан халықтық қолданбалы өнер өкілдері кездескен жерде жиынның іскерлік сипат алатыны белгілі. Себебі қолөнершінің қай өңірден екеніне қарамастан, олардың өнеріне демеу болып, құшақ жайып қарсы алатын алаңдар аз, ақысыз қатысатын көрмелер, кәсібін кеңейтуге қолайлы әлеуетті әріптестер жоқтың қасы, билік орындары қажет болған кезде ғана оларды іздеп, антураж ретінде пайдаланып, басқа уақытта ұмыт қалдыруға үйренген, ал халықаралық алаңдағы қызу сауда туралы сөз қозғаудың өзі артық.
16 Қазан, 2022